Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым. «Айман-Шолпан» жырындағы атақты Маман байдың ұрпағы. «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері жарық көрді.
Ұйықбаев Иманбай - әдіскер ғалым. «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар. «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі жарыққа шыққан.
Сарыбаев Шамғали – қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басқан ғалым. «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы», т.б. ғылыми мақалалары жарыққа шықты. «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» кітабы бар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
1. Қазақ тілін оқыту жайындағы алғашқы ғылыми еңбектер қай жылы жарық көрді?
А) 1935
В) 1941
С) 1945
D) 1960
Е) 1920
2. Тілдің «Лексика» тарауы мектеп оқулығы мен бағдарламасына қай жылы енгізілді?
1962
1957
1960
1949
1938
3. «Жаттығу тілден ұйымдастырылған сабақтың өте қажетті бөлімі және айырып қарауға болмайтын тарауы»,–деген пікірді қандай методист-ғалым айтқан еді?
С.Жиенбаев
Л.А.Виноградов
А.В.Текучев
Р.Лемберг
Х.Басымов
4. «Қиығын тауып қаламасаң, байлауын тауып ұстатпасаң, сөз бөлшектері сөгіліп кетеді»,– деген пікірді қай ғалым айтқан еді?
А.Байтұрсынов
С.Аманжолов
Р.Әміров
Қ.Жұбанов
М.Балақаев
5. Жаңа тақырыпты өтілген тақырыппен байланыстыра түсіндіруде салыстырмалы методтың маңызы зор екендігін айтқан методист ғалым кім?
А.Виноградова
С.Жиенбаев
А.В.Текучев
Р.Г.Лемберг
Х.Басымов
Достарыңызбен бөлісу: |