7.2 Тоқтық бағытталған қорғаныс
Оперативті тұрақты тоғымен қоректенетін желінің ТБҚ-сының принципиалды сұлбасы 7.2 суретте көрсетілген.
Бірінші дәрежесі – КА1, КА3 реле токтарының іске қосылуы, екіншісі – КW2, KW4 бағытталған қуат релесі болып табылады.
7.2 Сурет - Оперативті тұрақты тоғымен қоректенетін ТБҚ-ның принципиалды сұлбасы
Реле сатысы ток фазасына өлшегіштік ток трансформаторы көмегімен толы емес жұлдызша сұлбасы арқылы қосылған. Сонымен қатар суретте көрсетілгендей KW2, KW4 кернеу орамасы фаза аралық кернеуге кернеу трансформаторы арқылы қосылған. Зақымдалу кезінде тоқтық реле және қуат релесі іске қосыла отырып, КТ5 уақыт релесін қоздырады, соның салдарынан өзінің тәуелсіз уақыт ұстанымы бар түйіспесі КН6 көрсеткіштік релесін және ҮАТ ажыратқышының ажыратқыш орауышын қоздырады. Көрсеткіштік реле ажыратқыштың ажыратылуына сигнал береді.
Достарыңызбен бөлісу: |