Сұрақтар
Нейтралдау әдістерінің үш түрін атап, көрсетіңіздер.
Әрбір әдіс үшін қолданылатын индикаторды атап көрсетіңіздер және оның қолдануын негіздеңіздер.
Жұмысшы ерітінді дегеніміз не?
Еріген заттың эквиваленттік концентрациясы дегеніміз не?
Натрий карбонатының 0,05н 0,2н 0,5н ерітінділерінің 1 литрін дайындау үшін алынатын осы заттың массаларын есептеңіздер.
№ 9 зертханалық жұмыс
Тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген титрлеу әдістері (оксидиметрия). Перманганатометрия. Йодометрия.
Теориялық бөлім. Титриметриялық анализдің көптеген әдістері тотығу-тотықсыздану (редокс) реакцияларына негізделген. Бұл әдістер оксидиметрия деп аталады. Оксидиметрияда титрант ретінде тотықтырғыштар (KMnO4, K2Cr2O7, KBrO3) және тотықсыздандырғыштар (Na2S2O3, SnCl2, NaAsO3, т.б.) ерітінділері қолданылады. Қолданылатын стандартты ерітінділердің аталуына байланысты оксидиметрия негізгі әдістерге: перманганатометрия, йодометрия, броматометрия және нитритометрия бөлінеді. Оксидиметрия әдістері биохимия мен клиникалық анализде кеңінен қолданылады. Мысалы, перманганатометрия несептегі несеп қышқылының, қанның плазмасындағы сары сулы кальцийді, қандағы қант мөлшерін анықтауда пайдаланылады. Йодометриялық әдістер қандағы қант пен пероксидаза ферментін, санитарлық-гигиеналық анализде хлорлы ізбестегі белсенді хлорды, ауыз судағы қалдық хлор мөлшерін, т.б. анықтауда қолданылады. Йодометрия әдісімен органикалық және бейорганикалық дәрілік заттарды (йод, калий перманганаты, калий арсенаты, мыс сульфаты, формалин, антипирин, С дәрумені, т.б.) анықтайды.
9.1. Перманганатометриялық титрлеу
Калий перманганатының ерітіндісі қышқылдық ортада тотықтырғыш ретінде қолданылады. Қышқылдық ортада жеті валентті марганец екі валентті марганец ионына дейін тотықсызданады.
E(MnO-4/Mn2+) = +1,51 B М(Э(KMnO4)) = 158/5 = 31,62 г/моль
Калий перманганаты нейтрал ортада жеті валентті марганецтен төрт валентті марганецке Mn4+-иондарына дейін тотықсызданады, ол − аммиак, органикалық заттар, шаң тозаң және басқа да тотықсыздандырғыштардың әсерінен тез өзгереді. Калий перманганатының нейтрал ортада тотықсыздануы келесі реакция бойынша іске асырылады:
4KMnO4+2H2O=4MnO2+3O2+4KOH
Калий перманганатының титрленген ерітіндісін бірден өлшендіден дайындауға болмайды. Екі апта өткеннен кейін титрін анықтауға болады, себебі осы уақыт аралығында ерітіндідегі барлық тотығу үдерісі аяқталады. KMnO4 eрітіндісі жарықтың әсеріне тұрақсыз болғандықтан, оны қараңғы жерде сақтайды:
Калий перманганатының титрі мен эквиваленттік концентрациясын (нормалдылығын) анықтау үшін қымыздық қышқылымен стандарттайды.
0,1н KMnO4 ерітіндісін дайындау
Калий перманганатының 0,1н ерітіндісінің 200 мл-ін дайындау үшін қажетті өлшендіні мына формула бойынша есептейді:
gA=N 1.V 1.Э( КMnO4) /1000
Техникалық немесе дәріханада қолданылатын таразыда KMnO4 қосылысының өлшендісін өлшегеннен кейін, 200 мл-лік өлшеуіш колбада аз мөлшерде су құйып ерітеді, белгіге дейін дистилденген сумен толтырады. Калий перманганатының кристалдары өте баяу еритіндіктен, колбаны шайқай отырып қыздыру қажет. KMnO4 ерітіндісі құйылған ыдысты резина тығынмен бекітуге болмайды. Дайындалған KMnO4 eрітіндісі жарықтың әсерінен тұрақсыз болғандықтан, оны қараңғы жерде сақтайды.
Калий перманганатының титрі мен (эквиваленттік концентрациясын) нормалдылығын анықтау үшін натрий оксалаты немесе қымыздық қышқылы сияқты стандартты заттарды пайдаланады. Бұл заттар химиялық таза болуы тиіс және өздерінің формуласына сәйкес келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |