Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Коллоидты ерітінділер. Коллоидты ерітінділерді алу жолдары және олардың химиялық қасиеттері. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және күйреуі



бет35/41
Дата27.03.2023
өлшемі359,41 Kb.
#76515
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
treatise4937

Коллоидты ерітінділер. Коллоидты ерітінділерді алу жолдары және олардың химиялық қасиеттері. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және күйреуі.
Теориялық бөлімі. Дисперсті жүйе – бұл заттардың өте майда бөлшектерінен немесе жіңішке кеуектер мен оларды қоршаған ортадан тұратын жүйе. Майдаланған заттар немесе кеуектер дисперсті фазаны, ал жүйенің бүкіл бөлімі – дисперсиялық ортаны түзеді.
Дисперсті фазаның жекеленген бөлшектерінің өлшемдері 10-7 – 10-9 м (жоғары дисперсті жүйелер, оларға коллоидты ерітінділер жатады) немесе 10 -5 – 10-6 м (ірі дисперсті жүйелер: суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер) болып келеді.
Дәрі-дәрмектік заттардың технологиясының теориялық негізін дамытуда дисперсті жүйелерді зерттеудің маңызы зор, өйткені көптеген дәрілік заттар жүйенің осы класына жатады: ұнтақтар, сусымалы ұсақ дисперсті жүйелер; зольдер, коллагол, суспензиялар: линименттер (эмульсиялар) және тағы басқалар.
Дәрілік формаларды алуда дисперсті жүйелерге тән жалпы заңдылықтар пайдаланылады.
Зольдерді алу және олардың қасиеттері
Дисперсті ортаның қызметін атқаратын бейорганикалық заттар сұйықтықтарда мүлдем ерімейтін болса, лиофобты зольдерді алуға болады.
Дисперсті фазаның бөлшектері (мицеллалар) күрделі құрылымға ие және ол зольдің алыну жағдайына тәуелді. Дисперсті жүйелер екі жолмен алынады:
1) Физикалық және химиялық конденсация арқылы молекулалардың агрегаттарға бірігуі;
2) Заттардың өлшемі 10 -7–10 -9 м-ге тең коллоидты бөлшектерге дейін дисперсиялау (майдалау).
Физикалық конденсация бұларды салқындату арқылы немесе еріткішті ауыстырғанда заттардың ерігіштігін төмендету арқылы жүзеге асырылады.
Химиялық конденсация дисперсиялық ортада нашар еритін қосылыстар түзілумен қатар жүретін химиялық реакциялар нәтижесінде жүзеге асады.
Коллоидты бөлшектердің зарядының белгісін электролиз әдісімен анықтауға болады. Ал боялған зольдердің зарядын – капиллярлы анализ әдісімен анықтайды. Мұндай анықтаулардың негізінде адсорбцияланатын зольдердің адсорбент бетінің мысалы, сүзгі қағазының зарядына тәуелділігі жатады. Сүзгі қағазын сумен ылғалдағанда беттік тартылу күшінің әсерінен су қағаз капиллиярымен жоғары көтеріледі. Бұл кезде капиллияр қабырғасы теріс зарядталады, ал онымен шекаралас су оң зарядталады. Егер судың орнына гидрозоль алынса, оның зарядталған бөлшектері тек теріс зарядталғанда ғана (капиллияр қабырғасымен біртектес) ылғал қағаздың жолақтары бойынша жоғары қарай қозғала алады. Оң зарядталған бөлшектер теріс зарядталған капиллярлардың қабырғасына тартылып, қондырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет