Сырт көзге үйреншікті, еш әбестігі жоқ жағдай
болып көрінгенмен, іс жүзінде құлаққа жағымсыз,
паразит сөздерден арыла алмай жүрген кедей
тілдің көрінісін жасап жатамыз.
Тілдік талғам – тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу
арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық
қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де
осында – тілдік талғамсыздықтың көрінісі
болуында.
Ұлттық теледидардан берілетін бір
жар на ма дағы
орысша
«зарядка
огнетушителей» сөзі «өрт сөндіргіш
зарядкалары» деп аударылып, жа‐
ңылыспасам 3-4 жылдай үз бес тен
шығып
келеді.
Негізгі
дұрыс
мағынасы – өрт сөндіргіш ыдыс,
құтыларға арнайы сұйық (көбік) құю,
яғни оларды тол тыру.
Соңғы кезде тележүргізу ші ле рі міз бен
дикторларымыз оры с тар дың өздері де
орынды қол дана бермейтін «имело
место» деген тіркесті мән-мағынасы
кел се де, келмесе де екі сөздің бірінде
«орын алды» деп қосып отырады.
Теледидар
дикторлары
«мектеп
қабырғасы» деген тіркесті түрлендіріп
«аурухана
қпбырғасы»,
«әкімшілік
қабырғасы»
деген
түрлі
қате
қолданыстарды жасап жатады. Одан
бөлек «және» сөзінің «және де» деп «де»
деген
демеулік
шылауды
жалғап
жатады. Бірақ, тіпті, қазақ тілінің
грамматикасындағы нормада жалғаулық
шылау мен демеулік шылау бірге
жалғанып
келмейтінін
барлығымыз
білсек те, қате қолданыс жасап жатамыз.
Алматы әуежайында «Регистрация пассажиров и оформление багажа»
деген сөз «Жолаушылардың тіркеуі мен қол жүктерінің рәсімдеуі» деп
аударылған екен. Орыс тілінің «родительный падежі» қазақ тілінде ілік
септігі болып аударылған. Ал ол негізінде табыс септігімен аударылуы
керек, яғни «Жолаушыларды тіркеу және қол жүгін рәсімдеу» болуы
тиіс.
«Ойымен, пікірімен бөлісті». Дұрыс емес. «Ой бөлісті, пікір
алысты» деу керек.
«-Ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе» сұрау есімдіктері жалғанғанда
оның алдындағы етістік аяқталмай, көсемшенің «-а, -е, -й»
жұрнағымен бітуге тиіс. Мысалы, «бола ма, келе ме, қарай ма»,
т.б. Ал біздің журналистер «болады ма?» дегенді сәнге
айналдырып алған. Бұл – сауатсыздық.
|