БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ҚҰРУ ТҮСІНІГІ. ТУРИЗМДЕГІ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕПТЕУІ 1 тақырыбы: Туризмдегі бағаның және баға құру ерекшіліктері Қарастырылатын сұрақтар: Бағалардың ішкі және сыртқы тербеліс факторлары.
Туризмдегі баға құру ерекшілігі.
Қызмет көрсету саласындағы баға құру.
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Туристік салада баға құру бірқатар ерекшеліктерге ие.
1. Туристік қызметке сұраныстың тұрақтылығы тұтынушының жеке ерекшеліктеріне
тәуелді, сондықтан қызметке баға құрған кезде келесі психологиялық сәттерді
ескерген жөн: баға әлеуетті сатып алушыларда теріс сезімін туындатпауы керек.
2. Өндіріс, іске асыру үрдістері және тұтыну қызметтері уақытпен сәйкес келмейді,
сондықтан
туристік
индустрияда
маусымдық
баға
дифференциациясы
қолданылады; сұраныс және сәйкесінше туристік қызметтерге баға айқын
маусымдық сипатта болады.
3. Туристік қызметтер ішкі және сыртқы нарықта іске асырылады, сондықтан баға
сапасы мен стандарттау кезінде халықаралық талаптар назарға алынады.
4. Туристік өнімге баға тауарлық нысанда болмайтын (мәселен, тарихи ескерткіштер,
табиғи қорықтар) немесе еңбек өнімі емес, табиғи болуы керек (сарқырама,
үңгірлер) тұтынушылық құнды қосуы тиіс.