Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет295/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   386
Ішкі мүшелердің,
жүйке жүйесінің және қимыл-тірек 
аппаратының зақымдалуы,
екіншілік мерезбен ауыратын 
науқастарда, әсіресе трепонемалар қанда анықтағанда, байқалады. 
Бірақ бұл өзгерістер органикалық емес, функциялық болып, тез 
өтеді. Клиникалық айқын белгілер бауыр асқазан, жүрек-қан 
тамыр жүйесін, сүйек қабын және сүйек тінін зақымдағанда 
анықталады. 
Бауырдың зақымдалуы
екіншілік мерездің бастапқы 
кезеңінде мерездік септицемияның көрінісі ретінде, клиникасы 
сарысулық гепатитке ұқсас, бірақ диспепсиялық бұзылыстары 
мен сарғыштығы айқын болмайды. Бауыры ұлғайған және 
ауырсынулы болып келеді. Қанда билирубин деңгейі, зәрде өт 
пигменттері 
ұлғайған. 
Бауыр 
қызметі 
(антитоксикалық, 
пигментті, көмірсулық және т.б.) бұзылған. 
Жиі талақта ұлғайған 
болып келеді. Ағымы қатерсіз, тез 
шешіледі. Бауырдың зақымдалған уақытында, бүйрек те 
зақымдалады. Оларға қатерсіз протеинурия (зәрде белок 0,1–
3,0%) және липоидты нефрозды жатқызады. Уақытша жүрек 
айну, кекіру, тәбетінің жойылуы, асқазан-ішек дискинезиясымен 
көрінетін 
арнайы гастрит
сирек кездеседі. 
Жүйке жүйесінің 
өзгерістері
ұйқының бұзылысы, күшейтілген тітіркенгіштік, 
невротикалық реакциялар ретінде көрініс береді. Кейбір 


науқастарда жасырың мерездік менингит немесе жеделдеу 
базальды менингит емді бастағаннан кейін қатерсіз ағыммен 
аяқталуы мүмкін. Біріншілік және екіншілік мерездік басында
тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы
сүйектердің, әсіресе 
ұзын түтікше сүйектердің, ауырсынуымен, түнгі уақытта үдей 
түседі.
Олар 
dolores osteocopi nocturni
деп аталады, сүйек тіндерінің 
деформациясы 
байқалмайды. 
Кейде 
екіншілік 
мерезде 
периоститтер 
және 
остеопериоститтер 
болып, 
түнгі 
ауырсынулармен көрініс береді. Арнамалы ем периоститтің және 
сүйек тінінің барлық зақымдалуларын шешеді. Басқа іш 
мүшелердің сирек зақымдалуларынан құрғақ плевритті, отитті, 
ретинитті атап кетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет