МІНЕЗДЕМЕ Гіміш Айбота 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ақпараттық технологиялар факультетіндегі «Ақпараттық жүйелер» мамандығының грант иегері атанды және білім алуын 2021 жылы сәтті аяқтады. Студент күндізгі қазақ бөлімінде, ақпараттық жүйелерді дамыту мамандануы бойынша білім алды.
Оқу барысында Гіміш Айбота өзін тек жақсы жағынан көрсетті. Сабақтарға белсенді ат салысып, жалпы алғанда оқу үлгерімі тек «жақсы» және «өте жақсы» бағаланып, оның ішінде 80 %-ы «өте жақсы» бағаларға иеленді. Тапсырмаларды тиянақты, уақытылы тапсыратын санаулы студенттердің қатарында болған. Оқу программасының стандарттарынан бөлек әрдайым қосымша ізденісте жүрген студент. Сабақ үлгерімдерінен бөлек Айбота активист студенттердің қатарынан болып келді. Факультеттің, университеттің мақтанышы , қоғамдық өмірге белсене ат салысты.
Жеке қасиеттеріне тоқтала кететін болсақ: сабырлы, жауапты, тиянақты, кез келген істі дер кезінде орындайды, түсіну қабілеті өте жақсы дамыған, лидерлік қасиеттерге ие, қоршаған адамдармен тез тіл табыса алады, логикалық ойлау қабілеті ерекше, көп функцияналды. Алдыға нық мақсатын қойып, сол қадамдармен міндетті түрде жететін студент.
Біздің ойымызша, Гіміш Айбота болашақта өзін білікті маман ретінде көрсетіп, елінің патриоты ретінде Қазақстанның дамуына зор үлес қосатын азаматшалардың бірі болады.
Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Б.А.Урмашев
Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж.Мусиралиева