Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


-ТАРАУ. «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

1-ТАРАУ. «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ
БЕРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫН 
БІЛІМ 
БЕРУ 
КЕҢІСТІГІНДЕ 
ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
1.1
Адам – қоғамның қозғаушы күшi
Адам – бұл ақыл-парасаты бар, сонымен бірге əлеуметтік-тарихи қызмет 
пен мəдениеттің субъектісі болып табылатын əлеуметтік болмыс. Ол жер 
бетінде эволюциялық процестің нəтижесінде пайда болды. Адам өзін жəне 
айналасындағы əлемді зерттейді, өзгертеді, мəдениетті жəне өзінің тарихын 
жасайды. 
Сонымен қaтар aдaм – философияда, психологияда, медицинaда, 
педaгогикaда, əлеуметтaну жəне тағы басқа ғылымдaрдың нысаны бола 
бермек. Адaм – өзінен-өзі қоғамдық өмір жемісі болатын санaның 
таратушысы дейміз. Адaм мəселесі, оның пaйда болуы, өмірде aлaтын орны, 
тіршілігінің мəні мен мақсaты адaмзат тaнымының формaлары –
мифологиядaғы, діндегі, философияның, ғылымның ең негізгі мəселесі [1].
Ежелгі грек философы, Платонның шəкірті, «Адамзаттың бірінші 
ұстазы» Аристотель өз еңбегінде: «Адам өмірiнің мақсаты бойындағы 
рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірiмділік мiнез көрсетеді», -
рақымшылдығы басым адам өзiн үнемi дұрыс ұстай бiлетiндігін, ол 
табиғатынан мейiрімді, адамгершілiкке бейiм ұстайтындығын айтады. Әл-
Фараби философиялық ойларында ақыл, қайрат, жүрек жайлы түсiнік берiп: 
«Жүректі басты мүше, оны дененің ешқандай мүшесi билей алмайды. Содан 
кейiн ми келедi. Ол да басты мүше, бірақ үстемдігi бірiншi емес», - деп өзiнің 
əлеуметтiк жəне рухани құндылықтарының негiзіне тұлғаның iшкі сана-
сезімiнің даму ерекшелiктерін алды. «Тек өзiндік еркiн əрекеттене алатын 
белсендi адам ғана қоғамға пайдалы қызметi мен жеке бақытын жасай алады, 
- «Бiр халық басқа халықтан табиғи үш қасиетiмен ерекшеленедi: болмысы,
мiнезi мен тiлі». Ғалым əртүрлi халықтың музыкасын, тiлін, мəдениетiн,
болмысын, əдетiн, мінезiн зерттеп, рухани құндылықтарға зор мəн беріп,
адамның осы қасиеттерінiң одан əрі дамуына ерекше көңiл қойды.
И.Т.Фролов пен В.Г.Борзенков «Жаңа философиялық энциклопедияда»
«адам» ұғымын анықтауда төмендегідей түсінік берген:
1. Адам – тірі əлемнің шеңберінен шығатын жəне белгілі бір
дəрежеде оған қарама-қарсы тіршілік иесі ретінде;
2. Адам – «адам баласы» мағынасында;
3. Адам – жеке тұлға ретінде.
Қазіргі таңда жастарды тəрбиелеуде адамның iшкі жан дүниесi мен 
рухани əлемiн тану, дамыту, жетілдiру бағытында көптеген ғалымдар 
Х.Т.Шерьязданова, Б.Қ.Дамитов, Т.А.Левченко, М.Х.Балтабаев, Е.Е.Бурова, 
А.А.Семченко, Л.К.Көмекбаева, З.Б.Мадалиева тағы басқалар үлкен ізденіс 
үстiнде. Бұл «Өзін-өзi тану» ілімінің философиялық негізін салған ғалымдар 
Г.Г.Соловьева, А.Н.Нысабаев өз еңбектерiнде ұстанған басты қағида –
адамның кiсiлік келбетi мен адам деген атқа лайықты бола білуiн 
қалыптастыру, адамның табиғатпен жəне əлеммен үйлесуi, рухани мəдениет, 


7
халықтық дəстүр негiзiнде келер ұрпақтың рухани-адамгершілiк тəрбиесiн 
жоғары сатыға көтеру міндеттерiн жүзеге асыруды көздейдi [1].
Философия ғылымы адамды толғандыратын басты сұрақтарға жауап 
iздеуге тырысып: «Адам деп кімді айтамыз?», «Адамның əлемдегi орны мен 
рөлi қандай еді?», «Адам өмір сүруiнің мақсаты мен мағынасы неде?». 
Психология жауап беретiн сұрақтар қарапайым: «Адам психикасы қалай 
құрылған?», «Адамда қандай психикалық қасиеттер бар?», «Адамдар бiр-
бірімен немен ерекшеленедi, несімен ұқсайды?», «Қалай ойлаймыз, əрекет 
етемiз жəне сезiнеміз?». Әрбiр адам 
– өзiнің iшкі əлемiнің психологы. Адам 
жан-жақты, оның рухани əлемі сезімдердің, махаббаттың, эмоциялар мен 
эмоционалды толқулардың пайда болуына, сонымен қатар басқа адамдар 
үшін құндылықтардың қалыптасуына əсер ете алатын түрлі өнер түрлерінің 
туындыларын құруға ықпал етеді.
Ал адам тəрбиелеу жөнінде Сократтың: «Егер адам өз жағдайына көңілі 
толмаса, оны екi жолмен: өз өмірiнің немесе жан дүниесiнің жағдайын 
жақсарту арқылы өзгертуге болады. Бірiншісі əрдайым болмағанымен, 
екiншісі əрдайым өз билігiңде», 
– деген даналық сөзi бар.
Әдептi адам теориясын Әл-Фараби өзiне тəн гуманистiк тұрғыдан 
қарастырған. Оның еңбектерінде кездесетiн адамды «хайуани ақли» (ақылды 
жан) деп анықтау кейінгi батыс ағартушылықтағы Homo sapiens-ке сабақтас. 
Ақылды жанмен бірге Әл-Фараби еңбектерiнде адамды «Хайуани мадани»
(мəдениеттi жан) деп анықтаудың да терең мағынасы бар. Осындай тұлғалық 
деңгейге, ең алдымен, ел басшысы көтерілуi керек. Ол өзiнің аңдағыш 
қасиетi арқасында кемеңгер, дана, философ жəне парасат иесi болып шығады, 
оның қиял қабілетiне қасиет дарыған адам пайғамбар, сəуегей жəне өмірдегi 
оқиғаларды білгiр, түсiнгіш болып көрiнеді, - мiне, осының бəрi оның 
тəңiрлікті танып бiлетін болмысының шарапаты. Мəдениеттi адам тəрбиелеу 
мəселелерiн Әл-Фараби өзiнің «Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сiлтеу», «Ақылдың мəнi туралы», 
«Данышпандықтың iнжу-маржаны», «Бақытқа жету жайында» жəне т.б. 
трактаттарында жан-жақты талдаған. Cоның дəлелі ретінде төмендегi өлең 
жолдарынан үзіндіні алсақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет