Бағалау стратегияларының түрлері



бет1/4
Дата09.10.2024
өлшемі175,61 Kb.
#147449
  1   2   3   4
Байланысты:
Бағалау стратегияларының түрлері

Бағалау стратегияларының түрлері

Оқушылардың оқу үдерісіндегі түсініктерін тексеру және дәлелдер жинау мақсатында бірнеше бағалау стератегияларын таңдауға болады. Осы кітаптан формативті бағалаудың әртүрлі төрт түрін таба аласыздар. ■ Қысқаша қорыту және Рефлексия Оқушылар, өздерінің тәжірибелерінен алып және метатанымдық дағдыларын жақсарта отырып, өздері оқыған және естігендері бойынша түсінгендерін қысқаша қорытып, рефлексия жасайды. Бұл оқушылардың арнайы мәнмәтіндік тілді қолдануын талап етеді. ■ Тізімдер, Кесте, Схема және Графикалық органайзерлер Оқушылар ақпараттарды жинақтап, олардың арасындағы байланыстарын жасап, әртүрлі графикалық органайзерді пайдаланып, олардың қарым-қатынастарын белгілейді. ■ Ақпараттарды визуалды түрде ұсыну Оқушылар ақпараттарды ұсынуды екі жолмен сөзбен және суреттерді пайланып, ақпаратқа шолу жасап байланыстарын орнатып, жадыны дамытады. Осы «Екі жол» мұғалімдерге сыныптың әртүрлі деңгейіне, олардың оқу стиліне түрлі әдіспен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. ■ Бірлескен жұмыс. Оқушылар қозғала отырып басқалармен қарым-қатынасқа түседі, пікірлесе отырып, өз түсінітерін дамытады тұжырымдаманы түсінгенін көрсетеді.

Қысқаша қорыту және Рефлексия

Шағын тақтамен жұмыс стратегиясы (сүртуге арналған)

  • Сыныпта оқушыларды оқу үдерісіне ынталандыру, тарту мақсатында қолдануға ыңғайлы стратегия. Шағын тақтамен жұмыс сараланған жұмыс барысы үшін өте тиімді. Ол стратегияны сабақтың бастапқы бөлігінде, үй тапсырмасы кезінде, қайталау кезінде жеке оқушылармен, жұппен, шағын топтармен қолдана аласыз. Осы стратегияны сіз математика, қазақ тілі, көркем еңбек т.б сабақтарда қолдана аласыз.
  • Жүргізу шарты: Мысалы: Оқушыларға сабақ тақырыбына немесе оқу мақсатына қатысты қарапайым сөйлем құрауын өтініңіз, мыс: «Айжан жүгіріп жүр» . Сонан соң сіз үстелде жатқан Қалай? Қайда? Қашан? Кіммен? Неге? –деген сөздер жазылған карточканың біреуін суырып алып, сіз көрсеткен сөзді қолданып, оқушыларға өздері жазған сөйлемді өшіріп, сіз көтерген сөзді кіріктіріп сөйлем құрауын өтіну қажет. Осылайша жалғаса береді. Кейде бірін-бірі бағалауға ұсыныс жасап, жазғандарымен бөлісу тиімді. Немесе бірнеше оқушыны тұрғызып, сөйлемдерін оқытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет