Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі Отбасы-тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы Орындаған



бет1/3
Дата29.05.2022
өлшемі26,33 Kb.
#35865
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Тәрие сағаты


Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Отбасы-тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы

Орындаған: Хунанбай А.
Тақырыбы: Отбасы-тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері:отбасына сүйіспеншілікпен қарау
Сабақ түрі:сынып сағаты
Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
2.Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Кіріспе әңгіме
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет