Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);
Уәж;
Болжау және сұрыптау;
Стандарттарды бақылау және орындау;
Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.
Критериалды бағалау -берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген үдеріс.
Бұл бағалау жүйесі ең алдымен оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
Критерийлер - талапқа сай бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қандай деңгейде жеткенін анықтау болып табылады.
Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) –әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны.
Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады.
Критериалды бағалаудың қызметі :
Білім беру
Бақылау
Дамыту
Қызықтыру
Диагностикалау
Тәрбиелеу
Критериалды бағалау міндеттері:
- Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
- Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
- Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
- Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
- Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
- Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.