Б. Б. Жахина, А. К. Курманова Қазақ тілін оқыту әдістемесі: бақылау-пысықтау материалдары



бет2/42
Дата07.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#20654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы – қазақ мектептері үшін қазақ тілі пәні мұғалімін даярлайтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілі пәні мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады.

Жоғарғы оқу орнында өтілетін «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау. Келешек маман теориялық білімі терең, практикалық іскерлік қасиеті жоғары, шығармашыл белсендігі дамыған, кез-келген жағдайдан шығуға жол табатын тиімді әдіс-тәсілді меңгерген, ойлай білу мәдениеті жоғары адам болуы үшін білім беру жүйесін жаңаша құру (модернизациялау) мәселесі көтеріліп отыр.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы – тілден берілетін теориялық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып беру. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы нені оқыту керек, қалай оқытқан дұрыс деген сауалдарға жауап іздесе, оқыту технологиясы қалай нәтижелі болады деген сұрақтың жауабын шешуге тырысады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін студентке меңгерту барысында осындай сұрақтардың шешімін табуға әрекет жасалады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні өзінің бастау негіздері ретінде білім беру философиясының, логиканың, лингвистиканың, психологияның, физиологияның т.б.ғылым салаларының жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін талдап-тану арқылы тиімді әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделеп, оны студенттерге меңгертуді көздейді. Сонымен байланысты, қазақ тілін оқыту әдістемесі студенттерге тіл мен ойлаудың байланыстылығын негізге ала отырып, ана тілін меңгерудің жаңа әдіс-тәсілдерін оқушыларға меңгерте алатын дағдыларды қалыптастыруды алдыңғы кезекке қояды.

Студенттер «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсын оқып меңгеру барысында оқушыларды тілдік фактілерді түрлі қырынан танып білуге дағдыландыратын әдістер мен тәсілдер жүйесін таниды. Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдауға үйрету жолдарын студент осы курсты толық меңгеру арқылы үйренеді.



Қазақ тілінің теориялық курстары мен педагогика және психология, физиология курстарынан алған білімдерін біртұтастыққа келтіре жүйелей отырып, студенттер практикалық шеберліктерін қалыптастырудың жолдарын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсы барысында қалыптастырылады. Сондықтан да «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының студентті маман ретінде шыңдауда алатын орны ерекше болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет