4.8 Бағытталған қуат релесі
Бағытталған қуат релесі ТНЗ-нің арнайы өлшеуіш органы болып табылады және индукциялық пен транзисторлық релелер арқылы жасалуы мүмкін. 4.14-суретте көрсетілген транзисторлық реленің жұмыс істеу принципін қарастырайық. Бұл басқарылатын түзеткіште VD диодтармен, комуттаушы тоқпен жасалатын түйіспесіз реле болып табылады.
4.14 Сурет - Транзисторлық реленің сұлбасы және жұмыс істеу принципі
Оң жарты периодта диодтар ашық, терісте – жабық. Сұлбаның фазалық бұрышқа сезімталдығын осындай коммутация қамтамасыз етеді. Шынында да, егер , диодтар тогын өткізеді және жүктеме арқылы орташа тогы өтеді, нәтижесінде .
жағдайда .
Егер болса, таңбасын өзгертеді, . Осының нәтижесінде аралығында реле НО-ның іске қосылу шамасына байланысты іске қосылады.
Бағытталған қуат релесіне қойылатын негізгі талаптар:
- реленің іске қосыла алатын кернеуі неғұрлым төмен болу керек;
- реле барлық , фазалық ығысуларда іске қосылу керек, ҚТ қуатының бағыты шиналардан торапқа бағытталғанда іске қосылады және керісінше бағытталғанда істемеу керек;
- релеге тек немесе әсер еткенде істемеу керек.
4.9. ТНЗ-нің іске қосылу тогын таңдау, каскадтық іс зонасы және қорғаныстың өлі зонасы
Бағытталған қорғаныстың іске қосылу тогы МТЗ-ға сияқты таңдалады, бұл келесі шарттар:
1) сыртқы ҚТ өшірілгеннен кейін токтардан қайта құру:
; (4.15)
2) қорғаныстың ісіне қарсы бағытталып өтетін жүктеме тоқтардан қайта құру:
; (4.16)
3) зақымдалған тораптың қайта қосудан кейінгі өтпелі токтардан қайта құру
; (4.17)
4) бірдей бағытталған істі ТНЗ-сі бар желінің келісілген участоктары:
, . (4.18)
Каскадтық іс зонасы 4.15-суретте көрсетілгендей бір қорек көзінен
қоректенетін, ТНЗ тұйықталған желіде жұмыс істегенде қолданылады. ҚТ тогы 5 қорғанысында оның іске қосылу үшін жеткіліксіз болып қалуы мүмкін, бірақ 6 қорғанысы қосылғаннан кейін 5 қорғаныстың тогы үлкейеді де, оның іске қосылуын қамтамасыз етуі мүмкін.
4.15 Сурет - Бір қорек көзі бар тұйықталған желінің сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: |