Бағалау әдістері Сипаты


«Жұдырықтан бес саусаққа дейін»



бет2/2
Дата14.06.2023
өлшемі82,44 Kb.
#101440
түріСабақ
1   2
Байланысты:
=бағалау түрлері

«Жұдырықтан бес саусаққа дейін» өзін-өзі бағалау

Тапсырманы қаншалықты игергендінің белгісі ретінде қолмен сигнал беру арқылы білімін айқындау, егер толықтай түсінсе бес саусағын ашып алақын көрсетеді, ал түсінбесе жұдырығын көрсете отырып, оған тайта түсіндіру қажеттігін білдіреді.

10

«Екі жұлдыз, бір
тілек» арқылы бағалау

Тапсырманы бағалау кезінде екі жағымды тұсын айту арқылы ынталандыра отырып оқушының белсенділігін арттыруға болады, ал тілегін айту барысында кеткен кемшілігін түзетуге бағыт бағдар береді.

11

«Бутерброд» тәсілі арқылы бағалау

Бағалау кезінде бірінші жағымды түсініктеме айтқызып, кейін сындарлы сын айтып, яғни неге әлі көңіл бөлу қажеттігін білдіре отырып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру арқылы бағалап жатқан оқушыны ынталандыруға, сабаққа даген қызығушылығын оятуға балады. Мысалы; «Маған ...... ұнады, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... жетілдіруге болады деген ойдамын. Сонымен қатар ... жақсы шыққан, себебі ....».

12

«Егер 5 минутыңыз болса …» арқылы белгіленген нәтижеге жетелеу

Тапсырманы орындауда үлгермей жатқан кейбір оқушыларға қосымша 5 минут берілсе, тапсырманы қай жерін жетілдіру, жақсарту қажеттігін сұрап, берілген уақыт үшінде тиісті нәтижеге жетпесе де, неге ұмтылатынын түсінуге көмектесемін.

13

Мақсаттар бойынша өзін-өзі бағалау



Тапсырманы аяқталған кезде оқушыларға сараланған мақсатына қаншалықты қол жеткізгені туралы өз білімін бағалау. Межеленген мақсатқа жету үшін оқушылардың нені жақсартқысы келетінін айтуы арқылы тапсырманың қаншалықты түсінгенін бағалауға көмектеседі.

14

«Серпілген сауал» арқылы бірін-бірі бағалау

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында айтылған жауапты оқушылардың өздеруне бағалауға тиімділігі артады. Мысалы, «айтылған пікіріне қосыласын ба?», «жауапты тағы қалай толықтыруға болады?», «Айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?», «Айтылған идея туралы не ойлайсың?», Сен естігеннің барлығын бір ғана жауапқа қалай сыйдыра аласың?» деп барлық оқушыларды жауап беруге жұмылдыруға болады.

15

«Менің жетістіктерім» өзін-өзі бағалау картасы



Өзінің жетістіктерін ұпайлар арқылы бағалау, мысалы:
- Мен бәрін түсіндім, мен бұл материалды басқаға түсіндіре аламын – 3 ұпай
- Мен бәрін өзім түсіндім, бірақ басқа адамға түсіндіре алмаймын – 2 ұпай
- Толық түсініп меңгеру үшін маған тақырыпты қайталау керек – 1 ұпай
- Мен ештеңе түсінбедім – 0 ұпай

16

«Білім ипотекасы»

Тақтаға дұрыс жауабы бар кесте көрсетіледі, оқушылар өзін - өзі бағалау «Білім ипотекасы» әдісі арқылы конверттің қоржынына қанша ақшадан жинағандары арқылы бағаланады. Әр қоржындағы білім ипотексанының құны: С деңгейі бойынша орындалған тапсырмаға – 5000теңге, В-деңгейі бойынша орындалған тапсырмаға – 2000теңге, А-деңгейі бойынша орындалған тапсырмаға – 1000теңгеден беріледі. Өзгертуге болады

И т.д.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет