ТНЗ-нің каскадтық іс зонасы – бұл торапты қарама-қарсы жағынан өшіргенге дейін қорғаныс істемейтін қорғалатын торап бөлігінің ұзындығы.
Өлі зона – бұл ҚТ кезінде бағатталған реле қуатына келетін кернеудің жеткіліксіздігінен ТНЗ-нің жұмыс істемейтін тораптың бөлігі.
Ақырғы пысықтауыш реле маңында үш фазалық ҚТ болған кезде орын алады.
Каскадтық іс ТНЗ-дегі тоқтық органның жеткіліксіз сезімталдығымен байланысты, ал өлі зона – бағытталған қуат органның кернеу бойынша жеткіліксіз сезімталдығымен байланысты.
Бұдан:
а) ТНЗ бір қорек көзі бар тұйықталған желіде және қорек көзінің қанша болмасын санында радиалды желілерде селективтікті сақтайды;
б) өлі зона мен каскадтық іс зонаның болуы фаза аралық ҚТ-дан қорғану сенімділігін азайтады;
в) ТНЗ тоқ релесімен қатар арнайы сезімтал элементті қолданады - әртүрлі құрастырылу принциптері бар бағытталған қуат релесі.
4.10 Кедергі релесі
Бағытталмаған немесе бағытталған кернеу релесі ДЗ-дің арнайы өлшеуіш органы болып табылады және индукциялық реле қазіргі кезде транзисторлық реле арқылы жасалады. Бағытталмаған транзисторлар арқылы жасалған кедергі релесінің сұлбасы 4.16суретте көрсетілген. Реле түйіспесіз болып табылады.
4.16 Сурет - Кедергі релесінің сұлбасы
Реледе тоқ және кернеу трансформаторлар арқылы кіретін тоқ және кернеу кірістері бар. Трансформаторлар балансттық және кедергілер арқылы және диодтары бар түзеткіштерді жүктейді. Диодтар регенеративтік түрлі нөл-орган (НО) жүктемесіне қарсы қосылған. НО кірісі 100 Гц (Lф, Cф) фильтрмен шунтталған.
Реленің іске қосылу шарты
(4.19)
немесе
. (4.20)
Кернеу релесінің қойылымы TV отпайкалар көмегімен өзгертіледі.
Тораптардың дистанциялық қорғанысы өндірістік кәсіпорындарында сирек қолданылады.
5 Тораптың дифференциалдық қорғанысы
Көлденең дифференциалдық қорғаныс тораптың басы мен соңындағы тоқтардың немесе фазалардың айырмасының өзгерісін сезіп, олардың шамаларын өлшеуіш органдардың көмегімен салыстыруға негізделген. Тоқтарды салыстыратын (5.1сурет) көлденең қорғаныс үшін реленің іске қосылу тоғы келесідей анықталады .
5.1 Сурет - Тораптың көлденең дифференциалдық қорғанысының сұлбасы
Тораптың қалыпты немесе сыртқы ҚТ тәртібінде (К1) тоқ трансформаторының бірінші реттік орамында тоқтар ағады да, реледегі тоқ айырмасы
. (5.1)
Ішкі ҚТ (К2) жағдайында реле тоғы
. (5.2)
Бір қорек көзі және ішкі ҚТ (К2) жағдайында және реле тоғы .
Сыртқы ҚТ-да реле арқылы ТА характеристикасының алымынан пайда болған баланссыз тоғы өтеді
, (5.3)
мұндағы , ТА-ның бірінші реттік орамға келтірілген магниттелуші тоқтары.
Бірінші реттік ҚТ және өтпелі режимдерде тоқтың өсуі баланссыз тоғын үлкейтеді.
Реленің іске қосылу тоғы баланссыз тоғының максималды шамасынан қалану керек
. (5.4)
Қорғаныстың сезімталдығы келесідей анықталады
. (5.5)
Өндірістік кәсіпорындарының салыстырмалы қысқа тарату тораптарында да ТА-лар бір-бірінен алыс орналасады. Қорғаныстың екі Q1 және Q2 ажыратқыштарды да ажырататындықтан, тораптың екі жағында екі ТА орнатылады, сондықтан екінші ретті орамадағы тоқ екі ТА-ға таратылатындықтан, баланс тоғының өсуіне және ҚТ кезінде реледегі тоқтың төмендеуіне әкеледі.
ДФЗ-ның сезімталдығын және қайта салынғыштығын жоғарылату үшін арнайы дифференциалды тежелуімен бірге релелер қанығатын аралық ТА (НТТ) арқылы релені қосу және қорғанысты автоматты дөрекілеу қолданылады.
Көлденең қорғаныс параллельді желілердің бір соңының аттас фазаларының тоқтарын салыстыруға негізделген. 5.2. суретінде көрсетілген параллельді желілердің көлденең қорғанысы үшін реле тоғы Iр= I1B- I2B.
5.2. Сурет - Параллельді желілердің көлденең қорғанысының сұлбасы
Сыртқы қысқа тұйықталу (К1) болғанда реледе баланс еместік тоғы бар болады: Iр=Iнб. Реленің іске қосылу тоғы бойлық кедергіге үйлес анықталады.
Параллельді желілердің біреуінде қысқа тұйықталу (К2) болғанда қорғаныс іске қосылады. Алайда , егер К2 нүктесі желінің соңына қатты ығысқан болса, онда тоқ айырмасының төмендеуі салдарынан Iр тоғы Iср тоғынан кіші болып қалады және қорғаныс іске қосылмайды. Оған қоса көлденең қорғаныс зақымдалған кабельді айқындамайды, демек параллельді желілердің негізгі қорғанысы бола алмайды.
Сұлбаға екі жақты әрекет ететін қуат бағытының құралын енгізу бұл кемшілікті жояды. Желілердің біреуінде қысқа тұйықталу болған кезде қуат бағытының релесі зақымдалған желінің ажыратқышына әсер етуді жүзеге асыруға жағдай туғызады.
Бойлық және көлденең дифференциалдық қорғаныс трансформаторларды, генераторларды, МТҚ-н үйлескен кабельді, параллельді желілерді қорғау үшін СЭС-та кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |