Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
57
Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жасаған жорықтарымен
сабақтаса көрінеді және алғашында Жошының өліміне
байланысты айтылады. Дегенмен, бұл «Кетбұқа мен Жошы
1227 жылы қарым-қатынас жасады» деп ой түюге негіз
емес. Жошы ханның Ұлығ биі, Жошы ұлысының Ұлығ биі
Жошының Аталық атану үшін бір жыл тым аздық етеді.
Сондай-ақ Аталық атану үшін бір жыл тым өз тәрбиесіне
берілген адамның өміріне бала кезінен араласуы қажет.
Өйткені өзі елге жөн сілтеуге жарап қалған жанға керегі –
Аталық емес, ақылшы, кеңесші. Осы тұрғыдан қарасақ,
1211-1215 жылдары Қытайды жаулау соғыстарына
қатысқан Жошының қасында Кетбұқаның болуы мүмкін
екенін де жоққа шығаруға бола қоймас. Бұл жылдары
Кетбұқаның жасы - 26-30 шамасында. Мұндай жас аралығы
– сол уақыт үшін ақыл мен қайраттың нағыз келісім тапқан
шағы.
Жошы қазасына соңғы Кетбұқа өмірінің біраз уақыты
тағы да белгісіздеу боп қалады да, ХІІ ғасырдың елуінші
жылдарынан
басталатын
оқиғаларымен
байланысты
қайтадан айтылады. Яғни, Мөңкенің ұлы қаған сайланып,
ендігі жорықтардың бағыт-бағдары айқындалып Құбылай
Қытайға қарай, Құлағу Иерусалимге қарай аттанатын боп
шешілген Құрылтайдан кейін, Кетбұқа тарих алаңында
көріне бастайды.
Сонда, Кетбұқадай әйгілі тұлғаның ширек ғасырға
жуық өмірі қалай өтуі ықтимал? Бірінші болжам – Жошы
ұлысына қарасты өз жұртының елдің тірлік-тынысын
бағыттап, біріге түсуіне, берекелі өмір сүруіне жол сілтеп,
ақылмен ақсақалға айналуы мүмкін екендігі. Әйткенмен
тұтастай Жошы ұлысының Ұлығ биі атанған тұлғаны
Шыңғыс хан нәсілінің жиырма бес жыл бойы назардан тыс
қалдырып, жаймашуақ тірлік кешуіне мүмкіндік беріп қоюы
қисынға сия қоймайтын сияқты.
Екінші болжам – Бату (Батый) ханға байланысты.
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
58
Ғалым Тұрсын Жұртбай: «Дулыға» кітабының екінші
кітабында: «...Ұлы құрылтай 1253 жылы Онон өзенінің
жағасында өтетінін, сонда қаған сайланатынын естіген
Батый ата мекенге жол жүруге шұғыл дайындалды. ...Жолай
қыпшақ даласын кесіп өтіп, Ұлытаудағы әкесі Жошы
ханның күмбезіне мінәжат қып, Ұлы, би Кетбұқа ноянды
өзімен бірге құрылтайға ертіп әкетті», - деп жазады. Назар
салсақ, Кетбұқа ноянның Ұлытаудан Батумен бірге
аттанғанын байқаймыз. Осы тұста: «Бәлкім, Кетбұқа мен
Бату Ұлытауға да бірге келген болар?» деген бір сұрақ
туады көңілде. Әзірге кесіп айтар жауап жоқ. Сондықтан
келесі сұрақтар көлденең дейді: «Өзіне тәлім көрсеткен
жанды Жошының өзі өз баласына Аталық етсе, оның несі
қисынсыз? Әйтпесе, өз әкесінің сенімді серігі, ақыл қосар
Аталығы болған жанды Бату өзіне кеңесші, ақылшы етсе,
оның несі қисынсыз?» Әрине, мұның бәрі әзірге болжам,
ойға қозғау салар сұрақтар ғана. Уақыты жеткенде, бұл
сұрақтардың жауабын тарихшы азаматтар тиянақтап бере
жатар. Соған сенеміз.
Әзірге белгісіз – осы Құрылтайдан кейін мұсылман
елдеріне жорыққа аттанатын Кұлағудың жанына, Батудың
кеңесі бойынша, Кетбұқа ақылшы, кеңесші ретінде
қосылады. Кетбұқаның қосылуы – Құлағу әскерінің
қатарына екі түмен түркі текті сарбаз қосылды деген сөз еді.
Осылайша, Құлағу ақыл - ой, көреген тактика жағынан ғана
емес, әскери күші жағынан салмақтана түскен болатын. Бұл
шешім қабылданған кезде Кетбұқа жасы жетпіске қарай бет
түзеген, көргені көп, түйгені мол, кемел ойлы қарт еді.
Кетбұқаның кеңесі бойынша, бұл жорыққа үш жыл
бойы қапысыз әзірлік жасалады. Әйгілі Л. Гумилев жазуына
сүйенсек, «Мал өрісін қалың әскердің ат тұяғы таптамас
үшін алдына жасақтың жүретін жолы белгіленіп, ел-жұрт
көшірілді. Өзендерге көпір салынып, бекет-бекеттерге азық-
түлік қоймасын ашты. Қытайдан қамал бұзатын қару-жарақ
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
59
жасайтын қолөнершілер шақырылды. Асықпай қозғалған
әскер 1256 жылы ақпанда ғана Әмударияның сол жақ
жағалауына өтті. Оның есесіне, 1257 жылы Ирандағы
исмаил әулетінің барлық қамалын жермен жексен етіп, 1257
жылы қаңтарда Бағдатты алды» Құлағудың бұл жорығы
кезінде неше алуан оқиғалардың қос-қабат жүріп жатқаны
белгілі. Дегенмен, шешуші оқиға 1260 жылдың жазында
болды. Мысырға қарсы шайқасқа дайындалып жатқан
Құлағу
Мөңкенің
қайтыс
болуына
байланысты
Қарақорымға оралуға тиісті болады да, әскердің бөлігін
Иранға орнықтырып, Палестинада өзінің екі түмен
жасағымен Кетбұқаны қалдырады. Міне, осы кезде
соғыссыз бітіспейтінін білген Мысыр жасағы Құтыздың
бастауымен 1260 жылдың 26-шілдесі күні шабуыл
бастайды. Құлағу әскерімен бірнеше рет майдандасып
үлгерген Құтыз қолы сол жылдың 3-қыркүйегінде
Палестина
жеріндегі
Айн-Жалуд
қамалы
түбінде
Кетбұқаның қосынына шабуыл жасайды. Кетбұқаның
әскери жеңіліс тауып, оның өзі тұтқынға алынады және
Құтыздың қылышынан ажал табады. Орайлы тұста айта
кетелік, осы оқиға кезінде әкесімен бірге қолға түскен
Кетбұқаның баласы Зейнуддин 1294 жылы Мысыр тағына
отырып, Мысырда билік құрған түркі нәсілді он бірінші
сұлтан болды. Оған қорған болған әйгілі Бейбарыс сұлтан
еді.
Жалпы, Кетбұқа өмірінің Құлағу жорығына қатысты
тастары көзіқарақты қауымға жақсы таныс. Дегенмен, кей
жағдайларда деректі жеткізу барысында эмоцияға бой
алдырып қоятын сәттер де кездесіп қалатыны жасырын
емес. Мәселен, 1260 жылы жасы 75-ке жететін Кетбұқаның
Құтызбен жекпе-жекке шығуы қандай қисынға симайтыны
анық қой. Ал, Кетбұқаның өлімді де қасқая қарсы алғанын
көрсеткісі келген адамға Л.Гумилевтің тура осы сәтті
сипаттайтын тастарын тауып алып, оқуға кеңес берер едік.
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
60
Өйткені тарих эмоцияны емес, дәлелділікті, нақтылықты,
шындыққа сәйкестікті құнттайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркі жұртының ХІІ
ғасырдағы аса танымал тұлғасы Кетбұқа елді біріктіруші би,
жаужүрек батыр, көреген қолбасшы, аңызға айналған күйші
болуымен бірге, емшілік дарыған қасиеттілігімен де
ерекшеленеді.
Өз дәуірінде Түркі жұртын түгендеуді, басын
біріктіруді, біртұтас ел етуді аңсап өткен Кетбұқадай
ерлердің арманы еліміздің бүгінгі өмірінде шындыққа
айналды. Ендігі мақсат – ырзығына ынтымақ бұйырған
еліміздің бірлігін нығайтып, берекеге жол аша беру.
Берекелі бірліктің қадірін көрсететін бірден-бір Ұлы ұстаз –
Тарих. Ал тарихқа ден қою Ұлы тұлғаларымыз бен ел
басынан өткерген оқиғаларға таңданып, тамсанумен
шектелмей, тағылым алуға, өткенің бары мен жоғын
саралай танып, бүгін мен ертеңнің игілігіне жаратуға
ұласып жатқанын абзал. Бұл – Сіз бен бізге ортақ парыз.
Мысты өңір №1 (1309),
14 қаңтар 2014 жыл.
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
61
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ
(1804-1846)
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы ең
көрнекті ақындарының бірі Махамбет
Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс
Қазақстан облысының Орда ауданына
қарайтын Бекетай құмы деген жерде
туып, 1846 жылы октябрь айының ішінде
жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза
табады.
Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің
Махамбет ең белсенді ұйымдастырушылардың бірі,
жалынды жаршысы болды.
Махамбеттің толғаулары түр жағынан алғанда ескі
дәстүрді сақтады дегенмен өзінің мазмұны, жалынды
пафосы, зор жігері секілді қасиеттерімен қазақ поэзиясына
ерекше жаңалықтар әкеледі.
КҮН ҚАЙДА?
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда ,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Кет Бұқадай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?
Бізді тапқан ананың,
Асыраған атаның.
Ризалықпен жайласып,
Қолын алар күн қайда?
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
62
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТАРИХИ-ЭТНОМӘДЕНИ МЕМОРИАЛДЫҚ
КЕШЕНІНІҢ ҰСЫНЫЛҒАН БІР ЖОБАСЫ
Аумағы 3 га.
Жезқазған-Сәтбаев қалаларының ортасына салынбақ.
Тұлпарлар да қалмасын желісінен
Ұл-қыздары нәр алсын жемісінен
«Кетбұқа би» кешені болары анық
Лайықты орын алып ел ішінен.
Кетбұқа би еліне болған қорған
Кетбұқадай бабаммен тарих толған
«Қазақтың Кетбұқасы» ұранымен
Рухтанып ұрпақтары атқа қонған.
Кенжал БАЛКЕНОВ
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
63
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
64
Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі
65
Редактор: Бүкіров Т.Н.
Компьютерде қалыптаған: Бермағанбетов А.Ж., Ильясова Ж.А.
Достарыңызбен бөлісу: |