Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі 1 Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата24.03.2017
өлшемі3,48 Mb.
#10354
  1   2   3   4   5

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

1  



 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



АЛАШТЫҢ КЕТБҰҚАСЫ 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

2  



 

 

АЛАШТЫҢ КЕТБҰҚАСЫ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жезқазған – 2014 жыл. 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

3  



 

 

 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

4  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

АЛАШТЫҢ КЕТБҰҚАСЫ 

 

 

 



 

Кетбұқа бабамыздың өлеңдері мен шығарған күйлері, 



 

газет беттерінде шыққан мақалалар жинағы,  



 

«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестіктің құжаттары, 



 

болашақ Кетбұқа этно-мемориалдық кешеннің жоба үлгісі. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

5  



 

 

 

 

БАЛКЕНОВ К. 

Мақалалар жинағы.  Жезқазған -2014 жыл (68 бет).  

 

 

 



Бұл  кітапшаға  аты  аңызға  айналған  Кетбұқа  бабамыз  туралы  Қ.И. 

Сәтбаев  атындағы  тарихи-өндірістік  мұражай  қорында  жинақталған  тарихи 

құжаттар,  бабамыздың  өлеңдері  мен  шығарған  күйлерінің  тізімі,  газет 

беттерінде  жарық  көрген  мақалалар  жинағы,  «Қазақтың  Кетбұқасы» 

қоғамдық  бірлестіктің  құжаттары,  болашақ  Кетбұқа  этно-мемуриалдық 

кешеннің жоба үлгісі мен аңыз-әңгімелер топтамасы кіріп отыр.  

Жезқазған  қаласының  қақ  ортасынан  еңселі  ескерткіш  орнату 

мақсатында,    жарғысымен  бекітілген  «Жезқазған  аймақтық  Қазақтың 

Кетбұқасы  қоғамдық  бірлестік»  құрылғаны  жайлы  осы  кітаптан  оқуға 

болады.  

 

 

Кітап Ұлы бабамыз Кетбұқа Аталық бидің 830 жылдық мерейтойына 



арналады. 

 

 



«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Қ.И.Сәтбаев 

атындағы тарихи-өндірістік мұражайы 

 

 

www.ketbuka.kz 



эл. пошта: kzketbuka.kz@mail.ru 

 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

6  



 

МАЗМҰНЫ 

 

Кенжал Балкенов. Ұлы  жырау Кетбұқа Аталық би.........................................6

 

Кетбұқа бабамыздың өлеңі. Сақ болғын, ұрпағым, сақ болғын....................28 

Кетбұқа жыраудың күйлері.................................................................................29 



Бағдат Қазкенов. Кетбұқа -  қазаққа ортақ ұлы тұлға.....................................30 

Орындай алсақ, ой – дұрыс.................................................................................38 



Амандық Рахұлы. «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі құрылды.....40 

«Қазақтың Кетбұқасы»  Қоғамдық бірлестігінің реквизиттері ......................42 

Заңды тұлғаны мемелекеттік тіркеу туралы анықтамасы................................43 

Бастамаға қолдау білдіреміз................................................................................44 



МағжанЖұмабаев. Ерлерді ұмытса – ер ұмытпас...........................................46 

Тағанбай қажы Шамбұлов.  Қазақтың Кетбұқа биі.........................................47 

Кенжебай Ахметов. Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда?..............51 

Махамбет Өтемісұлы. Күн қайда?....................................................................60 

 «Мәңгілік ел»  тарихи-этномәдени мемориалдық кешенінің 

ұсынылған бір жобасы.........................................................................................61 

2014 Жылқы жыл күнтізбесі ...............................................................................62 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

7  



 

Кенжал БАЛКЕНОВ 

 

ҰЛЫ  ЖЫРАУ КЕТБҰҚА АТАЛЫҚ БИ  

 

Көне  заманнан  бері 



адамзат  тарихының  даму 

сатысында 

қасиетті 

Ұлытаудың  алатын  орны 

бөлек.  Қазақ  елінің  бірлігі, 

ұйытқысы 

болған 

Ұлытаудың 



мемлекетіміздің 

іргесі 


қалауындағы 

орны 


да 

ерекше. Қазақ елінің халық болып қалыптасуының басы да 

осы Ұлытаудан бастау алады. Бұл – тарихи  шындық.  

Осы  тарихи  шындық  жайында  академик  Қаныш 

Имантайұлы  Сәтбаев:  «Орталық  беткейге  орналасуы  мен 

жоталарының  биіктігіне  қарағанда  Ұлытау  керегесін  

Сарыарқаның кіндігі деп атауға болады. Сондықтан Ұлытау 

жоталары қазақ даласының неше ғасырдан бергі тарихының 

ашық  алаңы,  кең  мандайы  болып  келген.  Талай  хандар 

ордасын осы Ұлытауға тіккен. Талай 

батырлар  жасағын  осы  Ұлытауға 

орнатқан». 

Ұлытау  –  халқымыздың  ел 

болып 


қалыптасуына, 

бірлік-


тірлігіне діңгек болған, иісі қазақтың 

айналып  соғар  түп  қазығындай 

қасиетті  мекен.  Ұлытау  қазақтың 

ерте  кездегі  саяси  орталығы  ретінде 

маңызды  болғандығына  бір  дәлел, 

қазақ  ұлысының  негізін  құраған 

басты-басты 

тайпалардың 

барлығының  жері  осы  Ұлытаудан 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

8  



 

тараған»,  -  деп  жазса,  Қазақстан  Республикасының 

Президенті         Н.Ә. Назарбаев: «Қасиетті Ұлытау – қазақ 

елінің баяғыдан бергі тарихи және саяси кіндігі», - деп атап 

өткен еді.  

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: 

«Ұлы  тұлғаларды  білмейінше,  бірде-бір  дәуірді 

дұрыстап  тану  мүмкін  емес.  Адам  тарихының  айнасынан, 

біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қана қоймаймыз, оның 

рухын,  тынысын  да  сезінеміз.  Сондықтан  да  халқының, 

елінің  алдыңдағы  өздерінің  перзенттік  парызын  айқын  да, 

анық  түсінген,  қандай  қиын  қыстау  жағдайда  оны  адал 

орындаудан  жалтармаған  адамдар,  қай  дәуірде  өмір  сүрсе 

де,  дүйім  жұртының  нағыз  азаматы  болып  қала  бермек»  - 

деген болатын.  

Ал  Сирия  мемлекетіне  барған  арнайы  іс-сапарында 

Елбасы қазақ еліне қатысты тарих тұлғалардың осы ел үшін 

жасаған еңбектерін бағалай отырып: 

«Кетбұқа бабамыз түбі бірге түркіге ортақ ұлт тұлғасы» 

- деп толғана айтқан болатын.  

Осындай  ұлт  тұлғаларының 

алтын әріпті тұғырындағы қазақ 

тарихында  бетке  ұстар  ұлы  

жырау  Кетбұқа  Аталық  биді 

мақтанышпен айта аламыз.   

     Көне 

қазақ 

әдебиетінің 



көрнекті 

ақыны 


Доспанбет 

жырау: 


Күдеріден бау тағып,  

Кіреуке киер күн қайда?!  

Күмбір-күмбір кісінетіп,  

Күреңді мінер күн қайда?! 

Толғамалы ақ балта,  

Толғап ұстар күн қайда?!  

Алты құлаш ақ найза,  


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

9  



 

Садақ толған сайгез оқ. 

Масағынан өткеріп, 

Басын қолға жеткеріп, 

Созып тартар күн қайда?! 

Кетбұғыдай билерден  

Кеңес сұрар күн қайда?! 

Еділдің бойын ен жайлап,  

Шалғынына бие біз байлап,  

Орындықтай қара сабадан,  

Бозбаламен күліп-ойнап,  

Қымыз ішер күн қайда?! 

-  деп  көкірегі  қарс  айрыла  жырласа,  19  ғасырдың 

аламан  батыр-ақыны  Махамбет  ұстазы  Доспамбет 

жыраудың сөзін жалғастырып,  

Кетбұқадай билерден  

Ақыл сұрар күн қайда?! 

Бізді тапқан ананың 

Асыраған атаның  

Қолын алар күн қайда?! – деп жырлайды.  

Асан  қайғы  Қазтуған, Доспамбет  жырау,  Махамбеттей 

ақындар ұлы тұғырға көтеріп жырлаған Кетбұқа би туралы 

біз не білеміз? 

 Кетбұқа  бабамыз  Жошы  ханның  қырық  батырының 

бірі 

ретінде 


қазақ-қырғыз 

тарихында 

айтылады. 

Қырғыздармен  шайқаста  ерлік  көрсеткен  Шыңғыс  ханның 

мың  басы Бағары  Нұқы  батыр  туралы  деректер  маңғолдың 

құпия  шежіресінде  келтірілген.  Міне,  осы  Бағары  Нұқы 

батыр  Кетбұқа  жырау  деген  дерекке  сабырлықпен  қарап, 

зерттеуіміз қажет. Бағары Нұқа, Кет би, Кет абыз, Кетбұғы, 

Кербұғы,  Кетбұқа,  Құтбұқа  осындай  атауларды  бір  жүйеге 

келтіру  ұрпақ  -  парызы.  Кезінде  кең  далада  билік  құрған 

Инанғ Білге Бұқа хан, Таян Бай Бұқа хан, Алып Терек Бұқа 

хан. Сол бабаларына ұқсатып Кетбұқа деп қойған. Мысалы, 

Инанғ  Білге  Бұқа  хан  осындағы  «Инанғ»  сөзі  «билік», 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

10  



 

«Білге»  -  «данышпан»,    «Бұқа»  -  «алып  күш»  иесі  дегенді 

білдіреді.  Осы  сарындас  Кетбұқа  –  «Кет»  -  «ел  көсемі» 

деген  мағына  білдірсе,  «Бұқа»  «алып  күш  иесі».    Алып 

Терек Бұқа хан – Отырар қаласының – Қайырхан. 

Бір  сөзбен  айтқанда  Алаштың  мемлекет  қайраткері  

Кетбұқа  бабамыз  кезінде  Палестина  жерінде  Құлағу 

Елханымен бірге өз саясатын жүргізген Елатасы.   

Осындай 

ұлт 


тарихында 

терең 


із 

қалдырған 

көреген 

саясаткер, 

шебер 

дипломат, 



мемлекет 

қайраткері,  сәуегей  әулие 

Кетбұқа  жырау  біздің  ой 

санамыздан  өз  орнын 

толық  алды  деп  айта 

аламыз ба?  

Мағыналы  өмірін  Сарыарқадай  даласында  жауын 

тізгіндеуімен    өткерген    Кетбұқа  жыраудың  есімі  Лев 

Николаевич  Гумилевтің  зерттеулері  арқасында    ғылыми 

айналысқа түсті. Оның «Этнос және  Жер биосферасы» атты 

кітабының  бір  тарауы  Кетбұқа  бабамызға  арналған.  

Тарихшы Қуаныш Ахметовтың сөзімен айтсақ: 

«Ендігі жерде оның тарихи бейнесін өз ғалымдарымыз 

зерттеуге тиіс. Құдайға шүкір, Гумилев салған даңғыл жол, 

дана  бағыт  қолымызда.  Ұлтымыздың  тарихына  теліп 

айтсақ,  тәуелсіздігіміздің  тәтті  жемістерінің  бірі  —  осы 

мүмкіндік». 

Тәуелсіздіктің 

алғашқы 

жылдарында 

Елбасы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев   ұлылар  мекені  –  Ұлытауға 



тағзым етіп тұрып:  

«Ұлытаудың  орны  басқа.  Біздің  Ұлытауымыз  бен 

Ордабасымыз  досымызға  да,  дұшпанымызға  да  ұялмай 

көрсетер  айбарымыз,  ардағымыз,  асылымыз.  Ұлытауда  өз 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

11  



 

кезінде қазақ халқының билері ортақ жауға қарсы тұру үшін 

елдің басын жинап, бас сардарды сайлап, жауға қарсы тұру 

үшін  қантөгіс  қырғында  еліміздің  тәуелсіздігін  сақтап 

қалған.  

Ал оның басы осы Ұлытауда басталған болатын... 

...  Осы  жерде  қазақ  халқының  әр  руының,  әр 

тайпасының,  әр  ауылдың  көсемдері    жиналып,  өздерінің 

басшыларын  сайлаған.  Сондай  сайлаудың  ең  басы  ХІ 

ғасырдың  басында  болған  дейді.  Халық  жиналып,  өзінің 

ханын  сайлап,  ақ  киізге  салып  көтерген  жері  осы  екен. 

Сондықтан  біз  де  солай  деп  есептеуіміз  керек.  Қазақтың 

басы  қосылып,  ел  болып  отырғаны  мың  жыл  десек, 

ешқандай  қиянаттық  болмайды.  Есім  ханнан  кейінгі 

деректер  бойынша  Едігені  би  сайлаған 

– Ұлытау, Тоқтамысты хан сайлаған да 

– Ұлытау...».   

Қазақ  шежіресіндегі:  “Алты  алаш 

бас қосып, қыл қүйрықты, бөрі басты ақ 

ту көтеріп, жеке хандық құрған жері — 

қасиетті  Ұлытау», 

деп  бекер 



айтылмаса керек.  

Берекесі  кетіп,  жауынгершіліктен, 

көшіп-қонудан  әбден  шаршаған  қазақ 

тайпалары  береке-бірлікке,  ынтымақ-татулыққа  ұмтылып, 

бес  саусақтай  берік  жұдырықтай  жұмылып,  жаңадан 

құрылған хандыққа топтасты.  

«Алты арыс ел  Ұлытауға жиналып, Кет Бұқаны Ұлығ 

би  сайлады»  -  деп  Тұрсын  Жұртбаев  өзінің  тарихи 

әфсанасында жазады.   

Кет Бұқадай батырды жастайынан әскери ойындар мен 

сайыстарға  машықтандырып  тәрбиелеген  атақты  Көксау 

Сабырақ батыр. «Күндей күркіреген даусы жер жарғандай» 

(Рашид-ад-дин)  шежірелік  Өкіреш  атанған  әйгілі  Көксау 

Сабырық батырдың алдынан өткен Кет Бұқа да жауларына 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

12  



 

беріспей өтті.   

Осындай тарихи алтын қазынадан табарымыз көп, егер 

де  біз  бірліктің  арқасында,  өз  тарихымызды  өзіміз 

зерделеуді қолға алсақ болғаны.  

Тек  ізденіске  ынта,  тарихи тұлғаларымызға  ру  ретінде 

емес,  ұлт  ретінде  қарап,  оларға  жасалатын  заңғар  құрмет 

ортаймаса болғаны.                                 

Ол  үшін  ұлттық  тұлғаларымызды  тарихтың  асқар 

биігінен ерекше ілтипатпен қарауды үйренсек болғаны.  

Қатал  тарихи  шындықтың  турашыл  шырайына 

шыншыл  көзбен  қарай  алатын  болсақ,  әділеттің  алтын 

жолы, қашан да, осы даламызда сара жолдай сайрап жатары 

даусыз. Өтпелі дәуірлер керуенінде көмескіленіп, ғасырлар 

тоғысы мен заманалар ауысында ұмыт болуға айналып бара 

жатқан  тарихты  іздемеу,  Кетбұқадай  ұлы  тұлғаларымызды 

зерделемеу,  бар  деректердің  өзі  де  жоғалуына  апарып 

соғатыны аян. 

            Сондай  құндылықтардың  бірі  «Таңбалы  тас»  – 

Кетбұқадай    бабаларымыздан  қалған  ұлы  мұра.  Барлық 

қазақтардың  басын  бір  халыққа  біріктірген  Майқы  би, 

Кетбұқа 


жырау, 

Дай 


шешен, 

Қотан 


би 

қазақ 


шежіренамасының  негізін  қалаушылар    деп  барлық 

шежірелерде  көрсетіледі.    Кезінде  «Ердің  ері  егеудің 

сынығы» - деп Кетбұқадай батырды Ұлытауға аттандырады. 

Елдің егі жақсылары оның ішіндегі Майқы би: «Қаратаудан 

әрі  қарай  асыңдар.  Ұлытау,  Кішітау  деген  таулар  бар. 

Қаракеңгір,  Жездікеңгір,  Құдайберді  деген  жерге  барып, 

ірге тебіңдер. Ақ найзаның  ұшымен әділ биліктің күшімен, 

ел  болуды,  жұрт  болуды  ойлаңдар»,  –  деп  батасын  берген 

екен. Ұлы бидің батасы қабыл болып, еңселі орда құрылып, 

тасқа таңбаларын қашатып, ант беріскен жер – Ұлытау.  



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

13  



 

     Сол    Ұлытаудағы  Таңбалынұра  жерінде    үш  жүздің 

таңбаларын тасқа қашатқан Майқи би 

мен 


Кет 

Бұқа 


бабаларымыз. 

Үйсіндердің 

нысаны 



Ту, 



Арғындардың 

нысаны 


– 

Көз, 


Алшындардың  нысаны  –  Найза  болса 

керек.  


    Үш жүздің жауынгерлік ұраны:  

    Ұлы жүздікі – Бақтияр - Бақыт,  

 

    Орта жүздікі – Ақжол – Әділет, 



 

    Кіші жүздікі - Алшын – От ана. 

Осы үш ұраны тұтас бір халық ретіндегі барлық 

қазақтардың ортақ ұраны Алаш ұғымына біріккен. 

    Таңбалы тас қазақтың мөрі болған  

     Рулар ақылдасар төрі болған  

     Сан ғасыр данышпандар ел басқарып 

     Кең байтақ қазағымның жері болған.  

Міне,  осы  жерде  басы  Кет  Бұқа  жырау  болып,  тоғыз 

ұлыс  елге  тоғыз  таңба  басылған  қыл  құйрықты  тоғыз  ақ 

туды үлестірген. 

  

«Сонымен  бірге  мемлекеттіктің тағы  бір  тетігі  –  оның 



нысандары  (символы)  қалыптаса  бастады.  Көшпелі 

қазақтарға әскери жарақ болған, даусыз бұйымдарының бірі 

жорық  жағалаулары  –  ту  мен  буыншақ  (бунчук)  болды. 

Жалаулар бері қойғанда екі міндет атқарды, олар аса мәнді 

киелі  нысан  болды  және  шеру  мен  шайқаста  әскерлерді 

басқарудың  тиімді  құралы  ретінде  қолданылды.  Әрбір 

руының,  әр  ұлыс  сұлтанының  әлбетте  әрбір  ханның  туы 

болды.  Қалыптасқан  дәстүр  бойынша  бір  ханға  тоғыз  туға 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

14  



 

дейін  болуы  керек  екен.  «Тоғыз  тулы  хан»  дегенде  көз 

алдына құдіретті билеуші келген.  

 

Орта ғасыр авторларының дерегіне қарағанда, алғашқы 



қазақ  билеушілері    «тоғыз  тулы  хандар»  болған.  Тулар 

сырттай  биліктің  белгісі    болып  қана  қоймай,  әскери 

даңқтың және әскер басы мен әскер абыройының нысаны да 

болған. Жорықтарда жауынгерлік тудың сақтаушысы болып 

қазақ  хандығындағы  билеушісі  әулет  Шыңғыс  тұқымы 

сұлтандарының  немесе  ықпалды  билердің,  яғни  ру  мен 

тайпа  басыларының  бірі  тағайындалған.  Ту  ұстаушы  қазақ 

қосынының қолбасшысынан кейінгі әскердегі бірінші тұлға 

болған.  Туды  ерекше  жасақ  күзеткен.  Ту  ұстаушы 

жауынгердің ажалы әскерді абыржытып, тудың құлауы, бас 

жалаудың жойылуы әскердің жеңіліп қалғанын білдірген».  

 

Міне,  осындай  тоғыз  тулы  ұлысқа 



тоғыз  таңба  үлестірген  Кет  Бұқа 

бабамыз.  Тозған  елді  тірілтіп,  «тоғыз 

таңбалы  ел»  дәрежесіне  жеткізген. 

Төлегетайдың  төрт  ұлы,  саржомарпен  – 

бес,  балталымен –  алыт,  көкжарлымен  – 

жеті,  бурамен  –  сегіз,  бағаналымен  – 

тоғыз.  Кет  Бұқа  осы  бағаналыдан. 

Тоғызыншы,  белгі  жеті  қалғандықтан 

таңбаны  теріс  салып,  содан  бағаналы  – 

«терістаңбалы»  атанып  кетті.  «Кет  Бұқа  –  терістаңбалы  – 

найманның ноқа ағасы, оның еншісі тоғыз ұлға ортақ».  

 

 



 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

15  



 

қ

Күй атасы – Кетбұқа 

Шыңғыс 


заманының 

тірі 


куәсіндей  болып  жеткен  «Ақсақ 

құлан» қазақтың күй тарихындағы ескі 

күйлердің бірі болып саналады. 

Осы  уақытқа  дейін  Кет  Бұқа 

Шыңғыс  ханның  баласының  өлімін 

домбырамен,  кейбір  кезде  қобызбен 

күй  тартып  естірткен  деп  айтылады.  

Қазақ даласында сақталған аңызда Кет 

Бұқаның  есімі  әйгілі  «Ақсақ  құлан» 

күйімен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  «Ақсақ  құлан» 

десек,  Кет  Бұқаның,  Кет  Бұқа  десек,  «Ақсақ  құланның» 

қосарлана айтылатындығы белгілі.  

«Ақсақ  құлан»  күйі  Қазақстанның  Алтай  мен 

Маңғыстау түбегіне дейінгі байтақ далада дерлік тартылып 

күні  бүгінге  дейін  жеткен.  Монғолияның  Баян-Өлгей 

қазақтарында,  еліміздің  Шығыс  Қазақстан,  Семей,  Сыр 

бойы,  Ақтөбе,  Орал,  Атырау,  Маңғыстау  өңірлерінде 

«Ақсақ 


құлан» 

күйінің 


бірнеше 

нұсқалары 

бар. 

Тарбағатайлық  домбырашы  Бағаналы  Салтөлековтың,  Сыр 



бойының  күйшісі  Нәби  Жәлімбетовтың,  Маңғыстаулық 

күйші Мұрат Өскенбаевтың орындауындағы «Ақсақ құлан» 

күйіндегі ортақ сарын «Балаң өлді, Жошы хан» - деп келетін 

естірту ретінде домбыраның сөйлейтін тұсы. 

Өнер саласының  зерттеушілері Кет Бұқа жыраудың 

халық арасындағы кең тараған күйлеріне «Нар идірген», 

«Күйдім-жандым»,  «Ақсақал», «Жошы хан», «Ақсақ 

құлан», «Жылан қайыс», «Ел бірлігі» күйлерін жатқызады.  

«Ұлы  жыраулардың  ең  ескі  дәуірдегі  ұлы  ұстазы 

Қорқыт  (VII-VIII  ғғ.).  одан  кейін  ХІІ  ғасырда  жасаған 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

16  



 

Аталық  жырау,  «Ақсақ  құлан»,  «Жошы  хан»,  күйін  орасан 

көп  халықтың  ортасында  тартып  беріп,  музыка  үнінің 

кереметін  танытқан  Аталық  жырау  (шын  аты  Кетбұқа, 

кейбір  жерде  Кербұқа)  еді.  Бұл  оқиғаны  әдемі  суреттеп  

кеткен араб ғалымы Ибн-ал-Асир (ХІІІ ғ. 30-жылдар), одан 

кейін Улуғбек, түрік шежіресі)». 

Академик Ә.Х. Марғұлан 

 «Кетбұқа – аңыз бойынша көне замандағы қазақтың ең 

ұлы абызы, сыйынатын пірі, бақсылар осы күнге дейін оның 

атын атап, аруағын шақырады». 

Ғалым Мұхамеджан Тынышбаев  

                                (Қазақ халқының тарихына қатысты 

деректер) 

 

«Нар  идірген»,  «Күйдім-жандым»,  «Ақсақал»  атты  үш 



бөлімнен тұратын күй осылай дүниеге келген екен, деп аңыз 

етеді еліміз. Оны шығарған сонау Шыңғыс хан, Жошы хан 

заманында  өмір  сүрген  Ұлығ  жырау,  Аталық  жырау  –  Кет 

Бұқа.  


Тұрсын Жұртбаев  

Кетбұқа  Құба  тегінге  Домбауылдай  атасына,  Ұлы 

Қорқыт  бабасына  табынған.  Қорқыт  бабаның  қобызы  Құба 

тегінен  Кет  Бұқаға  ауысқан  деген  ел  арасында  сөз  бар.  Ал 

Кет  Бұқаның  ұстазы  Тата-тұнға  Тоныкөктің  он  алтыншы 

ұрпағы.  Білге  Тоныкөк  (646  ж.  туған  731  ж.  дүниеден 

қайтқан)  -  түркі  қағанаты  тарихында  ерекше  орын  алатын 

тұлға,  ол  Елтеріс  қаған,  Бөгі  қаған,  Қапаған  қаған  және 

Білге  қағандарға  кеңесші  болған.  Тоныкөк  ел  қамын 

ойлаған ақылгөй, дана қарт. Өзі туралы ол: «Ақыл иесі, сөз 

иесі мен болдым» деп айтқаны шындық еді: 

Түнде ұйықтамадым,  

Күндіз отырмадым,  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет