Б. Б. Жахина, А. К. Курманова Қазақ тілін оқыту әдістемесі: бақылау-пысықтау материалдары



бет3/25
Дата24.07.2023
өлшемі168,9 Kb.
#104712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулықты 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығарды.

Әмір Рақыш – қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, п рофессор. Мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері: «3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық», «10-класқа сөз құрамын оқыту», «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде», «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы», «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту», «Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау», «Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау», «1-класта қазақ тілін оқыту»; «1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»; «Грамматика, емле, тіл дамыту»; «Қазқ тілі»; «Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық»; «Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті» 1-класына арналған»; «Қазақ тілі. 2-класқа арналған»; «Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған»; «2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау»; «Қазақ тілі орыс мектептері үшін»; «Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы»; «Қазақ тілі. 3- класқа арналған»; «3-класс. «Қазақ тілі» оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)»; «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған)»; «Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық»; «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған».

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым, қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазған, «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Бастауыш мектеп», «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалар жазған. Сауат ашу құралы ретінде жазылған « Оқу құралынан » бастап, « Әліп-би» мен « Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.

Басымов Қажым - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі. Оқыту әдістеріне байланысты «Грамматика оқыту жөнінде », « Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді » деген мақалалары бар.

Бегалиев Ғали - әдістеме ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.
«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы »(1940), «Әріп, дыбыс,буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау.» «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектері бар.


Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар.

Жиенбаев Сейіл – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет