Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашан да əділдік жағында бол.
Бұл дүние – біз мəңгі тұратын мекен-жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды.
Адамдар əлде құмға түскен із бе екен?
Біз соншалықты дəрменсіз болғанымыз ба?
Бір рет самал соқса-ақ, бəріміз
Мына өмірден ұшты-күйлі жоғалып кетеміз бе?
Адамға бір сəттік қысқа ғұмыр берілген.
Әл-Фарабидің бұл өлең жолдарында адамзат мəдениетіне қосқан үлесі
зор екенін жақсы байқауға болады.
Өзін ұғыну төрт керемет мүмкiндікті ашады: өзiн білу; өзiн бағалау; өзiн
өзгерту; өзiн қабылдау.
8
Өзiн қалай білуге болады? Қарапайым кеңес: бақылау жəне талдау.
Адаммен қарым-қатынас жасай отырып - өзiңізді бақылаңыз. Не сезiнесіз?
Басқа адамның сөзiне жəне əрекетіне қалай жауап бересiз? Қандай ойлар
пайда болады? Қарым-қатынастағы серiктестігіңізді бақылаңыз: ол сiзге
қалай жауап бередi? Қандай да бiр жағдаятты талдаңыз, не жəне қалай
жасайсыз. Бəрі ойдағыдай болады ма? Сiздің жетiстігіңізді басқалар қалай
бағалайды? Жұмыс үдерісі барысында жəне аяқталу бойынша не сезiнесіз?
[2].
Бұрын өтiп кеткен оқиғаларды жəне осындай сұрақтарды талдай
отырып, əркiм өзi туралы қорытынды жасауға болады.
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға
итермелейді. Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? «Өзімнің ішкі
«Менімді» қалай тани аламын?
Рухани-адамгершілік
білім
беру
бағдарламасының
авторы
С.А.Назарбаева өзінің «Өмір əдебі» атты еңбегінде: «Руханияттың кəусар
бастауына апаратын жол іздеу – бүгінгі таңда өмір сүріп жатқан адамдардың
əрқайсысының жəне баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін, тіпті
егер қаласаңыз, оны адам туралы білімдер көмбесіне апаратын жол деп
санауға болады» - деген [2].
Өзiнің «Мен»-iнің ашылуы - адам өмірiнің маңызды ашылуларының
бiрі. Өзін ұғыну өз өмірiмізді жəне өзiнің басқа адамдармен қарым-
қатынасын неғұрлым мағыналы, басқаруға икемдi етуге мүмкiндік бередi.
Өзінiң ішкi əлемiн зерттеу
– қызық тапсырма. Зерттеу ерекшелiгін əрбір адам
өзi жасай алады.
Өзін-өзі тану ұғымына психологиялық тұрғыда В.В.Краевский: «Адам
жаны өзін-өзі тек өз іс-əрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы
білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді қадағалаудан
құралады», - деп түсініктеме береді.
Әрбір адам
– қайталанбайтын ерекше, нақты тұлға. Адамдар жаны
мəнділігімен ерекшеленедi, олар тек сырттай ұқсас. Қаншалықты өзiңмен
өзiң болсаң, соншалықты өзiңді түсiне бастайсың, соншалықты өзiнің
болмысына тəн қасиеттерi айқынырақ болады.
А.Печчеидің: «Адамның өзін өзгерту керек. Өндірістің ұлғаюын тежеп,
тұтынушылық идеологиясын рухани жетілуге қайта бағыттау тиіс. Мəселе –
адамның өзінде», - деген пікірі жеке адамның ізгілікті саналы қарым-
қатынасының қалыптасуы, оның өзін-өзі тану қажеттілігі мен рухани
жетілуінің негізгі факторы екендігін дəлелдейді. Адамзаттың жаһандық
мəселелердің рухани-адамгершілік сипаты – бұл жалпы рухани-адамзаттық
құндылықтарға негізделген жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл
жол – ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.
Әр тарихи кезеңнiң өзіндік құндылықтар жүйесi қалыптасып, оның
өзегiне адам өмірінің мəн-мазмұны, дүниеге деген көзқарасы алынатыны
белгілi. Қазіргi таңда тəрбиенiң басты мақсаты – болашақ ұрпақтың тұлғалық
қасиеттерiн рухани-адамгершiлік бағытта дамыту [3].
9
Білім алушылардың рухани-адамгершiлік құндылықтарын өзiн-өзі тану
арқылы қалыптаcтырудың əдicнамалық негiзі ретінде оқыту жүйесiндегі
адамгершiлік көзқарастар мен тұлғаның шығармашылық, кəсiби дербестiгін
дамыту туралы идеялар қарастырылуда. Адамзат жинақтаған тəжірибені
келесі ұрпаққа беру, дамыту жəне қалыптастыру мақсатын сақтап, оқытуды
ізгілендіру үдерісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық
белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар
аударылуда. Оның себебі, алдымен, еліміздің тарихи даму жағынан Шығыс
пен Батыс, Еуропа мен Азия мəдениеті халықтарының даму кезеңдерінен
өтуі, қазақи мəдени құрылымына түрлі мəдени əдет-ғұрыптарды бойына
сіңірген көп ұлтты Қазақстан халқының қалыптасуы. Екіншіден, қазіргі
заман талабына сай жаңа мыңжылдықтың көкжиегін ашатын, ұлттық мəдени
рухани менталитетін сақтай отырып дамытатын, негізгі тəлім-тəрбие өзегі
болатын, жаңа модель қалыптастыру. Үшіншіден, еліміздің əлемдегі бəсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, жаңа педагогикалық инновация мен
технологияны меңгеруге қабілетті, жан-жақты интеллекті дамыған, рухани
дүниесі бай көзі ашық тұлғаны қалыптаcтыру қажет.
Адамды адам ететін – рух пен нұрланған қасиет. Ұждансыз адамның
жүрегін ешбір ғылым, ешбір өнер тазарта алмайды. Рухани-адамгершілік
білім, ар ілімі, риясыз сүйіспеншілікке апаратын жол іспетті тіршілікте таза
болу, адам баласына қылдай қиянат жасамай, адам – ғалам бірлігінде мінсіз
өмір сүруге жетелейді. Ар ілімі - ол рухани тазалық жолы.
Адам өміріндегі ең қадірлі нəрсе табыс емес, сүйіспеншілік.
Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес... оны
іспен ғана білдіре аласың... себебі ол сезімнің бір бөлшегі... ол адамдар
арасындағы жылуды ұялатады... үлкен сезімдерге бастау береді...
сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады...
Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс əрекетке үйретудің мақсаты -
рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір
жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Рухани-
адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мəңгі құндылықтарды уақытша
құндылықтардан, шынайылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып,
өзгелерді бақытты етеді.
Адам – Ақиқатты түсіне алғанда ғана, жақсыға ұмтылғанда ғана, Дұрыс
əрекет жасағанда ғана, жүрегін Сүйіспеншілікке толтырғанда ғана ішкі
Тыныштыққа жетеді. Адамның жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да
тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Нұрлы, жылы жүз, күлім
көз, жібектей жағымды дауыс, жылы жүрек, үздіксіз мейірім, нұрлы ақыл,
таза көзқарас – бұлар ішкі тыныштығы орнаған тұлғаның белгілері болып
табылады. Тек қана діндер, ұлттар мен адамзатты бір отбасындай біртұтас
еткен бірлік идеясы өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Біртұтас Рухани бастау
барлық діндер мен ұлттық мəдениеттерде, жалпыадамзаттық құндылық
ретінде бірдей көрінеді, сондықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру бағдарламасының мазмұны осы мəңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтарды ашуға негізделген. Қиянат жасамау – Ақиқаттың,
10
Сүйіспеншіліктің, Дұрыс əрекеттің жəне Тыныштық тəжірибесінің тəтті
жемісі болып табылады.
Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана-сезімінің
деңгейі, білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мəдениеттілігі т.б. көптеген
cапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами
қасиеті ( Дұрыс əрекет), бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі ( Қиянат
Достарыңызбен бөлісу: |