Агрегаттық әдіс. Аталмыш әдіс жекелеген элементтерден тұратынтауарлар
өндіріс немесе қызмет көрсетуде пайдаланылады. Туристік пакеттің ішіне
кіретін қызметтер – траспорттық қызмет, қонақүй қызметі, сауықпен
қамтмасыз ету, экскурсиятық қызметтер т.б.
Баға = 1-элементтің бағасы + 2-элементтің бағасы + n-элементтің бағасы
Агрегаттық әдісті жетілдірілген түрде келтіруге болады:
Баға=жалпы блоктың бағасы (негізгі баға)+жекелеген элементтердің болу-
болмауына байланысты үстінен қосу (жеңілдіктер)
Қосымша алымдар, мысалы, сауықпен қамтамасыз етудегі қосымша
қонақүй қызметтеріне қойылуы мүмкін (сауна, массаждар т.б.). туристік
ұйымдар туристік өнімнің құнына тең жеңілдіктерді пайдаланады,
мысалы;
әуе компаниялары және қонақүйлердің 50-65 жастағыларға жасайтын
жеңілдіктері, мезгілдік, топтық жеңілдіктер, тұрақты клиенттерге
жеңілдіктер, оқушы топтарына жеңілдіктер, арнайы жеңілдіктер және
т.б.
Ұқсас
қызметтердің
қарқынды
қатарын
талдауға
негізделген
статистикалық әдіс.
Бәсекелестердің баға деңгейінен жоғары немесе төмен баға белгілейтін
ағымдағы бағалар әдісі.
Бағаға сатып алушыларға көрсетілетін ерекше кепілдіктерді қосуды
көздейтін қызметтің сезілетін құндылығы әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |