Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы



бет1/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

«Алматы энергетика және байланыс институтының»



Коммерциялық емес акционерлік қоғамы  

 

 



С.Ә. Бұғыбаев., Б.Мұхтар 

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫСЫ ЖӘНЕ АВТОМАТИКАСЫ

 

Оқу құралы

 

 Оқу құралында электрмен жабдықтау жүйесінің электр қондырғыларының релелік қорғанысы  және автоматикасы элементтерінің жұмыс принципіне байланысты сұрақтар қарастырылған. Электрмеханикалық, электронды және микропроцессорлы релелердің құрылысы қарастырылған. Желінің, трансформаторлардың және электрқозғалтқыштардың қорғаныстары сұлбаларының принциптері қарастырылған.



Қазіргі заманғы микропроцессорлы релелердің құрылысына, істеу принципіне көп көңіл бөлінген.

Оқу құралы Электр энергетика мамандықтарының бағыты бойынша  оқитын студенттер үшін арналған.

 

 Алғы сөз  



Релелік қорғаныс электр автоматикасының негізгі түрі болып табылады, оның көмегінсіз электрмен жабдықтау жүйесінің үздіксіз қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Релелік қорғаныстың негізгі міндеті жүйенің зақымдалған бөлігін, басқа да зақымдалмаған бөлігінен автоматты түрде күштік ажыратқыштармен ажыратып немесе  оперативті қызметкерге қалыпсыз режімді жою үшін белгі береді.

Электр энергиясын пайдалану күннен күнге артуда, электр энергиясының сапасына және электрмен жабдықтау жүйесінің тезділігіне және сенімділігіне қатысты талаптың күшеюіне   байланысты, қазіргі заманда релелік қорғанысқа қойылатын талаптар да күшеюде. Осы уақытқа дейін тәжірибеде қолданылып келген электрмеханикалық релелер бұл талаптарды қанағаттандыра алмайды.

Сол себептен қазіргі  кезде ЭЕМ еске сақтау жадында қызмет ету алгоритмі бағдарланатын және сақталатын, микропроцессорлы қорғаныстар қолданысқа енгізілуде. Микропроцессорлы релелік қорғаныстың сенімділігі өте жоғары, тез және  басқару, реттеу және пайдалануы, жөнделуі өте ыңғайлы жасалынған. Сонымен қатар микропроцессорлы сандық релелік қорғаныс көмегімен, өндірістегі технологиялық үрдістерді автоматты басқару терминалын жасау үшін қолданылады.

Бұл оқу құралы электрмеханикалық реледе және микропроцессорлы базада жасалған, релелік қорғаныстың құрылысын оқып үйрену үшін, материалдардан тұрады. Оқу құралының мазмұны желінің, трансформаторлардың, электрқозғалтқыштардың, және де сандық релелер бойынша материалдардан тұрады. Сонымен қатар, электр қондырғылардың телемеханизациясы қарастырылған. Бұл оқу құралын студенттер электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қорғанысын есептеу курстық жұмысында және дипломдық жобаларында қолдануына болады, және де релелік қорғаныс және автоматика саласы бойынша жұмыс істейтін маманға көмекші құрал ретінде пайдалануына болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет