Бағалау нормасы Критериалды бағалау


Жиынтық бағалау (1 сынып)



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі473,5 Kb.
#15900
1   2   3   4
Байланысты:
Бағалау нормасы

Жиынтық бағалау (1 сынып)

Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны

Бағалау көрсеткіші

Баға

0-20%

Қанағаттанарлықсыз

«2»

21-50%

Қанағаттанарлық

«3»

51-80%

Жақсы

«4»

81-100%

Өте жақсы

«5»

 

Жиынтық бағалау (2-11 сынып)

Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны

Бағалау көрсеткіші

Баға

0-39%

Қанағаттанарлықсыз

«2»

40-64%

Қанағаттанарлық

«3»

65-84%

Жақсы

«4»

85-100%

Өте жақсы

«5»

 

Жиынтық бағалау журналында әрбір тоқсандағы оқу бағдарламасының бөлімдеріне максималды мүмкін болатын жиынтық бағалар саны қарастырылған – 4 дана. Максималды балды, қызыл түспен «Макс.балл» жазылған ұяшықта көрсетесіз.



 

 

Егер оқу бағдарламасында бөлімдер аз болса (мысалы, 2 дана) – онда артық қалған 2 жиынтық жұмысына максималды балды көрсетпесеңіз жеткілікті болады.



Ескерту:

  • Пайыздық көрсеткішін шығару үшін, баллды қойғаннан кейін браузер бетін «Ctrl+F5» комбинациясын басу арқылы жаңарту қажет.

  • Егер қойылған балды өзгерту/өшіру қажет болса, онда тінтуір меңзерін қолданып, қажетті ұяшықтағы балды өзгертіп/өшіріп, пернетақтада «Enter» батырмасын басу қажет. Егер қателік есебімен басқа бөлім толтырылып қойса, онда бірінші оқушыларға қойылған балдарды, сосын максималды баллды жою қажет. 

Жиынтық бағалаусыз жүргізілетін пәндер туралы

Егер кейбір пәндерде (музыка, дене шынықтыру, өзін-өзі тану) жиынтық бағалармен қорытылмайтын болса, журналға сондай пәндер бойынша «Сынақтан өтті» (СӨ) немесе «Сынақтан өтпеді» (СӨП) деген белгілер қойылуы қарастырылған.



Осындай мүмкіндікті іске қосу үшін келесі әрекеттер жасалынуы қажет:

  • «Мектепке әкімшілік етуге» кіру;

  • «Анықтамалықтар» блогында «Пәндер» пунктін таңдау;

  • жиынтық бағалаусыз жүргізілетін пәнді таңдау;

«Критериалды бағалау» блогында «Қорытынды аттестаттау» пунктінде «Сынақ (тоқсан)» немесе «Сынақ (жарты жыл)» деген параметрлерінен біреуін таңдау.

 

 

Ескерту: 



  • Осы параметрлер критериалды (жиынтық) бағалау жүйесін пайдаланып жатқан мектептер пәндерінде қолжетімді (мекемеде «Жиынтық бағалау» деген баға түрлері таңдалған).

  • Қорытынды бағалау түрін өзгерту барысында, бағалар жасырынды түрде тұрады, қалауыңыз бойынша журналды кері түріне қайдаруға болады, бағалар және белгілер жоғалмайды.

«Сынақ» параметрін тандағанда журналда жиынтық балл бағандардын орнында «Есептелінді» (ЕСП) немесе «Есептелінген жоқ» (ЕСЖ) деген белгілерді қою үшін қорытынды баған пайда болады.

 

Сыныпқа «Тоқсандар» деген есептік кезеңдер тағайындалған болса, «Сынақ (жарты жыл)» параметрін таңдағанда, сол сынып журналында қорытынды бағандар 1 және 3 тоқсандар үшін жасырылады.





Критериалды журналдардың функциялары

Критериалды бағалаудың келесі функциялары бар:

  • Excel-ге журналды экспорттау (журналға қолжетімділігі бар қызметкерлерде, осы функцияға қолжетімділігі бар);

  • журналды басып шығару (журналға қолжетімділігі бар қызметкерлерде, осы функцияға қолжетімділігі бар);

  • күнтізбелік жоспарлауға өту;

  • апталық журналға өту;

  • журналды толтыру бойынша ескертпеге өту.

Журналды Excel-ге экспорттау

Есептік кезеңдер (тоқсан, семестр, триместр, модуль) бойынша журналды экпорттауға болады,  сондай-ақ оқу топтарының журналын экспорттау мүмкіндігі бар. Қорытынды бағалар қойылған журналды экспорттуаға болмайды.

Қорытынды бағасы сынақ ретінде қойылатын пәндердің журналын экспорттағанда  «БЖБ», «ТЖБ»,   «% БЖБ», «% ТЖБ» «Жиынтық %» ұяшықтары кестеге енгізілмейді. Кестеге (СӨ/СӨП/БОС) қорытынды бағалары енгізіледі.

Журналды басып шығару

Есептік кезеңдер (тоқсан, семестр, триместр, модуль) бойынша журналды басып шығаруға болады,  сондай-ақ оқу топтарының журналын басып шығару мүмкіндігі бар. Пәнді басып шығарған кезде, қорытынды аттестаттау «Сынаң» ретінде бағаланған болса, осы параметрлер шығарылмайды.

«БЖБ» ұяшықтарда «Макс.балл» көрсетілген болса, басып шығарылады.

Журналдағы «БЖБ» ұяшығына баға қойылмаған болса, «БЖБ» бағанасы бос болып шығады. Төменгі ұяшықта «БЖБ»/ «ТЖБ» максималды баллдары басылып шығады.



«% БЖБ», «% ТЖБ» «Жиынтық %» ұяшықтары ешқандай дерек жазылмаған (бос ұяшық) жағдайда да басып шығарылады. Қорытынды бағасы сынақ ретінде қойылатын пәндердің басып шығарылған журналында бұл параметрлер болмайды.

Ескерту: басып шығарылған журналда «К» белгісі болмайды, себебі оқушы сабаққа қатысқан болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет