Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет65/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   386
Беткей стафилодермиялар: 
-
остиофолликулит; 
-
фолликулит; 
-
тұрпайы сикоз. 
Терең стафилодермиялар: 
-
терең фолликулит; 
-
декальвирациялық фолликулит; 
-
фолликулит және іріңдеген перифолликулит; 
-
фурункул; 
-
карбункул; 
-
гидраденит. 
Беткей стрептодермия

-
стрептококкты импетиго; 
-
құрғақ стрептодермия (беттің қарапайым теміреткісі). 
Терең стрепродермия: 
-
тілме;
-
эктима. 
Беткей стрептостафилодермия: 
-
тұрпайы және аралас импетиго. 
Терең стрептостафилодермия: 
-
созылмалы жаралы-вегетациялық пиодермия; 
-
Шанкр пішінді пиодермия. 
Стафилококкты пиодермиттерде
процесс көбіне шаш 
фолликулдарының түбінде, тер және май бездерінде дамиды. 
Іріңдіктер жартылай шеңбер пішінді келеді, қабырғалары қалың, 
керілген, ішінде қою жасыл-сары түсті іріңі бар; іріңдік 
ортасында көбінесе түк болады. Балаларда стафилококктар май-
шашты фолликуллармен және тер бездерімен байланыссыз беткей 
көпіршіктер түзілуіне себеп болады. 
Стрептококкты пиодермиттерде
май-шашты фолликулдар 
мен тер бездері процесске қатыспайды. Негізінен зақымданулар 
беткей, іріңдіктері жалпақ пішінді, экссудаты серозды-іріңді, 
қабырғалары жұқа, әжімделген (фликтена) болады. Бұл іріңдіктер 
перифериялық өсімге бейім келеді. 


Беткей пиодермиттер (фликтеналар) эпидермис деңгейінде 
дамып, өзінен соң уақытша пигментация қалдырады. Терең 
пиодермиттер дерманы, кейде тіпті тері асты шел май қабатын 
зақымдап, жазылған соң тыртық не тыртықтық атрофия 
қалдырады. 
Екіншілік пиодермия түрлі тері ауруларының коккты 
инфекциялармен асқынуында дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет