Б. Т. Панзабек 1, Р. З. Зайкенова



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата25.11.2023
өлшемі2,28 Mb.
#126141
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kekilbaev-gimelerini-k-rkemdik-palitrasy

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020 
95
халқымыздың өткен тарихына ден қою, ата-бабаларымыздың мұрат-мүддесін, мақсат-тілегін бейнелеу 
үрдіс сипат алып қадау-қадау қадамдар жасалынды. Ә.Кекілбаев сынды І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, 
М.Мағауин, С.Сматаев т.б. жазушыларымыздың кесек бітімді, тарихи романдары дүниеге келді. Осы 
шығармаларының қатарына Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары да қосылды. Жазушы 
халқымыздың тарихындағы ең бір тұлғалы кезеңді – Қазақстанның Ресейге бағынышты болып, бодан бола 
бастау сәтін шығармасына арқау еткен. Ел басына сын болған бұл кезең І. Есенберлиннің «Көшпенділер» 
триологиясында және Т. Ахтановтың «Ант» драмалық тарихи дастанында өте көркем бейнеленгені 
көпшілікке жақсы таныс. Бұл екі жазушы өз туындыларында «Үркер», «Елең- алаңның» басты 
кейіпкерлері болып табылатын Жәнібек батыр мен Әбілқайыр ханды, Бопай ханымды қанды 
шайқастармен ел тағдыры талқыға түскен тар жол, тайғақ кешулерде халық қамын жеген кесек бейнелер 
ретінде көрсеткен болатын. Ал Әбіш Кекілбаев романдарын басқа ыңғайда, психологиялық ізденіспен 
көрсетуге тырысты. Ә.Кекілбаев шығармаларына соған сәйкес көптеген сыни мақалалар да жазылды. 
Жазушының «Аңыздың ақыры» романы жайындағы өз пікірін атақты ғалым Р.Бердібаев «Қазақ тарихи 
романы» [2; 217] атты еңбегінде ұсынды. Сонымен бірге Ә.Кекілбаевтың бұл романы жөнінде Зингрид 
Клянмихель «Жалын», ал Т.Тоқбергенов «Жұлдыз» журналдарында өз ойларын білдірді.
Шығармашылығындағы орны ерекше туындысы – «Аңыздың ақыры» романы. «Аңыздың ақыры» 
романы – ұлттық танымның жиынтығы. Оны талдап айту ауқымды жұмысты талап етеді. Одан кейінгі 
«Ханша-дария хикаясы», «Шыңырау», «Күй», «Бәсеке» сынды хикаяттары жүйелі түрде ұлттық таным 
мен құндылықтар жиілігін жалғастырып тұр. Әңгімелері де де осы тізбекті бұзбай, ұлттық болмыстан 
ажырамай, оқырманына маңызды, мәнді дүниені беріп келеді. Бұл – авторлық көркемдік ізденіс 
палитрасының тереңдігі. Қаламгердің ең алғашқы жазылған деп жүрген «Ең бақытты күн», «Аш бөрі» 
атты әңгімелерін Мұхтар Мағауин «Әбіш екеуміз» деген естелігінде өзгертіп, жаңартқандай: ««Жүнді 
барақ» әңгімесі – Әбіштің шағын прозадағы алғашқы 
қадамы» [3;4] 
– деп, оқиға қай жерде болғанын, 
қашан болғанын, кімдер болғанын дәлелдей жазады. 
Кез келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш 
болуы заңды. Көркем әдебиеттегі әңгіме зерттеуге түскенімен, оның ашылмаған не жете зерттелмеген 
нысандары өте көп. Көркем шығарманың ақпарат беру аясы, қаламгердің көркемдік ізденістерін зерттеу 
– өзекті мәселелерінің бірі. Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі – ішкі монолог (кейіпкердің 
ішінен айтылатын сөз, іштей сөйлесу, өзіңмен-өзіңнің сырласуың, өзіңді-өзің іштей саралау) көрінісі 
қарастырылғанымен, арнайы жан -жақты зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Ал, ішкі монологсыз 
күрделі де көркемдік дәрежесі биік, нағыз танымды туындының дүниеге келуі мүмкін емес. 
Әрбір ақын, жазушыға қоғамдағы жағдайлар, өмір құбылыстары, жарқын болашаққа деген 
талпыныс, адамзат мінезіндегі өзгерістер, кей оқиғаларға деген іштей келіспеушілік міне, осындай сәттер 
жаңа бір туындының дүниеге келуіне түрткі болады. Сондықтан да кез келген әдеби шығарма қаламгердің 
өз перзентіндей. Әдетте, өмірге жаңа қадам басқан сәбидің келбетінен, жүріс-тұрысынан, мінез-құлқын 
бақылап сен «пәленшенің баласысың» дегендей пікірлер айтылып жатады. Міне, әрбір жазушының 
шығармасы, мейлі ол роман, хикаят немесе әңгіме болсын олар өз шығармаларыңдағы кейіпкерлер 
бойында өмір сүреді, көкейінде жатқан ой-арманын кейіпкерлер арқылы оқырманға жеткізеді.
Шығарманы оқу барысында оқырман кейіпкерлер арасынан авторды іздейді. Себебі, автор әрқашан өз 
кейіпкерлері өз болмысында. Адамның шын келбетін, оның нағыз қалпын жан дүниесіне үңіле қарағанда 
ғана тануға болады. Өйткені, нағыз шындық адамның жан дүниесінде, өзінің табиғи қалпында, еш бояу 
қоспасыз сақталады. Ә.Кекілбаев шығармаларынан біз бас қаһармандардың ішкі әлемін терең танимыз. 
Тіптен шығарманың өне бойында кейіпкердің ішкі монологы 
бірі-бірімен өріле байланысып, бір ой екінші 
оймен тоғыса-тартысып жатады. Жазушы бір кейіпкер тағдыры жайында әңгімелей отырып, сол адамның 
тағдырын танытар қоғамдағы саяси жағдайларға да толық мағлұмат беріп отырады. Психологиялық анализ 
жасайды. Шығармаларындағы суреттеу барысында ашық деталь да, ішкі монолог, философиялық 
проблемаларға жүгіну, ассоциациялық байланыста құрылған өткен мен бүгіннің қаһарман тағдырындағы 
көрінісі. Адам жанының иірімдері, тылсым тұңғиығы, нәзік тебіреністері, томаға-тұйық сырлары, бұралаң 
бұрмалары соншалық, олардын ұшы-қиырына, кейде тіпті сол жан иесінің өзі қанша қызықтап қадағаласа 
да жете алмайтындай. Соның бәріне жетемін, түсінемін деп барын салатын жазушы еңбегінің қиямет 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет