Б. Б. Жахина «Жоғары мектеп әдістемесі»


-дәріс Жаңартылған білім мазмұны: типтік бағдарлама және оқулық



бет22/30
Дата10.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#66910
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
zhogar mektep adistemesi

8-дәріс
Жаңартылған білім мазмұны: типтік бағдарлама және оқулық

Заманауи талаптарға сәйкес, бүгінгі бала, ертеңгі маман бәсекеге қабілетті болуы үшін барлық мектептер жаңартылған білім мазмұнына көшті.


Мемлекет басшысы 2011 жылы Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылы 12 жылдық мектеп толықтай қызмет етуі қажеттігін атап өтсе, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары қолға алынды.
12 жылдық білім беруге көшудің негізгі мақсаты - 5-6 жастағы балаларды 0-інші сыныпта оқыту және мектепалды даярлықтың бірыңғай үлгі бағдарламасын енгізу. 12 жылдық білімнің сызбасы 0 сынып + 11 сынып қағидасына сәйкес құрылды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі:
2016 жылы - 1 сыныптар;
2017 жылы - 1,2, 5,7 сыныптар;
2018 жылы - 1,2,3,6,7,8,10 сыныптар;
2019 жылы - барлық 1-11 сыныптар.
2015-2016 оқу жылында жаңартылған білім бағдарламасы республика көлемінде 30 пилоттық мектепте, тек қала ғана емес, ауылдардағы білім ордаларында да сынақтан өтті.
Жаңартылған білім мазмұнын енгізудің сәттілігін мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың бейімделген бағдарламаны жақсы қабылдауынан көруге болады. Сондықтан аталмыш бағдарлама 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектебіне енгізілді.
Жаңартылған білім мазмұнына көшуде дәстүрлі оқулықпен қатар цифрлық оқыту ресурстарын (ЦОР) қолданудын маңызы зор. ЦОР - оқыту барысында қолданылатын бейнематериалдар мен интерактивті сабақтар. Әрине, олар педагогты оқыту ісінен шеттетпейді. Ұстаз сыныптағы басты тұлға болып қала бермек. Алайда, бейнематериалдар мен интерактивті сабақтар мұғалімнің балаларға қажетті ақпаратты жеткізу міндетін айтарлықтай жеңілдетері сөзсіз.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1.Пәннің маңыздылығы;
2.Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.Үштілділік саясатты іске асыру;
4.Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10.Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет