Б. Ж. Рыскалиева тамақтану гигиенасы



Pdf көрінісі
бет3/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#123553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Рыскалиева-Б.Ж.-Тамақтану-гигиенасы

 
 



Қысқартылған сөздер 
 
НЖК - қаныққан май қышқылдары (насыщенные жирные кислоты) 
ПНЖК - полиқанықпаған май қышқылдары (полиненасыщенные 
жирные кислоты)
МНЖК - моноқанықпаған май қышқылдары (мононенасыщенные 
жирные кислоты ) 
КФА - физикалық белсенділік коэффициенті (коэффициент 
физической активности) 
ФАД - флавинадениндинуклеотид 
ФМН - флавинмононуклеотид 
АСТ – аспартатаминотрансфераза 
AЛТ – аланинаминотрансфераза 
МЕ - халықаралық бірліктер (международные единицы) 
АТФ - аденозинтрифосфат
ДДТ – дихлордифенилтрихлорметилметан 
КОЕ - колонияқұраушы бірліктер (колониеобразующие единицы) 
КМАФАнМ – мезофильді аэробты және факультативтік-анаэробты 
микроорганизмдер саны (
количество мезофильных аэробных и 
факультативно-анаэробных микроорганизмов
)
БГКП - E. coli тобының бактериялары (
бактерии группы кишечной 
палочки

ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы 
РНҚ - рибонуклеин қышқылы 
ПХБ - полихлорланған бифенилдер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Тамақтану гигиенасы - дені сау және науқас адамның дұрыс 
(оңтайлы) тамақтануын ұйымдастырудың заңдылықтары мен принциптері 
туралы ғылым. Оның аясында халықтың әртүрлі топтарының тамақтануын 
оңтайландыру және азық-түлік ресурстарын, шикізат пен өнімдерді 
олардың өндірісі мен айналымының барлық кезеңдерінде санитарлық 
қорғау бойынша ғылыми негіздер мен практикалық іс-шаралар әзірленуде. 
Тамақтану гигиенасының негізгі аспектілері физиологиялық 
процестерді, ас қорытудың биохимиялық механизмдерін, тағамды 
ассимиляциялауды және қоректік заттар мен басқа тамақ компоненттерінің 
жасушалық метаболизмін, сондай-ақ нутриогеномиканы, яғни ген 
экспрессиясын алиментарлық реттеу негіздерін зерттеумен байланысты. 
Тікелей әлеуметтік маңызы бар қолданбалы немесе ғылыми-
практикалық жоспарда тамақтану гигиенасы, бір жағынан, тағамдық заттар 
мен энергияға физиологиялық қажеттіліктердің нормаларын айқындайды, 
тамақ өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарды және жасына, 
әлеуметтік, географиялық және экологиялық факторларға, тамақтану 
режимі мен жағдайларына байланысты тамақ өнімдерінің әртүрлі 
топтарын пайдалану жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді, ал екінші жағынан, 
тамақ өнімдерінің және олармен жанасатын материалдардың сапасы мен 
қауіпсіздігін санитариялық-эпидемиологиялық (гигиеналық) сараптау 
жөніндегі және оларды салу кезеңінде және пайдалану кезінде тамақ 
объектілерінің 
сәйкестігін 
бақылау 
жөніндегі 
іс-шараларды 
регламенттейді. 
Тамақтану гигиенасы ғылым ретінде физиология, биохимия, 
токсикология, микробиология, эпидемиология, ішкі аурулар саласындағы 
ғылыми зерттеулердің жалпы әдіснамасын, сондай-ақ тамақтану жағдайын, 
тамақтану мәртебесі мен алименттік бейімделу параметрлерін, өнімдердің 
тағамдық және биологиялық құндылығының көрсеткіштерін бағалауды 
қамтитын өзіндік бірегей тәсілдер мен әдістемелерді пайдалана отырып 
дамиды. 
Тамақтану гигиенасы дамуының қазіргі кезеңі келесі ғылыми-
практикалық бағыттарды жүзеге асырумен байланысты: 
- халқының дұрыс тамақтануы саласындағы мемлекеттік саясат 
негіздерін әзірлеу; 
- тамақтанудың физиологиялық-биохимиялық негіздерін іргелі 
зерттеу; 
- халқының тамақтану жағдайын үнемі бақылау; 
- алиментарлык-тәуелді аурулардың алдын алуды ұйымдастыру; 
- азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша зерттеулер; 
- дәстүрлі емес және жаңа тамақ көздерін бағалаудың ғылыми-
әдістемелік тәсілдерін әзірлеу; 



- балалар, диеталық және профилактикалық тамақтанудың ғылыми 
негіздері мен практикасын әзірлеу және жетілдіру; 
- заманауи экологиялық жағдайларда алиментарлық бейімделу 
жүйесін ғылыми негіздеу және практикалық жүзеге асыру; 
- кәсіптік білім беру мен оқыту жүйесінде де, жалпы қоғамда да білім 
беру және ағарту бағдарламалары мен жобаларын кеңінен енгізу. 
Тамақтану-халықтың 
денсаулығын 
анықтайтын 
маңызды 
факторлардың бірі. Ұтымды тамақтану балалардың қалыпты өсуі мен 
дамуын қамтамасыз етеді, аурудың алдын алуға, адамдардың өмірін 
ұзартуға, жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және олардың 
қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасайды. Ересек тұрғындардың 
көпшілігінің 
тамақтануы 
жануарлардың 
майы 
мен 
қарапайым 
көмірсулардың (қанттың) көп мөлшері бар тағамдарды тұтыну, көкөністер 
мен жемістердің, балық пен теңіз өнімдерінің жетіспеушілігі салдарынан 
дұрыс тамақтану принциптеріне сәйкес келмейді, бұл артық салмақ пен 
семіздікке әкеледі, олардың таралуы соңғы жылдары 23%-ға дейін өсті, 
қант диабеті, жүрек-тамыр аурулары және басқа созылмалы жұқпалы емес 
аурулардың пайда болу қаупін арттырады. 
Жұмыс жасайтын халықтың едәуір бөлігі жұмыс уақытында дұрыс 
тамақтану мүмкіндігінен айырылған, әсіресе кішкене және орта 
кәсіпорындар, бұл жұмысшылардың денсаулығына теріс әсер етеді. 
Дұрыс тамақтанудың мақсаты халықтың денсаулығын сақтау және 
нығайту, ақаулы және теңгерімсіз тамақтанудан туындаған аурулардың 
алдын алу болып табылады. Негізгі міндеттері: сапа мен қауіпсіздіктің 
қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін азық-түлік шикізатының негізгі 
түрлерінің 
отандық 
өндірісін 
кеңейту; 
алмастырылмайтын 
компоненттермен байытылған тамақ өнімдерін өндіруді дамыту; ауыл 
шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіне био - және нанотехнологиялар 
бойынша инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу; 
ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтануды жетілдіру, жүкті және бала 
емізетін әйелдерді, сондай-ақ үш жасқа дейінгі балаларды толыққанды 
тамақпен қамтамасыз ету, емдеу процесінің ажырамас бөлігі ретінде 
емдеу-профилактикалық 
мекемелерде 
диеталық 
(емдік 
және 
профилактикалық) тамақтануды жетілдіру; халықтың әртүрлі топтары 
үшін дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бағдарламалар дайындау; 
халықтың тамақтану жағдайын бақылау. 
Азық-түлік шикізатын өндіру саласында егін шаруашылығын 
жүргізудің интегралдық жүйелерін дамыту, ауыл шаруашылығы 
дақылдары мен жануарлардың өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін 
жоғары өнімді және экологиялық теңдестірілген агроэкожүйелерді құру; 
өсімдіктер мен жануарлардың трансгендік нысандары саласында 
зерттеулер жүргізу және олардың негізінде сапалы шикізаттың тұрақты 
өндірісін қамтамасыз ететін қоршаған ортаның экстремалды жағдайларына 



жоғары төзімді жаңа сорттар, гибридтер, тұқымдар мен желілерді құру 
қажет. 
Тамақ өнімдерін өндіруде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта 
өңдеудің биотехнологиялық процестерін жетілдіру көзделеді, соның 
ішінде: ферменттік препараттар мен биологиялық белсенді заттарды 
пайдалана отырып, жалпы және арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің 
жаңа түрлерін алу. 
Тағамдық құндылығы жоғары азық-түлік өнімдері өндірісін 
қамтамасыз етудің маңызды факторы - дәрумендердің, минералдардың, 
микроэлементтердің және басқа да тағамдық заттардың отандық өндірісін 
халықты толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде құру, яғни 
олармен жаппай тұтынатын тамақ өнімдерін байыту.
Балалар тағамын тиімді (рационалды) жасау үшін ана сүтімен 
қоректендіруді қолдаудың кешенді бағдарламаларын іске асырып, ерте 
жастағы балалар мен ауру балаларды арнайы өнімдермен қамтамасыз ету, 
білім беру мекемелерінде гигиеналық талаптарға сәйкес тұрақты ыстық 
тамақпен қамтамасыз ету қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет