Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Гидролиз барысында негіздік және қышқылдық тұздардың түзілуі



бет23/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
treatise4937

7.2. Гидролиз барысында негіздік және қышқылдық тұздардың түзілуі
а) алюминий ацетатының түзілуі және гидролизі
Пробиркаға 2-3 мл алюминий хлоридінің ерітіндісімен дәл сондай көлемдегі натрий ацетатының ерітіндісін құйып, пробирканы штативке бекітіп, қайнауға дейін ысытылған су моншасына салады. Реакция нәтижесінде алюминий ацетаты түзілуі тиіс. Бірақ реакция сулы ортада жүргендіктен түзілетін алюминий ацетаты гидролизге ұшырайды, сол себептен реакция нәтижесінде негіздік тұз түзіледі, ол алюминий гидрокосацетаты − Al(OH)2CH3COO. Алюминий ацетаты түзілуінің молекулалық теңдеуін және оның гидролизденуінің иондық теңдеуін жазады. Түзілген негіздік тұз тұнбасы гидролиздің қай сатысында пайда болады? Қандай тұздар гидролизденгенде негіздік тұз түзіледі?
б) натрий сульфитінің гидролизі
Пробиркаға оның 1/3 көлемін алатындай етіп су құйып, содан кейін 1-2 микрошпатель натрий сульфитінің кристалдарын салып, шыны таяқшамен араластырады. Индикатор қағазына осы ерітіндінің 2 тамшысын тамызып, рН мәнін таба білу. Анықталған рН мәні ерітіндіде қандай иондар бар екеніне нұсқайды? Қандай үдерістің нәтижесінде бұл иондар пайда болды? Күкірт оксидінің иісі шықпағандықтан, күкіртті қышқылдың түзілмегеніне көз жеткізу. Натрий сульфитінің гидролизі қай сатыда басымырақ жүреді? Ол гидролизденгенде қандай тұз шығады?
Натрий сульфитінің гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін жазады.
7.3. Екі тұздың бірге жүретін гидролизі
Екі пробиркаға 2-3 мл алюминий хлоридінің ерітіндісін құяды. Бірінші пробиркаға дәл сондай көлемде аммоний сульфидінің ерітіндісін, екіншісіне − натрий карбонатының ерітіндісін қосады. Бірінші пробиркада күкіртсутек (иісінен), ал екіншісінде көміртек (IV) оксидінің (көпіршектерінен) бөлінегeнін белгілейді. Екі жағдайда да тұнбаға алюминий гидроксиді түседі.

7.4. Тұздардың гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторлар
а) тұз түзетін қышқыл мен негіз күшінің тұздың гидрлиздену дәрежесіне әсері
Екі пробиркаға олардың 2/3 көлемін алатындай етіп дистилденген су құяды. Бір пробиркаға микрошпательмен натрий сульфитінің, ал екіншісіне натрий карбонатының кристалдарын салады. Екі пробиркаға да бір тамшыдан фенолфталеин қосады. Натрий сульфиті мен карбонаты гидролизінің бірінші сатысының иондық теңдеулерін жазады. Қай тұздың ерітіндісінде фенолфталеиннің бояуы қанығырақ? Қай ерітіндіде ОН--иондарының концентрациясы жоғарырақ?
Тұз түзетін қышқыл мен негіз күшінің тұз гидролизіне әсер етуі туралы жалпы қорытынды жасайды.

ә) тұздың гидролиздену дәрежесіне температураның әсері
Пробирканың жартысына дистилденген су құйып, оған 1 микрошпатель натрий ацетатын қосады. Осы тұздың гидролизінің иондық теңдеуін жазады. Натрий ацетаты ерітіндісінің рН мәні қандай, 7-ден аз ба, көп пе?
Пробиркаға бір тамшы фенолфталеин қосып, қайнағанға дейін ысытылған су моншасына салады.
Фенолфталеиннің бояуы өзгергеніне негіздей отырып, ерітіндіде иондардың концентрациясы өзгеруі туралы қандай қорытынды жасауға болады? Гидролиз тепе теңдігі қай бағытқа ығысады? Тұздың гидролиздену дәрежесіне температураның әсері туралы қорытынды жасайды. Бұл әсердің себебін көрсетеді.
б) тұз гидролизіне ерітіндіні сұйылтудың әсері
Пробиркаға 2-3 мл сурьма (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйып, сурьма оксохлориді SbOCl тұнбасы түскенше тамшылап су құяды. Бұл тұнба гидролиздің екінші сатысында Sb(OH)2Cl-дан суды бөліп алу нәтижесінде түзіледі. Сурьма (III) хлориді гидролизінің бірінші және екінші сатысының иондық теңдеуін және оның гидролизінің жалпы теңдеуін жазады. Сурьмa хлориді гидролизінің бірінші сатысының константасын есептейтін формуланы жазады. Осы тұздың гидролиздену дәрежесіне сұйылту қалай әсері ететінін осы константа көмегімен көрсетеді. Қандай реактив қосу арқылы SbCl3 гидролиздену дәрежесін азайтуға болады? Тұжырымдарды тәжірибемен тексереді. Сұйылтудың тұздың гидролиздену дәрежесі әсері туралы жалпы қорытынды жасайды. Қандай тұздың гидролиздену дәрежесі сұйылтқанда өзгермейді?

в) сутек иондарының концентрациясының өзгеруінің тұздар гидролизіне әсері
Пробиркаға 8-10 мл дистилденген су мен 1 микрошпатель қалайы (ІІ) хлориді кристалдарын алады. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырады. Түзілген ақ тұнба екі валентті қалайының негіздік тұзы SnOHCl болып табылады. Қандай үдерістің нәтижесінде осы тұз түзілді? Сәйкес реакцияның иондық теңдеуін жазады. Түзілген тұзды еріту үшін ерітіндідегі қандай иондардың концентрациясын көбейту керек? Тұжырымды тәжірибемен тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет