Баға саясатының түсінігі және мақсаттары 2 Баға стратегиясының түрлері


)Баға стратегиясының мәні , түрлері



бет3/7
Дата21.11.2022
өлшемі42,71 Kb.
#51419
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
баға саясаты

2)Баға стратегиясының мәні , түрлері
Қазіргі заманғы баға қалыптастыру тәжірибесінде баға стратегиясының тармақталған жүйесі қолданылады: сараланған бағақалыптастыру, бәсекелестік бағақалыптастыру және ассортиментік бағақалыптастыру
Кәсіпорынның баға саясаты баға құрылу стратегиясын қалыптастырудың негізі болып саналады.Баға стратегиялары кәсіпорын дамуының жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Баға құрылуы стратегиясы – бұл кәсіпорын өндіретін өнімдердің нақтылы түрлеріне нарықтық баға белгілеу жағдайында негізге алынатын факторлар мен әдістер жиынтығы.
Жоғары деңгейдегі баға стратегиясы.
Осы стратегия мақсаты – неғұрлым жоғары деңгейдегі құндылығына байланысты, стапы алатын жаңа бұйым үшін ,оның әдеттегі нарықтық бағасынан қымбат төлем төлеуге даяр тұтынушыларға , «қаймақ қалқу» принципі бойынша жоғары бағаларды тағайындау арқылы ,лезде шамадан тыс мол пайда алу.Бұл стратегия қымбат тауарды талап ететін сұраныс болған жағдайда қолданылады.Екіншіден, сұранысы баға динамикасына тәуелсіз ,тек тауардың сапасы , сиректігі қызықтыратын бай тұтынушыларға бейіиделген тауарларға пайдаланылады.
Келесі жағдайларда жоғары баға стратегиясы қолданылады:

  • Жақын арада нарықта бәсекелестер деңгейі болмаған жағдайда;

  • Жаңа нарықты игеру шығындары бәсекелестер үшін өте қымбат болған жағдайда;

  • Жаңа бұйымды өткізу үшін қжет шикізат , материалдар жән т.б. шектеулі мөлшерде болған жағдайда;



Орташа деңгейдегі баға стратегиясы (бейтарап баға құрылуы)тауардың өмірлік циклының жойылу сатысынан басқа барлық сатыларында қолданылады.Пайда алу ұзақ мерзімді саясат ретінде қарастыратын кәсіпорындар үшін тән стратегия.Бұл стратегия бөлінген қаржыға әділ пайда алу мүмкіндігін тудыралы.
Төмен деңгейдегі баға стратегиясы .Бұл тауардың өмірлік циклының кез келген сатысында жарамды, әсіресе бағаға қатысты сұраныс икемділігі жоғары болған жағдайда тиімді .Ол нарыққа ену ,өндірістік қуаттарды толық пайдалану,банкроттыққа ұшырамау, ұзақ уақыттық пайда алу мақсатында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет