Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет67/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   386
 
Стафилококкты сикоз
.
Стафилококкты сикоз (тұрпайы) созылмалы қайталамалы 
пиодермит болып табылады, тек ер адамда кездеседі 
(17-сурет).
Остиофолликулит пен фолликулит түрінде мұрт, сақал өсетін 
жерде, сирек мұрынның ішкі жағында, қабақ аймағында, қолтық 
астында 
басталып, 
процесс 
жайылады. 
Бірен-саран 
остиофолликулиттің өзі терінің 
көптеген аймағын қамтуы мүмкін. 
Остиофолликулиттің айналасында 
қабыну 
инфильтраты 
дамып, 
соның нәтижесінде зақымдалған 
аймақ тығыздалып, көкшіл-қызыл 
түске енеді, кейде ауырсынумен 
жүреді. Шеттерінен жаңа шаш 
қапшықтары зақымданады да, 
ошақ үлкейе береді, көптеген 
остиофолликулиттер 
бірігіп, 
а б
16-сурет. Фолликулит:
а – жекелеген элементтер; б – жайылған процесс 
 
 17-сурет. Стафилококкты сикоз. 


біртұтас пустула конгломератын түзеді. Іріңдіктер жарылып, 
бетінде шашпен жабысатын лайлы-сары түсті қабық түзіледі. 
Егер зақымдалу ошағындағы шашты алып тастасақ, оның 
түбіндегі желатин тәрізді муфтаны көреміз; бұл ірің сіңірілген 
шаштың эпителиальды қынабы. 
Әдетте сикоз бірде өршіп, бірде басылып ұзақ уақытқа 
созылады. Бұл науқастың психикасын тежейді, әсіресе бетте 
орналасқан 
болса. 
Ауру 
бір 
жағдайларда 
субъективті 
өзгерістерсіз, бір жағдайларда қыздыру, жеңіл қышыну немесе 
түйреу сезімімен жүреді. Жедел ағымды инфильтративті іріңдеген
трихофитиядан (“паразитарлы сикоз”), өздігінен емделуге бейім 
тығыз және аса терең түйіндерден, ошақ шеттеріндегі шаштағы 
саңырауқұлақ элементтерінен (эктотрикс тобынан) ажырату 
керек. Егер сикоздың экзематизациясы болса, клиникалық 
көрінісі (гиперемияның негізгі ошақтан тысқары таралуы, 
экссудативті папулалардың пайда болуы) іріңдеумен асқынған 
экземаны еске түсіреді. Мұндай жағдайларды диагностикалағанда 
остиофолликулитте экземаға тән шынайы полиморфизмнің 
болмауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет