ТӨЦ кезеңдеріндегі баға саясаты. Фирманың баға саясаты ТӨЦ кезеңдердің ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді.Оларды анықтау –баға белгілеу стратегиясынан тактикасына өтуді білдіреді.Оның әрбір кезеңі бағаның белгілі бір түрлерін таңдауға ықпалын тигізеді.
1.Егер енгізілетін тауар нарықта бар болса, онда ТӨЦ-тің енгізу кезеңінде «нарыққа ену» стратегиясы қолданылады.Жаңа тауарға, ТӨЦ-тің енгізу кезеңінде жоғары баға қойылады.Бұл «қаймақ қалқып алу» стратегиясы болу мүмкін.
2.Өсу кезеңінде өнім техникалық және фрикциондық дифференциалануы, бағалардың сапа бойынша бөлінуіне әсер етеді.ТӨЦ-тің өсу кезеңінде баға белгілеудің «қаймақ қөалқып алу», нарықтық лидердің бағасы,икемді, стандартты және тағы басқа баға стратегиялары қолданылады.
3.ТӨЦ-тің жетілу кезеңін анықтау өте қиын.Оны уақытында және дұрыс анықтау –нарықта жетістіктерге жетудің маңызды кепілі.
4.ТӨЦ-тің құлдырау кезеңі.Бұл кезеңде қолданылатын бағалар барлық шығындарды немесе олардың белгілі бір бөлігін өтеуге бағытталған.Сондықтан берілген кезеңде, негізінен, біртіндеп төмендеп бара жатқан, сырғымалы немесе тез төмендеп бара жатқан бағалар қолданылады.
Бағаларды географиялық принципке сүйеніп,белгілеу.Ішкі саудадағы және сыртқы нарықтардағы бағалар. Географиялық баға белгілеу стратегиясы –негізінен транспорт шығындарына байланысты қойылатын бағалар.
1.Франко-баға қою –тауарды жеткізудегі транспорттық шығындарды төлеу жүйесі.Траспорттық шығындарды төлеуде субъектінің белгілеуіне қарай франкирлеудің әр түрлі модификациялары қолданылады.
2.ФОБ, ФОР, СИФ бағалары.Бұл бағалар бойынша сатып алушы тауарды көлікке тиегеннен кейінгі шығындарды өзі төлейді.
ФОБ бағалары кезінде сатып алушы тауардың иесі ретінде тауарды кеме бортына немесе вагонға тиегеннен кейінгі барлық шығындарды өзі төлейді.
ФОР бағалары керісінше, ара-қашықтық факторын есепке алады.Бұл жерде «базистік нүкте» белгіленіп, осы нүктеден басталған барлық тасымалдау шығындарын тұтынушылар өздері төлейді.
СИФ –сыртқы саудада көп қолданылатын баға түрі.Оның құрамына көтерме баға, белгіленген тиеу портына дейінгі сақтандыру және фрахт шығындары кіреді.
3.Зоналық бағалар.Фирма екі немесе одан да көп зоналарды бөледі, осы зоналардың шеңберінде орналасқан сатып алушылар тек бір бағаны төлейді.
Іске асыру ауданына қарай бағалар ішкі және сыртқы, сонымен қатар әлемдікм болып бөлінеді.
Көтерме жеткізу кезінде бағалар мәміле шарттарымен белгіленеді . Мәмілелік бағалар жарияланатын және есептік болып екіге бөлінеді.
Жарияланатын бағалар арнайы және фирмалық басылымдарда жарияланады, олар әлемдік бағалар деңгейін көрсетеді.Жарияланатын бағаларға төменде көрсетілген бағалар жатады:
Биржалық баға –биржалық сауда объектісі болып табылатын тауар бағасы.Ол нақты жасалған мәмілелерді бейнелейді.
Әлемдік бағалар бойынша ірі экономикалық экспорт-импорт операциялары жүзеге асырылады.Бұлар -әлемдік нарықта қолданылатын бағалар.
Анықтама бағалар -әр түрлі баспа беттерінде жарияланатын ішкі көтерме және сыртқы сауда бағалары.Олардың көмегімен мәміле кезінде бағалық келісімдер жүргізіледі.
Нақты мәмілелер бағасы –мәмілені іске асыруда қойылатын баға.
Ірі фирмалар ұсынатын бағалар –көбінесе монополиялық бағалар болып табылады.