Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

ӘОЖ 671.12 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ІШІНДЕ КҮМІСТЕН 
ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Биманова О.М. 
 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Атырау облысы 
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 
  
     
 «Қазақстан  тарихы»  пәні  Қазақстанда  өмір  сүретін  барлық  ұлттар  үшін  отан  тарихы.  Пән 
атауының  өзін  «Отан  тарихы»  деп  өзгертетін  уақыт  жеткен  тәрізді.  Қазақстанда  тұратынымыз 
шындық,  әрі  өзгенің  емес,  өз  еліміздің  тарихын  оқытатындықтан  ел  тарихының  жанға  жақын,  әдемі 
атаумен  аталғандығы  дұрыс.  Әлемдік  тәжірибеде  көптеген  елдер  өз  тарихын  «Отан  тарихы»  деп 
оқытады. Пәннің атауының өзгеруінде де көп мән болатындығын ескерген абзал. Атауды өзгертумен 
қатар  тарих  оқулықтары  қайта  жазылған  тұста  ұлттық  мәдениеттің  даму  тарихына  ерекше  мән 
берілуге  тиіс.  Рухани  мәдениет  тақырыбында  айтылмаған  деректерді  оқулыққа  енгізумен  пәнді 
оқытып-үйрету  барысында  ұрпақ  тәрбиесі  мәселесінде  көп  нәрсені  ұтарымыз  сөзсіз.  Ұрпағымыздың 
ұлт  мәдениетінің  кәусар  бұлағынан  сусындап  өсуі  ұрпақ  тәрбиесінде  кездесетін  көптеген 
қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Мәдениет тақырыбын қайта қарау барысында жазылмай 
қалған көптеген деректерді саралап, тек қазақ халқының ғана емес елімізді мекендеген барлық ұлттар 
мәдениетінің  тарихын  қағаз  бетіне  түсіріп,  ұсынуымыз  керек.  Әлемдік  мәдениетке  өлшеусіз  үлес 
қосқан тарихи жәдігерлерімізді ұлттық құндылық ретінде сақтаумен бірге ұлттық мәдениетімізді ұрпақ 
санасына сіңіріп өсіру кезек күттірмейтін жауапты іс.  
      
Өз  жұмысымда  қазақ  халқының  тұрмысында  ерекше  орын  алатын  күмістен  жасалған 
бұйымдардың  маңызына  тоқталмақпын.  Осы  тақырыпты  қозғаудағы  мақсатым  ұлттық  қолөнер 
бұйымдарының, оның ішінде күмістен жасалған бұйымдардың  халық арасында кеңінен насихатталуын 
жүзеге  асыру,  олардың  тарихи  маңызын  жойып  алмау  мақсатында  мемлекет  тарапынан  қолдау 
көрсетуге  ұсыныс  жасау,  ұлттық  мәдениетімізді  ұлықтау.  Халқымыздың  зергерлік  өнері  ұлттық 
мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. 
Қазақтарда зергерлік өнер ұрпақтан- ұрпаққа беріліп, өнер құпиясы мұқият сақталған. Зергерлер мен 
темір ұсталары сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын металдан, күміс пен мыс, темірден жасады. Бұл 
өнердің  техникалық  және  сәндік  бұйымдар  жасау  түрінің  басы  қола  дәуірінде  б.з.д.  II  ғасырда,  өмір 
сүрген  сақ-сарматтардың  дәстүрінен  және  үйсін,  кангуй,  ғұн  өнерінен  басталады.  Зергерлік 
бұйымдардың  пішіні  де,  бүтіндей  бөліктері  де,  материалы  мен  ондағы  өрнектері  де  сол  дәуірдегі 
наным-сенімге  байланысты  болды.  Ондағы  әшекейлік  тастар  мен  күмістер  күрделі  функцияларды 
атқарды. Зергер мен оның құралдарының ерекше бір сиқырлы күші бар деп есептелінді. Әсіресе көрік 
қасиетті  саналған.  Көргендердің  айтуы  бойынша,  зергер  жұмыс  бастамас  бұрын  өзіне-өзі  дем 
бергендей  әсерде  үнсіз  отырады  екен.  Зергерлік  ұйымдар  да  киелі  саналды.  Олар  «пәле-жаладан 
сақтайды, ауруды жазады, өнімді көбейтеді» деп есептелді. Қазақ зергерлері көбіне жасырын жұмыс 
істеп, өз өнерінің сырларын өз ұрпағына ғана үйретіп отырды.  
     
Қазақтың  әшекей  бұйымдары  –  халықтық  қолданбалы  өнеріміздің  ғана  емес,  бүкіл  ұлттық 
мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы – күмісті 
пайдаланды. Қазақ зергерлері  
күмістің жалтыраған түсін, әртүрлі пішіндер жасауға қолайлығын шебер пайдалана біліп, оған әртүрлі 
техникалық  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  нақыштау,  сіркелеу,  ойып  күмістеу  сияқты  шеберліктерді 
меңгерді.  
    
Зергерлер  алтын  мен  күміс,  жез  бен  мысты  кенінен  қолданған.  Солардың  арасында  көбірек 
қолданғаны  күміс.  Күмістің  тартымды,  сыйқырлы  қасиеті  бар  деп  есептелінген.  Күмістің  тіл-көзден, 
түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген. Сондықтан да үй шаруасындағы әйел 
ас  қамдаса  да,  бала  шомылдырса  да  қолынан  күміс  жүзігін  алмаған.  Ал  мұсылман  дінді  ер  адамдар 
күміс сақинаны Мұхаммет пайғамбардың жолы деп тағатын болған. Өйткені Мұхаммет пайғамбардың 
ер адамдарға алтын емес, күміс жүзік салыңдар деген уәжі болған.  
   
Өзіміз  жиі  баратын  Атырау  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайы  қорындағы  жинақталған 
дәстүрлі  өнер  коллекцияларының  ішіндегі  қайталанбас  туындыларды  бірі  –  күмістен  соғылған 
зергерлік  бұйымдар.  Халқымыздың  қанына  сіңген  рухани  кәсібі  –  күні  бүгінге  дейін  көрген  адамды 
бірден  өзіне  баурап  алар  хас  шебердің  қолынан  шыққан  –  әшекейлердің  түр-түрін  мұражайдан 
кездестіріп, осынша мұрағаттың халықтың  көзайымына  айналғанына  барған  сайын  қуанып шығамыз. 
Алтын  мен  күмісті,  асылтастар  мен  сүйекті  сән-салтанат  үшін  пайдаланған  ата-бабаларымыздың  осы 
бір  нәзік  те  күрделі  өнері  ғасырлар  құрдымында  кетпей,  кейінгі  ұрпақтарына  жетіп  отыр.  Бұл  өнер 
қазақ жерінде тым ерте дамып, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас ретінде жалғасын тауып келе 

102 
 
жатыр.  Өлкемізде жасау  тәсілі, өрнектелуі  және  пішіні жағынан  өзіндік  кәсіптік  мінездемесі,  стильдік 
жүйесімен  дараланған  шеберлік  дәстүр  қалыптасқан.  Асқан  танымал  шебер-зергерлердің  күмістен 
соғып, әртүрлі формадағы ұлттық нақышқа келтіріп жасаған күміс әшекей бұйымдары көненің көзіндей 
сақталған.  Атырау  жеріндегі  зергерлердің  қолынан  шыққан  әшекей  бұйымдар  өзгеше  бір  даралық 
мәнерімен,  әсемдігімен  ерекшеленеді.  Өлке  зергерлерінің  жасаған  білезіктері  жалпақ  болып  келеді 
және  күрделі әрленіп, ұлттық нақышта безендіріледі. Білезіктерге де сіркелеп түрлі нақыштар, оюлар 
салып, оның ішінде қошқар мүйіз байлықты, дәулетті шақырады деп ырымдап, ширату, өру техникасы 
арқылы әртүрлі тастармен әрлеп, топсалы немесе екі қолға қатар киетін етіп соқты. Қазақ жеріндегі 
әр  аймақтың  мәдениетінің  өзіне  тән  ерекшелігінің  барлығын  ескерсек,  күміс  бұйымдардың 
жасалуының да өзіндік ерекшелігі барлығын ескеруіміз керек.  
    
Күмістен  жасалған  бұйымдардың  тәрбиелік  мәніне  тоқталсақ,  алдымен  құстұмсық  жүзік  пен 
құдағи жүзік туралы сөз қозғағанымыз дұрыс.   Құстұмсық жүзікті бойжеткен қыздар таққан, бұл жүзік  
–  бақыттың,  тәуелсіздіктің,  құс  тәрізді  еркіндіктің  белгісі.  Дәстүр  бойынша  ұзатылып  бара  жатырған 
қызының  қолындағы  құстұмсық  жүзікті  анасы  шешіп  алып,  қыз  жасауымен  бірге  орамалға  түйіп, 
сандығына салып жіберетін болған. Бұл жүзік қыз жағдайының хабаршысы ретінде кейін қайтып келуі 
керек.  Сондықтан  қыздың  төркін  жағынан  оның  қал-жағдайын  білуге  барған  інілері  осы  құстұмсық 
жүзікті  қайтып  әкелсе,  қыздың  анасы  қатты  қуанып,  құдағайым  қызыма  өз  қызындай  қарайды 
екендеп, ауыл арасына кішігірім той жасаған. Яғни біздің түсінігімізде сәндік бұйым болып есептелетін 
жүзіктердің мағыналы мақсаты болатындығын ата-бабаларымыз ұстанған осы салттан көруге болады.  
       
Қазақ  халқының  салтындағы  құдағиларға  ұсынылатын  құдағи  жүзік  –  үлкен  сый-құрметтің 
белгісі.  Ол  басқа  жүзіктерге  ұқсамайды.  Екі  саусаққа  қатар  киілетін  екі  шеңберден  тұратын  жүзік 
үстіңгі  беті  біртұтас  болып  келетін  ұлт  өнеріндегі  бірегей  дүние.  Ерекшелігі  жас  жұбайлардың  жұбы 
жазылмасын,  екеуі бірігіп тату  отбасы  болсын  дегенді  меңзейді.  Құдағи  жүзікті  қалыңдықтың шешесі 
құдағайына  өзінің  қызына  мейіріммен  қарауы  үшін  және  құдандалы  екі  рудың  бір-біріне  ынтымағы 
үшін  сыйға  тартатын.  Құдағи  жүзік  –    адамдар  арасындағы  сыйластықтың,  адамдарға  көрсетілген 
ілтипаттың, құрметтің белгісі. Оның үстіне ел ішінде көптеген егде адамдар қолында құдағи жүзігі бар 
егде қайыненелерді көріп, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін бірден білетін 
болған.  Қазақ  халқының  зергерлік  әшекей  бұйымдары  ата-бабаларымыздың  ұлттық  қолөнер 
мәдениетін  паш  ететін  асыл  мұрасы,  ұлттық  мәдениетіміз  бен  өнеріміздің  айнасы  ғана  емес,  тұнып 
тұрған тәлім мен тәрбиенің сыр сандығы екендігін осыдан көруімізге болады. Қазіргі уақытта осы бір 
салт-дәстүр қайта айналып өмірге енсе қандай тамаша болған болар еді.  
        
Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарханға 
қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде күмістен жасалған сақина болуға тиіс. 
Қазақтар  арасында  «Сақинаны  сәнге  салмайды,  ол  –  тазалыққа  таразы»  деген  нақыл  сөз  бар.  Бұл 
сөздің  төркіні  сақинаның  тек  сәндік  қана  емес,  гигиеналық та  қызмет  атқаратынын  аңғартады. Дана 
халқымыз  сақина  соғылатын  күміс,  алтынның  таттануға  ұшырамайтынын,  олардың  судың,  тамақтың 
тез  бұзылмауына  септігін  тигізетінін,  денсаулыққа  жағымды  әсер  ететінін  тым  ерте  байқап,  білген. 
Заманында  жас  келіншектер  нәрестесін  шомылдырарда,  жаялығын  жуарда,  тамақ  дайындарда 
ауылдағы қарт әжелер: «Қолыңа күміс сақинаңды салып ал, ол тазалыққа, адалдыққа жақсы», - деп 
ескерткен.  Нәрестені  қырқынан  шығарарда  оны  шомылдыратын  суға    күміс  теңгелерді  немесе  күміс, 
алтын  сақинаны,  білезікті  салған.  Сәби  шомылдырылып  болған  соң  сол  бұйымдар  сәбидің  кіндік 
шешесіне  берілген. Бұл  –    зергерлік  заттар  сәбиді қырқынан шығарушы әйелдерге  арналған  сыйлық 
қана емес, халқымыздың асыл заттардың қасиетін білгендігінен қалыптасқан дәстүр.  
       
Күмістің  өзіндік  әдемілігімен  қатар,  таңғажайып  емдік  қасиеті  де  көп.  Емдік  қасиеті  қазіргі 
медицинада  дәлелденген.  Ал  қазақ  емшілері  өте  ерте  замандарда-ақ  күмістің  қасиетін  ерекше 
бағалаған.  Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей 
бастапты.  Күмістің  ерекшелігі  сумен  әрекеттескенде  иондалып,  оның  құрамында  ұзақ  сақталады. 
Сондықтан  күміс  қосылған  су  ағзадағы  көптеген  зиянды  микроағзаларды  жояды.  Адам  ағзасының 
тұмау  және жұқпалы  ауруларға төтеп  бере  алмауының  себебі  иммундық  жүйедегі күмістің  азаюынан 
болады.  Күміс тек қана  ауру  тудыратын  элементтерді  жойып  қоймай,  ағзадан  зиянды  токсиндер  мен 
микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс 
істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт 
Бекер  күміс  иондарының  адам  ағзасындағы  жасушалардың  көбеюіне  әсер  ете  алатындығын 
дәлелдеген.  Ол  өзінің  ғылыми  кітабында  күміс  иондарының  қатерлі  ісік  ауруына  шалдыққан 
адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. 
Ал қазақ халқы күмістің пайдасын қағазға қаттап жазбағанымен күнделікті өмірінде біліп қана, 
тыныш  өмір  сүріп  жүре  берген.  Қазақтар  күмістің  емдік  қасиетінің  молдығын  біліп,  күмістің  тістің 
қызыл  иегін  зақымданудан  сақтайтынын,  түрлі  бактерияларды  жойып,  асқазан-ішек  жолдарын 
тазартатынын  білген.  Тамақ  ішуге  күміс  қасық  пайдалануға  мән  берілген.  Егер  қасық  жұмсақ 
қақталған  ақ  күмістен  жасалса  күміс  иондары  суға  бөлініп,  ерітінді  түрінде  ағзаға  сіңеді.  Қолданыла 

103 
 
келе күміс қасықтың жиегі мүжіле бастайды. Бұл ағзаның күміс иондарын қаншалықты пайдаланғанын 
көрсеткен.  Күміс  залалсыздандырушы  болып  та  есептеледі.  Күмісті  тек  медицинада  ғана  емес, 
косметологияда,  тіпті  бағбандар  саяжайларда  тыңайтқыш  ретінде  пайдаланса,  аспаздар  күміс 
қосылған  сумен  тағам  әзірлеген.  Асыл  заттардың  бәрі  жерден  шықса,  меруерт,  маржан  көлден  шы-
ғады, осы орасан байлықтың иесі адамзат баласының көңіл сарайынан талайларды тамсандырған өнер 
туындылары дүниеге келген. Солардың бірінің ішінде бірегейі болып саналатын зергерлік өнеріміздің 
қыры  мен  сыры,  осы  өнер  туындыларының  тәлімдік-тәрбиелік  мәні,  атақты  зергерлердің  кәсіптерінің 
ерекшелігі    туралы  жазылса,  тарихымыздың  бізге  беймәлім  болып  келген  жаңа  беттері  ашылып, 
«қызықсыз  тарих»  пәні  рухани  шөліңді  қандыратын,  өмірімізге  мәңгілік  азық  болатын  құнды  ғылыми 
пәнге айналар еді. 
 
 
 
ӘОЖ  94(574) “17/19”:32.019.5 
 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨЛКЕТАНУЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫНАН  
 
Нурманова А.К. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
Орал қаласы, aiaguz.nur90@mail.ru 
 
       Тәуелсіз  Қазақстанның  даму  жағдайында  өлкетанудың  маңыздылығы  жастардың  Отанға  деген 
сүйіспеншілік,  патриотизм  мәселесімен  тығыз  байланысты.  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  әлеуметтік 
жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  деп  аталатын  бағдарламалық 
мақаласында  «Өлкетануды»  орта,  техникалық,  кәсіби  және  жоғарғы  оқу  орындарына  міндетті  пән 
ретінде енгізуді ұсынған болатын [1, 4-6 б]. 
       Отан  тарихын  сапалы  оқыту  мен  оқушылардың  тарихи  санасын  қалыптастыру  бағытында  өлке 
тарихының  алатын  орны  ерекше.  Өйткені  өлке  тарихы  –  Отан  тарихының  бастауы.  Өлкетану  өзінің 
табиғаты  бойынша  көпфункционалды  және  қоғам  алдында  тұрған  әлеуметтік-экономикалық 
проблемаларды  шешуде  нақты  ықпалды  иеленеді.  Өлкетанудың  зерттеу  обьектісі:  табиғат,  жер, 
территория,  сол  жердің  халқы,  тарихы,  шаруашылығы,  өнері  мен  мәдениеті.  Өлкетану  ұғымын 
түсіндіруде  көптеген  авторлар  оның  белгілі  бір  территория  туралы  мағлұмат  жинау  ғана  емес, 
сонымен  қоса  бір  факторлардың  екінші  факторларға  әсерін  анықтау,  сол  жердегі  өмірдің  және 
табиғаттың  кешенді  көрінісін,  тарихи  тұлғалардың  патриоттық  ерлігін  насихаттап  дәлелдеуге 
ұмтылады.  Белгілі  ғалым-географ  А.С.Барков  өлкетануды  «кішкене  елтану»  ретінде  қарастырады  [2, 
85-86 б]. 
        Өлкетану  ғылымының негізгі  мәні  туған өлкені  әртүрлі  деректер  және  зерттеудің  соңғы  ғылыми 
әдістерін қолдана бақылаудың негізінде жүргізіледі. Оның теориялық басты тірегі жаратылыстану мен 
гуманитарлық  ғылым  саласы  болып  табылады.  Өлкетану  терминінің  ғылым  ретінде  дамуы  негізгі  үш 
бағытта:  біріншіден,  өлкетану  бұл  ғылымның  дамуының  заңды  белгілі  бір  өтпелі  кезеңі,  екіншіден, 
өлкетану  жергілікті  материалдарды  зерттей  отыра,  өткен  мен  болашақтың  ғылыми-зерттеу  дәстүрін 
көрсетеді,  үшіншіден,  өлкетану  ісі  ғылыми  қоғамдар  мен  жеке  ғалымдардың  қызметінде  көрініс 
табады.  
         Қазақ  елінде  тарихи  өлкетанудың  қалыптасуын  сонау  ерте  дәуірден  бастауымызға  болады. 
Қазақ халқында көнеден ауызша тарих айту дәстүрі атадан балаға мұра ретінде жалғасын тапқан. Бұл 
біздің  еліміздің территориясында  өмір  кешкен белгілі  бір  халықтың  есінде  өзінің өткен кезеңі  туралы 
жүйеленген  мәліметтер  мен  білімдер  жиынтығы  сақталып,  ұрпақтан  ұрпаққа,  үлкеннен  кішіге 
бірізділікпен анық жеткізіліп отыруының негізінде қалыптасқан  [3].    
        Өлкеміздегі тарихи  оқиғаларды  зерттеу  тарихи  өлкетанудың негізін  құрайды.  Өлкенің  тарихы  – 
бұл  өлкетанушылық  зерттеулерді талап  етеді, жұмыстың  ауқымдылығымен,  ұзақ  уақытты  қамтуымен 
де өте күрделі болып келеді. Тарихи өлкетану жалпы өлкетану ғылымының бір саласы ретінде өзіндік 
дара  тарихи  пән  болып  табылады.  Ол  сондықтан  екі  ерекшелікке  ие:  біріншіден  тарихи  оқиғаларды 
жекешелей қарайды, екіншіден, тарих ғылымының жеке саласы болып табылады. 
        Тарихи  өлкетанудың  негізгі  дереккөздерін  үш  сатыға  бөлуге  болады:  материалды  дереккөздер 
(археологиялық,  архитектуралық,  өнер  ескерткіштері  және  т.б), жазбаша  және  ауызша  дереккөздер. 
Осы  аталған  дереккөздерді  жақсылап  меңгеру,  материалды  мәдениеттің,  жергілікті  ескерткіштердің 
тарихи құндылығын уақытша анықтауға үйрену қажет. Өлкетануды ұйымдастырудың бірнеше түрлері 
бар:  мемлекеттік,  мектептік және  қоғамдық.  Мемлекеттік  өлкетанумен  өлкелік  мұражайлар,  ғылыми-
зерттеу  мекемелері  айналысса,  мектептік  өлкетануда  туған  өлкені  зерттеуде  оқушылар  басты  рөл 
атқарады. Мектептегі өлкетануда басты екі салаға маңыз беріледі. Біріншіден, туған өлкені жан-жақты 

104 
 
зерттеу  және  өлкетанулық  материалдарды  жинақтау;  екіншіден,  жинақталған  материалдарды 
мектептегі  тарих  пәнін  оқытуда  пайдалану.  Өлкетану  материалдарын  пән  сабақтарында,  таңдау 
курсында, факультативтік сабақтарда, сыныптан тыс тәрбие жұмысында, оқушылардың түрлі ғылыми 
қоғамы  жұмыстарында  кіріктіре  пайдалану  нәтижесінде,  бекіту  кезеңінде  негізгі  мектеп 
оқушыларының білімі мен тәрбиелік деңгейлерін өсіруге маңыз беріледі. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі 
күндегі  өзгерістер  Отандық  тарихтан  оқу  процесінде  оқытудың  ғылыми  және  әдістемелік  деңгейін 
көтеруді талап етіп отыр. Сондықтан жоғарғы оқу орындарында өлкетанудың элективті курсы ретінде 
жүруі  Отан  тарихын  өлке  тарихы  арқылы  тануға  негіздейді.  Өлкетануды  ұйымдастырудың  қоғамдық 
түріне  жергілікті  кәсіби  ғалымдарымыздың  өлке  тарихынан  сыр  шертетін  ғылыми  еңбектері  мен 
ізденістері мысал бола алады [4, 3-5б]. 
Ежелден Еділ мен Жайық бойын ен жайлаған ерекше өңірде із қалдырған алма-ғайып заманалар 
мен  дүрбелең  оқиғалар,  ел  қамы  үшін  жанын  жалау  тұтқан  тұлғалар,  аңызы  астарласқан  ауызша 
деректемелерге бай Қазақстанның батыс аймағында бұл күндері дәстүрлі байланыстар жаңа арнасын 
тауып, жандана  түсті.  Туған  елі мен жер  тарихына  қатынасты  өзіндік  ой-көзқарастарымен,  тиянақты 
ғылыми  ізденістерімен  батыс  өлке  тарихының  кейбір  аңтаңдақ  беттерін  ашып  көрсетуде,  Батыс 
Қазақстан  облысының  тарихи,  саяси,  экономикалық,  ұлттық-этнологиялық,  демографиялық, 
археологиялық  ахуалының  дамуын  танып-білуде  И.Кенжалиев,  Б.Қ.Бірімжаров,  Т.З.Рысбеков, 
Ә.Қ.Мұқтар,  М.Н.Сдыков,  Ұ.Т.Ахметова  сынды  кәсіби  тарихшы-ғалымдарымыздың  еңбектерін 
атауымызға болады.  
         Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша 
зерделеуге  мүмкіндік  берді.  Осыған  орай  бүгінде  еліміздің  тарихында  өзіндік  терең  із  қалдырған 
тарихи оқиғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында ғылыми-зерттеу жұмыстары 
жүргізілді. Әр кезеңде тарихи тағдырлары үздіксіз бұрмаланып келген жеке тұлғалар, тарихи оқиғалар 
туралы  тарихи  шындықты  қалпына  келтіру  бүгінгі  ұлттық  тарихымыздың  қалпына  келуі  үшін  де  аса 
қажет. Қазақстанның көп ғасырлық тарихында азаттықты сақтауға ұмтылған ұлт-азаттық қозғалыстар 
аз  болған  жоқ.  1836-1838  жылдардағы  Кіші жүз  қазақтары  көтерілісінің тарихын  зерттеуге,  көтеріліс 
басшыларының  іс-әрекеті,  Бөкей  Ордасының  құрылуы,  шаруашылық  өмірі,  отарлық  езгінің  өршуі,  ел 
билеушілерінің  жер  саясаты,  қазақтар  наразылығы  мұрағат  құжаттары  мен  халық  фольклоры 
материалдарын  пайдаланған  И.Кенжалиевтің  «Исатай-Махамбет»  атты  еңбегі.  Ғалым  Кіші  жүздегі 
қазақтардың  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегі  мен  30  -  жылдарында  күйзеліске  ұшырау  себептерін 
анықтап, патша үкіметінің қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайын әлсіретуге бағытталған шараларын 
көрсетеді.  Оның  соңы  азаттық  күреске  ұласқандығы  дәйекті  дерек,  жүйелі  ой  негізінде  сараланып, 
салыстырмалы  негізде  дәлелденді.  Ғалым  еңбегінің  өзектілігі  мұрағат  материалдарының  молдығы, 
ауызша  деректердің  мұрағат  деректерімен  сәйкестілігінде  өлке  тарихын  ұрандаудағы  үлесі  болып 
табылады  [5,  25-29б].  И.Кенжалиев  1836-1838  жылдардағы  көтеріліс  тарихына  байланысты  құнды 
дерек  ретінде  азаттық  қозғалыс  басшысының  бірі  М.Өтемісұлының  жыр-толғауларын  шебер 
пайдаланған.  Көтеріліс  себептері,  оған  белсенді  қатысушылардың  көзқарастары    Махамбет 
шығармаларында анық көрініс табады. Соған орай автордың «Махамбет толғаулары» деген еңбегінде 
қазақ  поэзиясында  өшпес  із  қалдырған  ұлы  тұлға  Махамбет  шығармашылығына  тоқтала,  оның 
толғауларын  ғылыми айналымға қосқан [6].            
         Қазақстанның  ауыл  шаруашылығының  дамуында  еліміздің  батыс  өлкесі  (Батыс  Қазақстан, 
Ақтөбе,  Атырау,  Маңғыстау  облыстары)  айтулы  үлес  қосқан  болатын.  Оның  айқын  дәлелі  Батыс 
Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда мал саны өсіп, егіншілік жоғары дәрежеде 
дамып, нәтижесінде, бұл өлке ірі аграрлық-экономикалық аймақ дәрежесіне көтерілді. 70 жылдардың 
аяғы – 80 жылдардың басында Батыс Қазақстан аймағы республикалық ауыл шаруашылығы жиынтық 
өнімін өндіруде астық дақылдары бойынша 10 пайыз, ет өндіру 15, жүн 24 пайыз, сүт өндіру 10 пайыз 
үлеске ие болды. Республика жағдайындағы ауыл шаруашылығына қатынасты жетістіктер мен күрделі 
қарама-қайшылықтар,  тежелу  процестері  Батыс  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығына  да  тән  еді. 
Қазіргі  егемендік  және  тәуелсіздік  жағдайында  бұл  ауыл  шаруашылығының  дамуына  сәйкес,  тарихи 
күрделі  процестерді,  қоғамдық-саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  және  әлеуметтік-
демографиялық  өзгерістерді  шынайы  тұрғыда  зерделеу,  оның  оң және теріс  ықпалдарын  жан-жақты 
ашып көрсету, жас ұрпақты отан сүйгіштікке, сол кезеңде еңбек еткен ата бабалардың салт дәстүрлері 
рухында  тәрбиелеу  мәселелерін  зерттеу  тарих  ғылымының  алдында  тұрған  міндеттердің  біріне 
айналды. Міне осы мәселе Б.Қ.Бірімжаров зерттеулерінде арнайы зерделенді. Ғалымның  2005 жылы 
жарық  көрген  «Батыс  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  1946-2000  жылдарда»  атты  көлемді 
монографиясында  ауыл  шаруашылығының  дамуының  негізгі  бағыттарына  ғылыми  тұжырымдамалық 
талдау  жасаған.  Еңбекте  60-70  жылдардағы  ауыл  шаруашылығы  дамуының  жетістіктері,  негізгі 
факторлары,  сонымен  қатар  70-  ші  жылдардың  екінші  жартысы  мен  -  80-ші  жылдардағы  ауыл 
шаруашылығының  дамуындағы  негізгі  дағдарыс  құбылыстарының  себептері,  қайта  құру  және 
тәуелсіздік  жылдарындағы  ауыл  шаруашылығы  дамуының  реформалық  жолдары,  ауыл-селолардағы 

105 
 
әлеуметтік  дамудың  жетістіктері  мен  қарама-қайшылықтары,  қиындықтары,  әлеуметтік  саланың 
дағдарысын  нақты  зерделеніп  көрсетілген.  КОКП  ОК  1965  жылғы  наурыз  Пленумының  шешімдеріне 
сәйкес  қабылданған  жаңа  аграрлық  саясаттың  негізгі  бағыттарының  Батыс  Қазақстан  облысы,  оның 
ішінде  Жәнібек,  Орда  аудандарының  шаруашылықтарында  ауыл  еңбеккерлерінің  қол  жеткізген 
табыстары нақты тарихи құжаттармен, мұрағат материалдарымен көрсетіледі. Әсіресе, 70 жылдардың 
ортасында  «Куйбышев»,  «Тасқұдық»,  «Теңдік»,  «М.Мәметова»  кеңшарларының  аграрлық  секторды 
дамытуда  қол  жеткізген  табыстары  дараланып,  мал  шаруашылығын  дамытуда  ірі  жетістіктерге  қол 
жеткізген 
малшы-шопандардың, 
еңбек 
озаттарының, 
осы 
кеңшарларда 
ұйымдастырушы-
басқарушылық  қызметтерді  жүзеге  асырған  басшылардың  еңбектері  жеке-дара  сараланып,  соғыстан 
кейінгі  жылдарындағы  облыстық  партия  комитеті  қоғамдық-бұқаралық  ұйымдар  арқылы  өлкенің 
экономикасы  мен  мәдени-тұрмысын  қалпына  келтіру,  дамытуға  бағытталған  шаралары,  қоғамдық-
бұқаралық  ұйымдардың  ішіндегі  жергілікті  Кеңестердің,  комсомол  ұйымдардың,  нарықтық  қатынасқа 
көшу  кезеңінде  ерекше  маңызға  ие  болған  шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  әдісі  –  шаруа 
қожалықтарының дамуы, ұжымшарлар мен кеңшарларды қайта құруға байланысты солардың негізінде 
құрылған агроқұрылымдардың қалыптасуы толыққанды тың материалдармен көрсетілген [7, 6-8 б].     
          Өзіндік зерттеу нысаны ретінде республикамыздың қоғамдық-саяси өмірі мәселелерін, олардың 
қатарында  ең  алдымен  жергілікті  кеңестердің  қалыптасу,  даму  және  нақтылы  қызметі  тарихы  мен 
Қазақстан тарихы ғылымының келелі мәселелері жөнінде толыққанды зерттеу жұмыстарын саралаған 
ғалым Т.З.Рысбеков болды. Ол Қазақстанның Батыс өңірінің тарихының бұрмаланған мәселелерін өмір 
шындығына  сай  зерттеуге  өзіндік  үлес  қосып  келеді.  Бұған  «Өскен  өлке  тарихы»,  «Бөкей  Орда 
тарихы»,  «Тарихпен  тілдесу»,  «Батыс  Қазақстандағы  халық  ағарту  тарихының  очерктері»  тағы  да 
басқа  зерттеу  еңбектері  мен  оқулықтары  дәлел  бола  алады.  Өлке  тарихына  байланысты  тың 
деректемелерді  «Этюды  истории  родного  края»  еңбегінен  кездестіруімізге  болады.  Ғалымның 
еңбегінде Батыс Қазақстан өңіріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне, Батыс Алашорда үкіметінің 
құрылуына,  Алаш  қайраткерлері  Алашорда  ардақтыларын  алғаш  айыптау  мәселесіне,  мемлекеттік 
даму  мәселелерімен  бірге  жеке  адамдардың  өмірі  мен  қызметіне  (С.Бабаджанов,  Ж.Досмұхамедов, 
О.Исаев)  қатысты  мәліметтері  құнды  дереккөздері  болып  саналады.  Тарихшы-ғалым  аймақтағы 
қалалардың  тарихын  зерделеп,  Орал  қаласының  пайда  болу  тарихына  байланысты  тың  деректерді 
тұжырымдап,.  сонымен  қатар  Кіші  жүздегі  қазақтар  күресінің  бүкіл  Қазақстандағы  қалың  көпшіліктің 
қоғамдық сана-сезімнің оянуына тигізген оң әсерін атап өтті [8, 39-40 б].     
            Ұлы  Отан  соғысындағы  Қазақстан  тарихын,  сол  кезеңдегі  батыс  өлкедегі  тарихи  оқиғаларды 
зерттеген  өлкетанушы  П.Р.Букаткин  болды.  Ол  Белоруссия,  Украинаның  бірінші  және  төртінші, 
Орталық  майданының  әскері  құрамында  болып,  соғысты  басынан  кешірді.  Ол  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарына  арналған  «Западноказахстанцы  в  годы  суровых  испытаний»,  «От  Уральска  до  Эльби  и 
Праги»,  «Западно-Казахстанская  область  –ближный  тыл  сталинградского  фронта»  деп  аталатын 
еңбектерін  жариялады.  П.Р.Букаткин  еңбегінің  ғылыми  құндылығы  мен  практикалық  мәні  1941-1945 
жж.  соғысқа  қатысты  тарихи  оқиғалардың  құжаттамалық  негізін  жинақтап,  ғылыми  айналымға 
қосуында.  Оның  «Западноказахстанцы  в  годы  суровых  испытаний»  еңбегінде  соғыс  жылдарындағы 
Батыс  Қазақстан  облысының  тарихы,  152-ші  жеке  атқыштар  бригадасының  майдан  жолы, 
батысқазақстандықтардың  майдан  мен  тылдағы  ерен  ерліктері  көптеген  құнды  мәліметтермен 
келтірілген.  Ал  «Западно-Казахстанская  область  –ближный  тыл  сталинградского  фронта»  деген  оқу 
құралында Батыс Қазақстанның Сталинград майданының жақын тылындағы уақытын қамтиды [9].            
            Еліміздің  тәуелсіздікке  қол  жеткізуі  өлке  тарихын  зерттеуде  тың  серпілістер  әкелді.  Қазақ 
тарихының  елдік,  тәуелсіздік,  жеріміздің  тұтастығын  сақтауға  талпыныс,  Ресей  империясы  сыртқы 
отарлау  саясатына  қарсы  күрес  кезіндегі  тарихи  оқиғалар  ұлттық  мүддеде  т.ғ.д.,  профессор 
Ә.Қ.Мұқтардың  зерттеулерінде  жаңаша  талдана  бастады.  Ғалым  қазақ  қоғамындағы  біртуар 
қайраткерлер  –  Нұралы  хан,  Сырым  батыр,  Ерәлі,  Айшуақ,  Бөкей,  Қаратай,  Жантөре,  Шерғазы, 
Арынғазы  хандардың  қоғамдық-саяси  қызметі,  олардың  өзара  байланысы,  Ресей,  Жоңғария, 
Ауғаныстан,  Хиуа,  Бұқара,  Қытай  елдерімен  түрлі  деңгейдегі  қарым-қатынастары,  тарихтағы  жеке 
тұлғалар  орны т.б. күрделі мәселелерге  назар  аударды.  Тарихшы  пікірлері  «Азаттық таңы  жолында» 
(Қазақстанның  батыс  өңірі:  ХҮІІІ  ғасырдың  екінші  жартысы  және  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегі 
аралығындағы тарихи жағдайлар) монографиясында, мақалалар жинақтарында,  «Егемен Қазақстан» 
т.б.  газеттерінде  жарияланған  мақалаларында  кеңінен  қамтылған  [10].  Автор  зерттеген  ХҮІІІ 
ғасырдың  ІІ  жартысы  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегі  аралығы  тарихымыздағы  қарама-қайшы,  күрделі 
оқиғаларға  толы  кезеңмен  тұспа-тұс  келеді.  Мемлекеттілік  пен  елдікті  сақтау  үшін  күрестің 
шиеленіскен, елдің Ресей отарына айнала бастаған сәттері де тап осы тұста. Бұл кезең Қазақстанның 
батыс  өңіріндегі  Әбілқайыр,  Әбілмәмбет,  Абылай,  Нұралы,  Уәли  хандардың    қоғамдық-саяси 
қызметтерімен сипатталады [10, 140-145 б].   
           ХҮІІІ-ХІХ 
ғасырлар 
тоғысындағы 
қазақ 
даласының 
қоғамдық-саяси 
ахуалы 
Ресей 
империясының сыртқы саясатымен тығыз байланыста өрбіді. Міне осы кезеңде айрықша көзге түскен  

106 
 
тұлғалардың бірі - Арынғазы хан. Осы тақырыпты алғаш зерттеген т.ғ.д Ұ.Т.Ахметова «Арынғазы хан» 
атты  еңбегінде  Арынғазы  Әбілғазыұлының  қоғамдық-саяси  қызметіне,  саяси  көзқарасына  жан-жақты 
талдау  жасаған.  Арынғазы  сұлтанның  хан  сайлануы  ХІХ  ғасыр  басындағы  Кіші  жүздегі  үлкен  тарихи 
бетбұрыстың бастамасы болды. Арынғазы Әбілғазыұлы халық басқарған ел басшысы, қоғам қайраткері 
және  ұлт-азаттық  қозғалысты  ұйымдастырушы  ретінде  тарихта  есімі  қалды.  Бұл  еңбекте  Арынғазы 
саясаткер,  мемлекет  қайраткері, шебер  дипломат,  көрнекті  тарихи  тұлға  ретінде  көрінген.  Арынғазы 
ханның мемлекеттік басқару ісіндегі реформалары, Хан кеңесін құрып, ақсақалдарға арқа сүйеуі, қазақ 
сот жүйесіне өзгеріс енгізіп, сот реформасын жасауы, хандықты күшейту мақсатында салық саясатын 
жүргізу  мәселелері  еңбекте  тың  мұрағат  деректері  негізінде  зерттелген.  Ал  ғалымның  «Орынбор 
Ғылыми  мұрағаттық  комиссиясы  және  қазақ  тарихы»  атты  монографиясында  қазақ  халқының  жүріп 
өткен жолын тануда және оны қайта зерделеуде 1887 жылы Орынборда ашылған Ғылыми мұрағаттық 
комиссиясының  атқарған  қызметі,  ғылымға  сіңірген  еңбегі,  Мұрағаттық  комиссия  қалдырған  ғылыми 
мұра  қазақ  тарихының  деректер  мен  құжаттарының  бай  қоры  болып  табылатындығы,  сондықтан  да 
қазақ тарихының ғылыми зерделенуі өлке тарихын жинақтаудан бастау алғандығын ғылыми негіздеп 
баяндайды [11, 25-28 б]. 
         Қазіргі таңда ұлттық тарих пен мәдениетке деген талаптың, қызығушылықтың артуы кезеңінде 
Орал  қаласында  жұмыс  жасап  жатқан  облыстық  тарих  және  археология  орталығы  еліміздегі  ұлттық 
мәдени мұраларын және Отандық тарихымызды тануға, зерттеуге, тарих бетіне ел тарихында өзіндік 
орны бар есімдерді қайта оралтуда, тарихи зерттеулерді жаңаша зерттеулердің жүргізілуіне бірқатар 
жұмыстар  атқарып  отыр.  Сол  жұмыстарды  ұйымдастыруда,  ғылыми  жетекшілік  жасауда  т.ғ.д. 
М.Н.Сдыков  еңбектеніп  келеді.  Орталықтың  жұмысы  мемлекеттік  және  аймақтық  бағдарламалары 
арқылы жүзеге асып, алдына қойған бірнеше міндеттерді атқарып отыр. Біріншіден – археологиялық 
ескерткіштерді  анықтап,  есепке  алып  мемлекеттің  қорғауына  алынған  ескерткіштер  тізіміне  қосу 
болса, екіншіден – нақты археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу.  
        Аталған  орталық  облысымыздың  барлық  аудандарында  археологиялық  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізуде:  атасақ,  Сырым,  Қаратөбе,  Шыңғырлау,  Теректі,  Бөрлі,  Жаңақала,  Зеленов,  Бөкейорда, 
Жәнібек,  Казталовка,  Ақжайық  және  Сырым  аудандары.  Нәтижесінде  6000-нан  жоғары  жаңа 
археологиялық  ескерткіштер  анықталды,  соның  ішінде,  тас  дәуірі  адамының  орны,  қола  дәуірі 
қоныстары,  скиф-сақ  кезеңінің  обалары,  Жаңақала  ауданындағы  «Қошқар  (Узени)»  қалашығы,  Орал 
маңына  жақын  жердегі  «Жайық»  қалашығы  және  тағы  басқалар.  Жайық  қалашығы  Алтын  Орда 
дәуірінде жоғарғы өркениетті, өзінің өндірісі мен қолөнері дамыған орталық болғанын археологиялық 
зерттеу нәтижелері  нақты  дәлелдермен  көрсетіп  отыр. Жайық  осы  бүгінгі  Орал  қаласының іргетасы. 
Археологиялық  зерттеулер  нәтижесі  біздің  өңірімізде  ХІІІ  ғасырда-ақ  қалалық  мәдениет 
қалыптасқандығы  дәлелденді.  Бұл  жаңалық  2012  жылы  қыркүйек  айында  Батыс  Қазақстан  облысы 
тарих  және  археология  орталығы  ұйымдастырған  халықаралық  ғылыми  конференциясында  археолог 
ғалымдар 
тарапынан 
мақұлданды. 
Тарих 
және 
археология 
орталығының 
жұмысының 
қорытындысының  нәтижесінде  320  археологиялық  ескерткіштер  қатарына  1646  нысан  қосылды. 
Сонымен,  қазіргі  таңда  мемлекеттік  тізімде  -  1966  археологиялық  ескерткіш  тіркелді,  оның  ішінде  8 
мыңнан жоғарысы обалар болып табылады [12, 25-38 б]. Орталық мамандары соңғы кезде қолға алған 
бағыттың  бірі  -  тарихи  тұлғалар  тақырыбы.  Осы  мәселе  аясында  Алаш  қозғалысының,  Алашорда 
мемлекетінің  тарихи  мәселелері  және  оның  мүшелерінің  қызметі,  өлкеміздегі  ұлт-азаттық  қозғалыс 
басшысы  С.Датұлы,  Бөкей  хандығы  туралы  зерттеулер  қолға  алынған.  Аталған  орталықтың  құрылуы 
өлкетану ғылымын және өлкеміздегі мәдени мұраларды зерттеу мен қорғауды нақты ғылыми тұрғыда 
қарастыра бастады [13, 25-38 б].            
            Қорытындылай келе, қазақ халқы тарихи бастауын сонау көне ғасырлардан алады. Оны бүгінгі 
тарих  ғылымының  жетістіктерімен  қайта  саралап,  егемен  ел  жағдайында  ой  елегінен  өткізу,  бұрын 
жарық  көрмеген  мұрағат  деректерімен  салыстыру,  халқымыздың  төл  шежіресін  ғылыми  айналымға 
енгізу  –  замана  талабы.  Отандық  ұлттық  тарихымыздың,  әсіресе,  батыс  өлкесінің  тарихын  бұрын 
көлеңкеде  қалған  беттерін  ашуда  өлке  тарихын  зерттеуге  сүбелі  үлес  қосып  жүрген  кәсіби  тарихшы 
ғалымдар  зерттеулеріне  арнайы  тоқтала,  қазірде  де  өлке  тарихы  ғалымдар  зерттеулерінің  өзекті 
тақырыбы болып қалатынына көз жеткіземіз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет