пластинкалар қоймалжың затқа толы. Әрбір призма ерекше электр батареясы.
Электрлі жыланбалықтардың электрлі органдары екі бүйірінде дененің ұзына бойына созылған және олар призмалардан тұрады, бірақ тік емес кеңістікте орналасқан. Әрбір органда 70 призма, ал әрбір призмада 6000-дай электрлі пластинкаларболады.
Биоэлектрлік құбылыс
Тірі жасушалардың барлығының биоэлектрлік белсенділігі болады, яғни тірі жасушалардың сыртқы жарғақшасында электр заряды бар. Бұл цитоплазмадағы және қоршаған ортадағы оң және теріс иондардың біркелкі таралмауынан іске асады.
Соның нәтижесінде кез келген тірі жасуша тыныштық жағдайда сырттай - оң, ішкі жағында (цитоплазмада) теріс зарядталады. Бұл заряд тыныштық әлеуметік немесе жарғақшалық әлеует деп аталады және 60-70 милливольт (мВ)шамада болады.
Жүйке, бұлшықет және безді эпителий қозғыш ұлпаларға жатады.
Бұл жасушаларда қоздырғыш әсер еткен кезде жарғақша заряды өзгереді. Оның үстіңгі бетінде 90-120 мВ электр тогы пайда болады.
Ертедегі римдіктер, электрлік скаттар, өзінің қорегін қалай аулайтынын білген.
«Олар жемдерін қуаламайды, тығылған жерінен атылып шықпайды. Бірақ, скаттардың қасынан өтіп бара жатқан крабтар мен сегізаяқтар болса, олар электр разрядының әсерінен өледі» - деген.
Электрлі жайын мен жыланбалық электрді нашар өткізетін тұщы суда тіршілік етеді. Өзінің құрбанын оңай жансыздандыру немесе жауынан қорғану үшін олар жоғары кернеулі ток жинайды: