Б.Соқпақбаев прозасындағы сюжет пен
композиция үйлесімі
Н.Зұлхайдарқызы,
магистрант
Қазақстан, Астана
Ӛткен ғ асырдағ ы қазақ әдебиетінің ӛсу, ӛркендеу жолына кӛз салар болсақ оның
қазіргідей шырқау биікке шығ уына небір ғ ажап таланттар ат салысқанын кӛреміз. Әрқайсысы
ӛзінің шама-шарқынша туғ ан әдебиетіміздің кӛп қырлы, кӛп сырлы, кемпірқосақтай алуан түрлі
әсем бояулы болуына үлес қосыпты. Бұл ғ асырда халқымыз басынан кешкен әрбір кезең
хатталып кӛркем әдебиеттің бетіне түсіп балталасаң ӛшпейтін елдік шежіре жасалғ ан. Нағ ыз ерек
таланттар қаламынан туғ ан шығ армалар ӛз халқымыздың ғ ана емес, әлем халықтарының да
рухани сусынын қандырар баршағ а ортақ асыл қазынағ а айналғ ан.
Сондай асыл қазынамыздың бірі Бердібек Соқпақбаевтың шығ армалары. Ӛзіндік сырлы
бояуы бар шуақты шыншыл шығ армашылық. Балаларғ а деп жазып, балалар жазушысы атанып,
ал шындығ ына келгенде шығ армаларын жас пен кәрінің бәрі бірдей сүйіп оқитын, қалың
оқырманның махаббатына бӛленген шын мәніндегі халықтық жазушы.
Б.Соқпақбаевтың жастық шағ ы қиындыққа толы, қайғ ы-қасіреттері кӛп болғ анымен ол
шығ армашылық қадамын бірден сәтті бастағ ан, жолы болғ ан жазушы. Талай рет арқасына
ӛмірдің ащы «таяғ ы» аяусыз тиді. Сонда да ӛмірге деген «оптимисттік» кӛзқарасын еш
жоғ алтпағ ан. Керісінше, сол кӛрген қиыншылықтарынан ұмтылмас сабақ алып, болашаққа нық
сеніммен қарағ ан. Жігерлі, ӛмірдің болмашы ғ ана қиындығ ына сағ ы сынбайтын, қайсар әрі ӛжет
болып ӛседі. Кейіннен есейгенде сол «балалық шағ ын ұрлағ ан» заманды қағ аз бетіне түсіреді.
Әрине, сол шығ армаларында басты кейіпкер, ӛмірге құштар жан -жазушының ӛзі. Ол кӛптеген
туындыларына ӛз балалық шағ ын арқау етіп отырғ ан. «Ауырдың үсті, жеңілдің астымен» жүруге
жаны қас жазушы ӛз шығ армаларында оқырман қауымды ӛмірді сүюге, тағ дыр ауыртпалығ ына
мойынсұнбауғ а, тӛзімділікке шақырады.
Алғ ашқы кітабының жарыққа шыққаны жайлы Бердібек Соқпақбаевтың еске алғ ан сӛзін
айтар болсақ: "Баспаның директоры аты республикағ а белгілі ақын еді. Ол мені студент кезімнен
білетін. Бұрынғ ы жылы институттың мен басқаратын әдебиет үйірмесінде біз онымен мықтап
тұрып дауласып, кездесу кешін ӛткізбенбіз. Бірге суретке түскенбіз. Соның бәрі ол кісінің есінде
екен. Жастарғ а қамқоршыл мінезімен ол мені ӛте жылы қарсы алды. Баспағ а қатысты
шаруаларымды ешқандай әуре-сарсанғ а салмай тындырып берді", - дейді.
Бұрымындай қыздардың
Ағ асың әсем ӛріліп,
Тӛсінде ойнап құздардың,
Күмістей жалт-жұлт кӛрініп.
Соқса да дауыл бұлқынып,
Басса да құлап зіл жартас.
Жай түссе де тас жарып,
Күлкіңді сенің тыя алмас [3,5] – осындай жыр шумақтарымен Б.Соқпақбаев әдебиет
әлемінің табалдырығ ынан аттағ ан еді. Әдебиетке құштар, жазушы болуды армандағ ан балғ ын
жас осылайша ӛз күшін ең әуелі поэзияда байқап, сӛз қасиетін, сӛз қадірін поэзия безбенімен
ӛлшеуді үйренді. "Бұлақ" атты жинақ жазушының алдағ ы шығ армашылық ғ ұмырының
бағ дарламасы іспетті болатын. "Тӛсінде ойнап құздардың күмістей жалт-жұлт кӛрініп" -
Соқпақбаев шығ армашылығ ының бар сипат, қасиеттерінің анықтамасын осынау жолдарда алдын
ала ӛзі айтып кеткендей. Кӛркемдік биігінен ойнақтап кӛрінетін оның тамаша повестері, күмістей
жалт-жұлт еткен мӛлдір таза әшекейлі тілі шығ армадан шығ армағ а шыңдалып, шымырланып,
шеберлене берді.
Б.Соқпақбаевтың осындай артына ӛшпес із қалдырғ ан шоқтығ ы биік шығ армалардың бірі
- "Менің атым - Қожа" повесі. Ол - қазақ балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Халықтың, жас
оқырмандардың шынайы ықыласына бӛленген сәтті туынды.
"Менің атым - Қожаның" кӛркемдік ерекшелігіне тоқталсақ, алдымен назар
аударатынымыз құрылымының тосындығ ы, ӛзгешелігі. Кӛркем шығ арма құрылымы сӛз
болғ анда, әңгіме сюжет пен композиция туралы болатыны белгілі. "Дүниеге келген әрбір
туындының кӛркемдігі мен құндылығ ы осы екеуінің бірлігі арқылы анықталады. Сюжет нақтылы
кӛрінісін композициядан тапса, іс әрекет ізімен шығ арма құрылысының жасалатыны да анық.
Повесте оқиғ алар жүйесі мектеп оқушысы Қожа Қадыров тӛңірегінде ӛрбиді. Шығ армада
оның іс-әрекеті, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі, басқалармен қарым - қатынасы
суреттеледі.
Повесть әрқайсысына тақырып қойылып, нанымды, әсерлі оқиғ аларғ а құрылғ ан 27
тараудан тұрады. Шығ арманың жазылу әдісі, батыс әдебиетіндегі романның әрбір тарауына
айдар ретінде кӛне қағ идалардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағ ып жетектейтін тәсілді еріксіз
еске түсіреді. Мәселен, В.Скоттың "Айвенгосын", немесе Ж.Верннің "Дәрігер Окстың
тәжірибесіндегі" әрбір тараудың басындағ ы мазмұнның қысқаша баяндалып кету нұсқасы ӛз
дәрежесінде шығ арманы ӛте ұтымды және қызғ ылықты етіп кӛрсеткені анық.
Жазушының ӛзі кӛрсеткендей "Менің атым - Қожа" мен М.Твеннің "Том Сойерін"
салыстырып қарай бастасақ, тараулардың қысқалығ ы, автордың айтайын деген ойын тым
ауырлатппай, жеңіл елгезек тілмен алып кетуі сияқы ұқсастықтарды табуғ а болады. Жазушының
шынайы ӛмірден алынғ ан қызықты хикаялары жоғ арыдағ ыдай ӛмірі ӛлмес нұсқалармен
әбзелденген. Алайда, бұл еліктеу дәрежесінде қалып қоймағ ан, қазақ топырағ ының
шындығ ынан барып туындағ ан талантты шығ арма. "Осындай шығ арма қазақ балаларына да
керек" деген мақсаттан барып туындағ ан дүние болса керек.
"Композиция құрамына сюжеттің кезеңдері ғ ана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіретіні
белгілі. Солардың бірі - пролог - кӛркем шығ армағ а кіріспелердің бір түрі" [2, 55] екенін ескерсек,
повестегі "Кіріспе орнына" деген тарау пролог іспетті. "Оллаһи, мақтанғ аным емес, достарым,
шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің кӛкейіме ерте ұялады.
Үшінші-тӛртінші кластарда оқып жүргеннің ӛзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл
ауданғ а жайылды..." [1,5]. Бұл - кейіпкер Қожаның сӛзі. Повестің кіріспесі дәл осылай басталады.
Ӛз арман-тілегі туралы аздап сыр ашқан автор "ӛтірік ештеңе қоспаймын" деп уәде береді. Уәдесін
орындайды да. "Кіріспе орнына" деген тараудың басты міндетінің ӛзі - шығ арманың нанымды
шығ уына қызмет ету болса керек. Шығ армадағ ы оқиғ алар бас кейіпкер атынан, яғ ни бірінші
жақтан баяндалады. Жазушының ӛз сӛзімен айтсақ бұл тәсіл "... ӛмір құбылыстарын - жақсы мен
жаманды, ақ пен қараны бала кӛзімен кӛру, бала түйсігімен түсінуден туындайды".
Бұл айтқандарымыз - повестің бірден кӛзге түскен композияциялық ерекшелігі. Ол
ерекшеліктер жазушының кейіннен жарық кӛрген, автобиографиялық туындысы болып саналатын
"Балалық шаққа саяхат" повесінде де ӛз кӛрінісін тапқан. Сюжеттің басталуы оның кіріспесі іспетті:
мұнда әдеби қаһармандар ӛзара қарым-қатынасқа кӛшпес бұрынғ ы хал-жағ дай, тіршілік,
қоғ амдық орта, болашақ қақтығ ыстар алаңы, оқиғ алар орны суреттеледі. Сюжеттік даму
Қожаның айналасындағ ы адамдармен қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізделген 4 тараудағ ы
Майқанованың ӛзінен үлгерімі тӛмен, сыпсық Жантасқа жолдама беріп, Қожағ а бермеуі оның
теріс жолғ а түсуіне себеп болады. Қарап отырсақ, педагогикалық қызметтегі объективтік
бағ алаудың сәл сәтке болса да әлсіреуі - бала тәрбиесіне әсер етеді екен.
Егер сюжеттің негізі тартыс болса, Қожа мен Майқанова арасындағ ы психологиялық
тартыс сюжетті ӛрістетудің тәсілі тәрізді. Пионер лагеріне жолдама ала алмай қалғ ан Қожа
жайлауғ а мамасына жүрмекші болады. Колхоз атын ұрлап мінуге келгенде, Сұлтанмен
кездеседі... Одан әрі шығ арма сюжеті ширақ ӛрбіп дамиды. М.Горькийдің анықтауы бойынша,
шығ арманың тартымды, әсерлі болуы оның сюжетінің жатық, ширақ шығ уына байланысты.
Жалпы, Б.Соқпақбаев шығ арма сюжетін қаһармандар характерлерінің қақтығ ысы,
конфликт арқылы ӛрбітеді. Сюжет - әрбір қаламгер жаңадан жасайтын дүние, ол бір туғ ан соң
әсте қайталанбаса керек.
Тамаша құрылғ ан сюжет пен композиция қаламгердің айтайын деген идеясына, образдың
жан - жақты кӛрініп, ӛсу логикасына қызмет етеді. Ондағ ан кейіпкерлерге, сан түрлі оқиғ алар мен
неше алуан суреттеу құралдарына тиісті орын тауып, ӛмірлік жағ ынан нанымды етіп шығ аруы, сӛз
зергерінің шын мәніндегі шеберлігін аңғ артады.
Бердібек Соқпақбаев - қазақ әдебиетінде ӛзіндік ӛрнегімен, шындықты қарапайым
әңгімелеу арқылы мӛлдіретіп, кӛз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен
психологиялық бейнелеудің де ӛзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі еді.
Жасынан ӛмір талқысын кӛп кӛрген адамның ӛмірбаяндық деректері оның шығ армаларына арқау
болды. Ұрпаққа деген басты шығ армаларды жазып, оқырмандарынан лайықты бағ асын алғ ан
бақытты жазушы.
Адам үшін ӛмірдегі ең қымбат бала болғ андықтан, әдебиеттегі ең құрметті - балалар
әдебиеті. Барлық еңбек, барлық ӛнер құрметті болғ анмен, балаларғ а арналғ аннан асары жоқ. Ал,
сол қызметті балалардың ӛздері жоғ ары бағ аласа, ӛнер адамы үшін одан үлкен бақыт бола
бермес.
Тағ ы бір айта кететін жайт. Бердібек Соқпақбаев шығ армаларына тән, ортақ белгі –
бірінші жақтан баяндалатындығ ы. Бұл стильді жазушы саналы түрде таңдап алғ анғ а ұқсайды.
Олай дейтініміз, балаларғ а арналғ андықтан сенімді болу керек. Тілге жеңіл, түсінуге оңай болса...
деген сияқты біз айтпағ ан тағ ы да қаншама қасиетті қоса келгенде ең оңтайлысы – осы. Авторлық
«Мен» жеке тұлғ а ретінде қай шығ армасында да қарапайым адам. Жұрттан асқан ерлігі, елден
асқан ақылы да кӛрінбейді. Бірақ оқушыны бірден-ақ баурап алады. Шығ арманың мықтылығ ын –
«енді не болар екен дегізсе...» деп бағ алап жатамыз кейде. Бердібек Соқпақбаевтың ерекшелігі
осы сӛзді кӛп айтқызбайды. Бірақ оқи бересіз, құнығ а бересіз. Шиеленісіп жатқан сюжет те жоқ.
Дегенмен, жібермейді бір күш. Себебі, Бердібек Соқпақбаев алдымен оқушының санасына
орнығ ып, ӛзі оқушығ а, оқушы оғ ан айналып кетеді.
«Менің атым Қожа» шығ армасында «Повестің бірінші тарауын осымен доғ арамын да,
келесі тарауғ а кӛшемін», – дейді автор шығ арманың ішінде. Кәдімгі автор ретінде айта салады.
Оқиғ алардан бӛліп алып. Бірақ осы бір жол оқырманғ а автор Бердібек емес, Қожа болып әсер
етеді. Қожа осы қазір, қасыңда отырып жазып отырғ андай. Тақ бір повесть жазу оп-оңай шаруа
сықылды. Міне, автор осы тұстан бастап толықтай сіздің құрдасыңыз. Бала. Ал, сіз шығ арманың
басында-ақ авторғ а айналып кеткенсіз. Қараңыз, Қожа ӛз атына риза емес. Дәл осы тұста сіз де ӛз
атыңыз жайлы бір ойлап ӛтесіз. Келесі сәтте мына бір үзінді:
«Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлықтардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-
алты жасқа толғ анша оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «кенжем», «сүйіктім»,
«жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғ аннан
кейін, бала ӛзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?»
[1, 8].
Дұрыс, әрине. Бұл сіздің ішкі ойыңыз. Іле, «егер бізде де осылай болса, мен ӛзіме қандай
ат қояр едім», – деп кәдімгідей ойлана бастайсыз. Ал, енді сіз автормен бір адамсыз. Ол не айтса
да сіз кӛнесіз. Қаратай жаман ба? Жаман! Майқанова ше? Ол да! Жантас? Атай кӛрме!..
Қаратай неге жаман? Ересек адамның кӛзқарасымен, табиғ ат заңын негізге алып ойланып
кӛрсеңіз, Қаратайдың түк кінәсі жоқ. Әйелі ӛлген. Енді күйеуі жоқ Миллатқа «екі жарты – бір бүтін»
туралы ұсыныс айтып жүрген адам. «Жол ортасында атың, жер ортасында қатының ӛлмесін»
деген қазақтың даналығ ын есіңе алсаң, тіпті жаның ашып кететін-ақ кейіпкер. Оны жек кӛрінішті
қылатындай артық оқиғ а да жоқ повесте. Бар болғ аны Қожаның анасына сӛз салып жүр. Жоқ, сіз
бәрібір қарсысыз. Ӛйткені, сіз Қожасыз. Сіздің шешеңізге кӛз салуғ а ешбір кӛлденең еркектің қақы
жоқ.
Болды!
Бала оқырманның санасына қалай жол табу керегін Бердібек мықты меңгерген жазушы.
Баяғ ыда ұмыт болғ ан, тіпті, елесі де қалмағ ан бала кездегі «ақымақ» армандарды қайта тірілтіп,
кӛз алдыңызғ а қаз-қалпында тарта салғ анда, «осыны қалай ұмытпай жүр екен?» – деп таңдай
қағ асыз.
Әдебиеттер тізімі
1.
Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. –Аст.: Елорда, 1999.
2.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - А.: Мектеп, 1969.
3.
Баймұратова Б. Оралмас күндердің естеліктері. // Қазақ әдебиеті, 14.01.2011 № 1-2.
Достарыңызбен бөлісу: |