Б. Мұхтар электрмен жабдықтау жүйесінің релелік қОРҒанысы және автоматикасы



бет4/24
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#18420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Сенімділік – қорғаныстың берілген техникалық дәлділіктегі, яғни істен шығудың минималды мөлшері, функцияларды орындау қасиеті. Қорғаныстың АҚ-ң оның негізгі функцияларымен сәйкес істен шығуы іске қосылудың істен шығуы, артық немесе жалған іске қосылу болуы мүмкін.

Қорғаныстың істен шығуы элементтердің сипаттамаларын өзгерту нәтижесінде немесе оларды құрылыстан шығуы нәтижесінде болады. Қорғаныс АҚ-ң функционалды сұлбасы автоматты басқару принциптерімен сәйкес 1.1-суретте көрсетілген құрылымдық сұлба түрінде көрсетілуі мүмкін.



1.1 Сурет - Қорғаныстың автоматты құрылғысының функционалды сұлбасы: ПС 1 және ПС 2 – сигналдың кіріс және шығыс өлшеуіш түрлендіргіштері, ПР – релелік сипаттамалы түрлендіргіш (логикалық элемент), У – тағайыншама, И – индикатор, БП – қорек блогы, КА – реле.

 

Нақты АҚ-да автоматты ажыратқыштардан бастала отырып көрсетілген сұлбаның жеке түйіндеріндегі функциялар нақты құрылғылардың әртүрлі элементтерімен орындалуы мүмкін.



Кез келген АҚ-ң басты түйіні уақыттық кешігумен, сондай-ақ онсыз да (АҚ уақыт ұстанымымен және үзiндi) орындалатын логикалық элемент және АҚ қорғанысының – тоқтық қорғаныс релесі, кедергі релесі, бағытталған қуат релесі және т.б., типтерін анықтайтын өлшеуіш орган болып табылады. Элементтің шығысында және кірісінде екі өлшеуіш органның болуы абсолютті селективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дифференциалды қорғанысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда сұлбаның жеке блоктарының болмауы да мүмкін.

Мысалы, электромеханикалық реледе орындалған АҚ-да қорек блогы жоқ, ал түрлендіргіштер электрмеханикалық құрылғы болып табылады.

Аналогтық микросұлбаларды және микропроцессорларды қолданатын АҚ-да құрылғының жұмыс жасауын және қоректің үзілісі кезінде деректерді сақтауды қамтамасыз ететін қорек блогы пайда болады, ал индикатор дисплей деректерді бейнелейтін едәуір күрделі алфавитті-сандық құрылғы болып табылады.

Аналогтық және сандық сұлба техниканың жетістігі электромеханикалық реледегі релелік қорғаныс және автоматиканың дәстүрлі құрылғыларына дес бермейтін жоғары сенімділіктегі АҚ жасауға мүмкіндік берді.

Айта кету керек, АҚ-ң көбіне коммутациялық аппараты әлі күнге дейін түйіспелік электромеханикалық құрылғы болып табылады. 

 

        2 Желілердің және ҚТ тоқтарының фаза аралық тұйықталуларының түрлері



 

Желінің аса жиі зақымдалуының бірнеше түрлері бар қысқа фаза аралық тұйықталулар (ҚТ) болып табылады (2.1 сурет).



2.1 Сурет - Үш фазалық тізбектің қысқа тұйықталуының түрлері (а) және оларға сәйкес (б – К(3); в – К(2); г – К(1)) векторлық диаграммалары

 

Үш фазалық ҚТ кезінде (2.1 сурет, б) тоқтар тура реттіліктегі симметриялы жұлдызшаны құрайды. Фазалардың ҚТ тоқтарының мәндері бұл жағдайда мынаған тең болады



Екі фазалық ҚТ кезінде (2.1 сурет, в) ҚТ тоқтары фазааралық ЭҚК арқылы туындайды. Жүктеме тоғын есепке алмағандағы зақымдалмаған фазадағы тоқты  деп есептеуге болады. Фазалардың ҚТ тоқтарының мәндері





 болуына байланысты екі фазалық ҚТ тоқтары тура және кері реттіліктің құрауыштарын тудырады.

Бір фазалы ҚТ және бейтараптың терең жерлестірген кездегі (2.1 сурет,г) жүктеме тоғын есептемегенде қозғалмайтын фазалардың тоқтарын  деп есептеуге болады. ҚТ тоғы бұл кезде



мұндағы  - тура, кері және нөлдік реттілік жүйесінің және желінің қосынды кедергілері.

Бір фазалы ҚТ тоғы тура, кері және нөлдік реттіліктегі тоқтардан тұрады.

Осылайша қысқа тұйықталулар желінің зақымдалған бөлігін өшіруді талап ететін асқын тоқтардың пайда болуына алып келеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет