Оқушылар тақырып бойынша негізгі сөздерді қолдана отырып, өздерінің тақырыпты түсінгендерін қорытып, жинақтап жазуға бағытталған нақты бағалау құралы болып табылады. Оқушылар негізгі идеяны графикалық түрде көрсете алады.
Жүргізілу шарты: Сабақ соңында «... туралы жазу» парағын таратып беріңіз. Осы парақты өз сыныбыңызға қарай бейімдеп жасаңыз. Алдымен негізгі идеяны талқылап алған дұрыс. Парақты қалай толтыруды алдымен көрсету қажет. Сонан соң, тағы бір рет оқушылар парақты толтыру бойынша өзара пікірлесулерін ұсыныңыз. Сіз оқушылардың даярлығын байқаған соң бастауға болады. Жұмыс аяқталған соң, жинап алып толық қарап шыққан соң, оқушыларға кері байланыс ұсыну қажет. Қандай да белгі арқылы +, сұрақ белгі немесе құстұмсыз қоясыз ба, оқушы өзінің жұмысының жақсы жағын біліп, ары қарай жақсартуды қажет ететін тұстарымен жұмыс жасауы қажет. « ... туралы жазу» үй тапсырмасы үшін де жақсы бағалау құрал болып табылады. Күні бойы сабақтан алған мәліметтерін жинауға оқушыларға мүмкіндік береді. Осы стратегияны топтық жұмыста да қолдануға болады.
Т-П-Д –қорыту сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Мұғалім тақырыпқа қатысты бір тұжырымдама (Т) айтады. Оқушы аталған тұжырымдамаға оның нені білдіріп тұрғанын, яғни мағынасын түсіндіреді.
Екінші қадамда мұғалім айтылған тұжырымдамаға оқушының пікірін (П) білдіруін (оқушы тұжырымдамаға келісе ме әлде келіспей ме) сұрайды.
Келесі қадамда оқушы өзінің пікірін нақты дәйекпен келтіріп дәлелдеуін (Д) өтінеді. Осы стратегия сабақтың барысында немесе басында оқушының тақырып бойынша білімін, қарым-қатынасын және сенімділігін бағалауда қолданылады. Сонымен қатар осы стратегия арқылы оқушының қаншалықты сабақты түсінгенін де бағалауға болады.
Т-П-Д (тұжырымдама, пікір, дәлел ) стратегиясы 1. Тұжырымдаманы оқы: ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ол нені білдіреді? -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 2. Осы тұжырымдамаға сіздің пікіріңіз қандай?