Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет22/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
treatise4937

СҰРАҚТАР

  1. Буферлі ерітінділер дегеніміз не? Буферлі ерітінділердің тірі ағзаларда атқаратын рөлін түсіндіріңіздер. Заттарды анализдеу әдістерінде буферлі ерітінділерді не үшін қолданады?

  2. Фосфаттық және карбонаттық буферлік жүйелердің қызметінің механизмін түсіндіріңіздер.

  3. Буферлі ерітінділерді дистилденген сумен сұйылтқан кезде олардың рН-ы өзгере ме?

7 зертханалық жұмыс
Тұздар гидролизі.
Теориялық бөлім. Тұз бен су молекулаларының арасындағы алмасу реакциясының нәтижесінде сутек немесе гидроксид иондарының концентрациясының өзгеруін тұздар гидролизі деп атайды.
Гидролиздің типтік түрлері:
а) күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз гидролизі;
ә) әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз гидролизі;
б) әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз гидролизі;
Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз гидролизденбейді.
Бірінші тип мысалы − СH3COONa гидролизі:
CH3COONa + HOH = CH3COONa + NaOH
CH3COO- + HOH = CH3COOH + OH-
Гидролиз реакциясының нәтижесінде OH--иондары жинақталды, сондықтан орта негіздік, демек рН>7.
Екінші тип мысалы – NH4Cl гидролизі:
NH4Cl + HOH = NH4OH + HCl
NH4+ + HOH = NH4OH + H+
Гидролиз реакциясының нәтижесінде ерітіндіде H+-иондары жинақталды, сондықтан орта қышқылдық болады, демек рН<7.
Гидролиздің үшінші типінің мысалы – CHCOONH4 тұзының гидролизі:
CH3COONH4 + HOH = CH3COOH + NH4OH
NH4+ + CH3COO- + HOH = CH3COOH + NH4OH
Бұл жағдайда тұздағы анион да, катион да сумен әрекеттеседі.
NH4OH пен CH3COOH қосылыстарының диссоциациялану дәрежелерінің мәндері бір-біріне жақын болғандықтан, Н+ -иондары мен ОН- -иондарының концентрациялары жуық щамамен тең болады, сондықтан орта нейтрал болады. Мұндай типті тұздардың гидролизі нәтижесінде орта қышқылдық, негіздік немесе нейтрал болады, ал нақты қандай болуы тұз түзуші қышқылдың немесе негіздің диссоциациялану константасының мәніне байланысты.
Гидролиз мөлшерлік жағынан гидролиздену дәрежесімен (h) сипатталады. Гидролиздену дәрежесі дегеніміз − пайызбен берілген гидролизденген молекулалардың ерітіндідегі барлық молекулалар санына қатынасы. Гидролиздену дәрежесі түзілген қышқыл мен негіздің химиялық табиғатына тәуелді. Дәстүр бойынша тұздың гидролизденген молекулаларының пайызы ерітіндіде мардымды болмайды, мысалы CH3COONa тұзы үшін − 0,008%, KCN − 1,2%, Na2CO3 − 2,9%, Na4B4O7) − 0,5%. Кез келген қайтымды реакция сияқты, гидролиз әрекеттесуші массалар заңына бағынады, оның салдарынан мынадай қағидалар шығады:
а) гидролизге ұшыраған тұздар ерітіндісіне су қосу гидролиздену дәрежесін арттырады;
ә) қышқыл немесе негіз қосу гидролиздену дәрежесін азайтады, сондықтан келесі жүйелерде:
CrCl3 + HOH = CrOHCl2 + HCl
CH3COONa + HOH = CH3COOH + NaOH
cу қосу тепе теңдікті оңға қарай ығыстырады, ал бірінші реакцияда қышқыл немесе екінші реакцияда негіз қосу тепе теңдікті солға қарай ығыстырады.
в) температура жоғарылағанда гидролиздену дәрежесі артады.

7.1. Әртүрлі тұздардың гидролизі нәтижесінде ортаның өзгеруі.
6 пробиркаға 1/3 көлемін алатындай етіп лакмустың нейтрал ерітіндісін құяды. Біреуі салыстыру үшін қалдырылып, қалғандарына бір микрошпательден мына тұздар салынады: біріншісіне − натрий ацетаты, екіншісіне −алюминий хлориді, үшіншісіне− натрий карбонаты, төртіншісіне− аммоний карбонаты, бесіншісіне− калий хлориді.
Ерітінділерді аралстырады (шыны таяқша әрбір жағдайда таза болуы шарт). Лакмус түсінің өзгеруі бойынша әрбір тұз ерітіндісіндегі ортаның өзгеруі туралы тұжырым жасайды.
Алынған нәтижелерді кестеге жинақтайды.

Реттік нөмірі

Тұздың формуласы

Лакмус түсі

Ортаның өзгеруі (қышқылдық, негіздік немесе нейтрал)

Ортаның рН мәні
(рН<7, рН=7, рН>7)















Зерттелген тұздардың қайсысы гидролизге ұшырайды? Гидролиз реакцияларының иондық және молекулалық теңдеулерін жазыңыздар., әрбір тұздың гидролизінің түрін көрсетіңіздер: сатылы гидролиз жағдайында реакция теңдеуін тек бірінші саты үшін жазылады, өйткені іс жүзінде реакция баяу жүреді. Тұздар ерітінділеріндегі ортаның өзгеруі туралы жалпы қорытынды жасайды:


a) күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздың гидролизі;
ә) әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздың гидролизі;
б) әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың гидролизі;
г) күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың гидролизі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет