Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020 96
қиындығы, азабы мен рахаты өнерін айтсаңызшы! Жазушы Ә.Кекілбаев та адамның ішкі сырын ашуда
кереметтей детальдарды өз шығармаларыңда шебер қолданып отырады.
Ә.Кекілбаевтің «Бәйгеторы» әңгімесінде оқырман бір қарағанда бір кездегі бәйгеден озып,
кейінгіде адамзатқа қажетсіз болып қалған жай сәйгіліктің бейнесін көргендей болады. Ал шығарманың
ішкі болмысына үңіле талдау жасайтын болсаңыз, автордың айтпақ ойын ұғынуға болады.
«Бәйгеторы»
– шығармасы өмірдегі жақсы мен жаманды, әділеттілік пен келеңсіздікті, адамзат бойындағы түрлі
мінездерді көрсететен шығарма. Адамзат бойындағы түрлі мінез-құлықтар, абырой мен атақ даңқын бар
кезеңде елге сыйлы болып, қолыңда билік, бойыңда мансап болмаған кезде теріс айналар пендешілік деген
мәселе төңірегінде терең ой қозғайды.
«Бәйгеторының өмірінде бірінші рет шапқан бәйгесінде екі аттан кейін келген хабары ауылға
өздерінен бұрын жетіпті. Қырат басына шыға келулері-ақ мұң екен, шабдар кеңсенің қасындағы қара-
құраң көбейе түсті. Кеңсеге жақындай бергенде, жұрт топылып алдарынан шықты. Бәрі де көздері
жылтырап, ентелей қарайды. Тапал сары құла атын тебініп, тағы да ілгері озды. Жолдың шаңы қонып
сатпақтанып қалған тор-тор қағанақ қалпағын қолына алды. Ұшын уысына жиып ұстаған шолақ
қамшысын ербеңдетіп саулай жөнелді. Жұрттың аузы аңырайып қалған. Көмекейлеріне бөгелек кіріп,
шағып алса да білер емес. Анау күні осқырынып тұрған жарғақ шалбарлы жапырық шал бүгін шыны
шақшасының тығынын ашпаған күйі елтіп қалыпты. Бұның белі талып, тыпырши берді. Сейіс серіктеріне
жүрейік деген рай байқатты. Бұлар жүріп кетіп еді, қалың топыр құдды бұл алтын тезектеп бара жатқандай
соңынан көз ала алмай қарап тұр. Кеңседен бес-алты қалпақты шығып атқа қонды. Тапал сары көшені
бойлап ауылдың екінші шетіне қарай шауып ала жөнелді. Бұлар кеңсенің көлеңкесінен аттанған бес-алты
аттыны ертіп, Сейістің ауылына беттеді. Жалғыз үйлі Сейістің ауылына енді жете бергенде жал басынан
құла ат та қылтиды. Бұлар үйдің ту сыртына келіп, енді қаңтарылып жатқанда о да жетті. Тапал сары аттан
секіріп түсіп, ердің басынан сылдыр еткізіп бір қалтаны ап, бәйге баладан үйге беріп жіберді. Үйдің іші
абыр-сабыр. Қауқылдасқан әңгіме көбейді. Бұл бес-алты аттың ортасында белдеуде қалды. Қалпақтылар
қайта-қайта қарқ-қарқ күледі. Гүрс-гүрс піскен сабаның даусына ілесе, түрулі іргеден қымыздың хош иісі
аңқиды. Сырты күйе-күйе кебеже қарын пұшық шайнек мосыға ілінді. Үйден енді сырт-сырт сусып түсіп
жатқан қағаз дауысы шықты. Бәйге бала белін шешпестен үйдің желкесіндегі тауға көтерілді, ұшпа тастың
көлеңкесінде жатқан қозы-лақты үркітіп, ішінен құрт мүйіз қоңыр марқаны ұстап ап, бері сүйреледі. Қозы
сойылып, қазанға түсті. Қара шайнек сарқылып, дастархан жиылды. Үйден дың-дың домбыра үні келді»
[4;18]. Мұнда автор бәйгеторының алғаш бәйгеге түскен күннен бастап, өзінің мықтылығын дәлелдеп, ел
арасында ол жайында сөздің ауыздан ауызға тараған кездерін әдемі бейнелейді. Автор осы бір сәйгүлік
арқылы адамзат бойындағы ашыла бермейтін терең иірімдерді ашады. Сәйгүлік аттың ат бәйге сайын
басып озып егесін абыройға кеңелтіп, масайраған тұстарын керемет суреттейді. Сәйгүліктің ішкі ойлары
арқылы бірде мансап, билікке құмар болған адамзат баласының бойында кездесетін пендешілік
әрекеттерді ашса, енді бірде абырой мен даңқтың қолдан кеткен тұсында керексіз хәлге ұшыратар адамдар
арасындағы қарым-қатынас, билік пен байлыққұмарлық, жағымпаздық пен сараңдық туралы айтқысы
келеді.
Бәйгеторының бәйгеден тысқары қалған тұстарын сәйгүліктің ішкі ойлары арқылы автор шебер
бейнелеуге тырысады: “Сол күні атқораға әкеп қамады. Кешқұрым Сейіс сыртына бұрқырап шаңы ұшқан
қаудырлақ жем дорбаны мойнына ілді. Бұл қыс түскенше ат қорада қала берді. Қыс түсе тапал сары Сейісті
қасына шақырып ап көп пыш-пыштады. Ертесіне Сейісті ертіп бір жаққа аттанып кетті. Арада бір аптадай
уақыт өткен соң, қайтып оралды. Анадағы көктеңбіл айғырдан аумайтын көк ала жабағы тайды әкеп,
бұның қасына байлады. Тапал сары көк ала тайды байлап тастап, ыржалақтап бұның қасына келді. Бұл
мекіреніп тұмсығын ұсынып еді, тұмсығына қолын тосты. Екі саусағының арасынан әлденені қылтитты.
Тәтті нәрсе әкелген екен деп, асап қалып еді, тісі кірш ете қалды. Тапал сары бажылға басты. Соның
арасынша оң жақ шекесін қамшы көме жөнелді. Біржақ көзі анадай жерге ұшып кеткендей болды. Естен
танып, миы зеңіп қиралаңдап жығыла берді. Көз алдын қан жуды. Сол жығылғаннан қанша жатқанын
білген жоқ. Есін жиса, Сейіс күп боп ісіп кеткен оң көзін жуып отыр екен.Содан қайтып Сейісті көріп
тұрғаны осы. Содан бері бұның оң жаққапталы су қараңғы қара түнек. Көзі жоқ жағынан сыбдыр шықса,
қасқыр шап бергендей зәре-құты қалмай, тұла бойы шімірігіп кетеді. Содан бері аспандағы ай мен күн де