Б. Б. Жахина, А. К. Курманова Қазақ тілін оқыту әдістемесі: бақылау-пысықтау материалдары



бет3/25
Дата24.07.2023
өлшемі168,9 Kb.
#104712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулықты 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығарды.

Әмір Рақыш – қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, п рофессор. Мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері: «3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық», «10-класқа сөз құрамын оқыту», «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде», «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы», «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту», «Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау», «Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау», «1-класта қазақ тілін оқыту»; «1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»; «Грамматика, емле, тіл дамыту»; «Қазқ тілі»; «Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық»; «Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті» 1-класына арналған»; «Қазақ тілі. 2-класқа арналған»; «Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған»; «2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау»; «Қазақ тілі орыс мектептері үшін»; «Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы»; «Қазақ тілі. 3- класқа арналған»; «3-класс. «Қазақ тілі» оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)»; «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған)»; «Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық»; «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған».

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Байтұрсынұлы Ахметалғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым, қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазған, «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Бастауыш мектеп», «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалар жазған. Сауат ашу құралы ретінде жазылған « Оқу құралынан » бастап, « Әліп-би» мен « Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.

Басымов Қажым - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі. Оқыту әдістеріне байланысты «Грамматика оқыту жөнінде », « Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді » деген мақалалары бар.

Бегалиев Ғали - әдістеме ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.
«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы »(1940), «Әріп, дыбыс,буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау.» «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектері бар.


Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар.

Жиенбаев Сейіл – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет