№34 22.08.2013
-11-
Б
ілімнің қара шаңырағы кеңестік
кезеңнен бүгінге дейін тарихи, са-
яси факторлардың әсерімен өз атауын
бірнеше рет өзгертті. 1932-1937 жылдар
аралығында М.Покровсикй атындағы
педагогикалық институт атанса, 1937
жылы А.Пушкиннің дүниеден өткеніне 100
жыл толуына орай Орал пединститутына
А.Пушкин аты берілді.
1982 жылы 18 қазанда СССР Жоғары Со-
вет Президиумының жарлығымен А.Пушкин
атындағы Орал педагогикалық институты
«Құрмет белгісі» орденімен марапаттал-
ды және сол жылдан бастап А.Пушкин
атындағы «Құрмет белгісі» орденді Орал
педагогикалық институты болып аталды.
1996 жылы А.Пушкин атындағы Орал
педагогикалық институты ҚР Үкіметінің
07.03.1996 ж. №573 қаулысының шешімімен
және 23.05.1996 ж. ҚР Білім және ғылым
министрлігінің бұйрығымен А.Пушкин
атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық
университеті болып өзгертілді.
2003 жылы 30 мамырда ҚР Үкіметінің
№497 қаулысы бойынша Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетіне Махамбет
Өтемісов есімі берілді.
Бұл университеттің тарихы болса,
тарихтағы Махамбет кім? Махамбетті
дәріптеп жоғары оқу орнына есімін берудегі
ұстаным не? Бұл сұрақтарға Елбасы 16
қыркүйек 2003 жылы «Егемен Қазақстан»
газетінде жарияланған мақаласы арқылы
толық жауап берді. Түйін: «Махамбет –
ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын,
күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін
болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп
кеңірек дәріптеу керек».
«Ғалымдар серке секілді, қайда баста-
са да тура жолға бастайды» деген Жүсіп
Баласағұнидың өрелі ойын шамшырақ етіп
Махамбеттануға қадам бассақ, сүйенеріміз
ғылымдағы көшбасшы ғалымдар пікірлері.
Махамбет – талай рет ізденушілердің
арнайы ғылыми-зерттеу нысанына
айналған, әлі де зерттеле беретін тұлға.
Жинақталған пайымдарды тұжырымдауда
да темірқазығымыз серке ғалымдар пікірі.
Сонымен Махамбет кім?
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі
Бөкей ордасы, Бекетай деген жерде,
қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек
ауданында дүниеге келген. Осы өлкені ме-
кендеген он екі ата Байұлының бір бұтағы
Беріштен тараған Жайық-Беріштен шыққан.
Бұл деректер бойынша ақын Таймановпен
аталас. Қазақ халқының XIX ғасырдың
алғашқы жартысында жасаған ірі тарихи
тұлғасы, жыраулық поэзияның біртуар дара
жұлдызы. Қазақ әдебиетінің тарихында
Махамбет Өтемісұлы жыраулық поэзия мен
жаңа дәуір әдебиетін жалғастырған сирек
суреткерлік дарын иесі, дәстүр жаңғыртушы
ретінде ерекше орын алады.
Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманов
бастаған ұлт-азаттық қозғалысының ұлы
жыршысы, рух беруші саяси көсемі болды.
Ақынның жігерлі жырлары мен толғаулары
орыс империясының отарлау саясатына
қарсы қазақ халқының тәуелсіздік рухын
асқақтатқан құнды мұралар. Махамбет XIX
ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысына тікелей
қатысып, басшылық жасады. Жалынды
жырларымен жаңа дәуір әдебиетінің аса
ірі көшбасшыларының біріне айналды.
Х.Досмұхамбетұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов,
Қ.Жұмалиев, Махамбет шығармашылығын,
ақынның қазақ елінің тарихындағы айрықша
орнын аса жоғары бағалады. Қазақ
әдебиетінің ұлы құбылысы ретінде таныды.
Махамбеттен XX ғасыр қазақтары
таптық, әлеуметтік мәндегі нәрсені іздесе,
бүгінгі ұрпақ тәуелсіздік пен азаттық ру-
хын табуда. Сонымен қатар, біз Ма-
хамбеттен жалпыадамзаттық ізгіліктер
мен құндылықтарды іздейміз. Ал, келер
ұрпақ Махамбеттен басқа проблема-
ны іздейтіні күмәнсіз. Сөйтіп, Махамбет
алдағы ұрпақтарға да, келесі ғасырларға да
маңызды әрі мағыналы ой айтып, өз биігінен
көрінері сөзсіз. Өйткені ол – классик ақын.
Махамбет өз дәуірінің тынысын, талабын
дұрыс түсініп, көре білді. Сол себепті де ол
әдебиетті жаңа бағытқа бұрды. Ең бастысы
көркем әдебиетті хан сарайынан шығарып,
бұқара ортасына әкелді. Әдебиеттің міндеті
– әміршіге қызмет ету емес, қоғамға
қызмет ету деп білді. Қоғамға қызмет ету
– әр адамға, оның сезіміне әсер ету, оның
бойындағы рухты көтеру, сөйтіп көпшілікке
ықпал ету деп түсінді. Осы себепті Махам-
бет әрбір сөздің қуатын, құдіретін барынша
пайдаланған. Сөйтіп ол көркем поэзияның
өзіне тән табиғи функциясын қайта жан-
дандырды, оны дамыта түсті. Екінші сөзбен
айтқанда, Махамбет сөздің магиялық күшін,
эмоциялық қуатын, эстетикалық әсерін
күшейтіп, зор биікке көтерді.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен
ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы К е ң е с ө к і м е т і
кезінде Компартияның идеологиялық
ұстанымдарына қарай зерттелді. Оның өзін
де, поэзиясын да таптық тұрғыдан бағалап,
Жәңгір хан мен ел билеуші топқа қарсы
қойдық, бұқараны езуші таптың бітіспес
дұшпаны етіп көрсеттік. Ақын өмірінің тек
көтеріліс кезеңіне ғана көңіл бөлдік те, оның
көтеріліске дейінгі ғұмыры мен істері, көркем
шығармашылығы назардан тыс қалып жат-
ты. Соның салдарынан Махамбеттің өмірі
түгелімен ерлік күресте өткен болып, ал поэ-
зиясы тек жұртты соғысқа шақыруға,
ұрыстың өзіне, сондай-ақ хан мен
сұлтандарды әшкерелеуге арналған сияқты
болып көрінді.
Жалпы, Махамбет поэзиясынан оның
өмірі мен шығармашылық жолының бірнеше
кезеңнен тұратынын байқауға болады.
Айталық, алғашқы кезеңі – Жәңгір орда-
сына келгенге дейінгі және ордада жүрген
мезгілі. Жылмен есептесек, бұл 1821-1827
жылдарға сәйкес келеді. Осының соңғы
4-5 жылы – ордада жүрген уақыты деп
шамаланады. Екінші кезеңі – Махамбеттің
ордадан аласталып, елді көтеріліске
үндеген шағы деуге болады. Бұл – 1829-
1835 жылдар шамасы. Үшінші кезеңі –
Махамбеттің тікелей көтеріліске қатысып,
оның идеологы болған тұс, яғни 1836-1838
жылдар. Төртінші кезеңі – көтеріліс жеңіліп,
Махамбеттің қуғынға түсуі. Әлбетте, біздің
бұлай 4 кезеңге бөлуіміз белгілі дәрежеде
шартты, өйткені Махамбеттің бүкіл өмірі
туралы нақты құжаттар мен басқа деректер
жеткілікті емес. Бар сүйенгеніміз – ақынның
шығармалары мен көтеріліске қатысты Ма-
хамбет туралы ақпарлар.
Қазақ жұртында жер, су, елді-мекен атау-
ларын дара түрде кісі есімімен байланыс-
тырып атау өз бастауын әріден ала-
ды. Бұл дәстүр ХХ ғасырдың басына
дейін өзгеріске ұшыраған жоқ. Мыса-
лы, Абылай асуы, Қожахмет қыстауы,
Тоқтағұл көлі т.б. Бұлардың барлығы дара,
негізгі, жалқы зат есімнен болған атаулар.
Университетті Махамбет деп атау байырғы
тілдік қолданысымыздың заңдылықтарын
сақтағандық болып табылады. Ал екі-үш
сөзден тұратын күрделі туынды зат есімді
атау етіп беру орыс менталитетінің сөз
саптауы негізінде қалыптасты.
Қазіргі тілдік қолданысымыздағы айты-
лым мен жазылымда уақыт дәлелдеп беріп
отырған бір анық: кісі есімі мен фамилиясы
мекеме атауы болып құжатталғанымен, есім
пассив, фамилия актив қызметке ие болып
отыр. Күрескер ақын Махамбет есімінің
де қысқарып «М» әрпімен таңбалану
жағдайына жетуі – осының айғағы.
Махамбет – тарих сахнасында ақын
ретінде шығармашылығымен, күрескер
ретінде дара тұлғасымен танылған адам.
Ол туралы талай көркем шығарма, ғылыми
зерттеу еңбектер жазылды, жазыла да
бермек. Елінің рухани қазынасына, әлемнің
айтулы адамдары қатарына Махамбет
есімімен енген көшбасшының Махамбет
болып қалғаны дұрыс.
Әр халықтың еңбектеген баласынан
еңкейген қариясына дейін білетін есімі елге
танымал ерен тұлғалар бар. Халық өзінің
сүйікті ұлдарын қашанда азан шақырып
қойған есімімен атаған. Мұндай есімдер
атаулық қызметте де Қорқыт, әл-Фараби,
Абай т.б. болып жазылып жүр, Махамбет
есімі де осы қатарда тұруы тиіс.
Білім шаңырағын Махамбет атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
деп атау ақын есімінің көмескіленуіне
жол бермеудегі парызды ісіміздің бірі
болмақ. Шамырқанған шындық Махамбет
есімі ерен патриоттықтың ғажайып үлгісі
екенін шын мәнінде жеткізе алмай келе
жатқандығымыз. Ұлы ақын образын ака-
демик-жазушы Зейнолла Қабдолов қалай
әдемі бейнелеген:
«Махамбеттің тағдыры – қасіреттің
синонимі,
Махамбеттің ақындығы – қасиеттің
символы!»
Махамбет есімін даралап көрсетуде
З.Қабдолов пайымы адастырмас темірқазық
болып қалса игі.
Азамат МАМЫРОВ,
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Жайсаң АҚБАЙ, өлкетанушы:
– Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз беделді тұлғаларды
ғана есімімен атаған. Бұл – қазақтың қанынан біткен қасиет. Ал
адамның тегін орысша атау – патша заманындағы отаршыл
саясаттың жаңалығы. Отаршылдар енгізген өзгерісті біз сол кезде
қабылдап алғанбыз. Мінекей, «Өтемісов» те – орысша атау. Қазақ
халқы қандай қызметте жүрсе де, өздерінің тегін орысша атамаған.
Тіпті патшаның жанында жүрсе де. Сондай-ақ «Өтемісов» десе, «ол
кім?» деген сұрақ туындайтыны белгілі. Ал «Махамбет» деудің жөні
басқа. Махамбет – халыққа кеңінен танымал тарихи тұлға. Сондықтан
еліміздегі ең ірі оқу орындарының бірі, іргелі білім ошағы – Махамбет
Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Махамбет атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университеті» деп аталуын мен де қалаймын. Университет ұжымының бұл
ұсынысы қолдау тапса, біз де қуанышты болар ек.
Әбіл ЖОЛАМАНОВ, облыстық тарихи-өлкетану
музейінің директоры, тарихшы:
– О бастан бұл білім ордасына «Махамбет университеті» деген
атау берілуі керек еді деп ойлаймын. Ақиқатында, қазақта Абай,
Бауыржан, Махамбет секілді тұлғалар – біреу-ақ. «М.Өтемісов
атындағы...» деген тіркестің қолданылуының өзі – түбегейлі жаңсақ
әрекет. Өйткені Махамбеттің өзі де «Өтемістен туған он едік...» деп
жырлаған, ендеше бұл Өтемістің қай баласының атындағы оқу орны
екені белгісіз болып қалатындай. Ал Махамбетті білмейтін қазақ ба-
ласы жоқ десек, артық айтпаймыз. Ол отты жырларымен де, батырлық
іс-әрекетімен де өзін-өзі жасап кеткен тұлға. Сондықтан аталмыш уни-
верситет ұжымының мұндай ұсынысының дау туғызуы негізсіз деп ойлаймын.
Махамбет
есімінің философиялық, ұлттық мүдде тұрғысынан берері көп. Демек, «Махамбет университеті»
деген атау жалпы жұртшылыққа, әсіресе, жастарға ұлттық рух берері хақ.
Махамбет - рухани
қазына
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы
университеттің дауылпаз ақын Махамбет Өтемісов есімін иеленіп
отырғанын мақтан тұтады. Алайда, 2003 жылы университет атауын
өзгертуде тарих сахнасында ақын Махамбет, күрескер Махамбет болып
танылған тұлғаның даралық келбеті күн өте келе фамилиямен қосақтала
берілсе, солғындалмай ма деген мәселе қалыс қалған. Мұны сарапшы
уақыт та дәлелдеп беріп отыр. Соңғы он жылдық университетті тек «Ма-
хамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» деп атау
қажеттігін күн тәртібіне шығарды.
• ТАҒЫЛЫМ •