«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары»



бет5/14
Дата14.09.2022
өлшемі51,47 Kb.
#39118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
«Ба алауды лшемдік технологиялары» жоо-да ы о у п ні ретінде.

Тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір білім алушылардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын, мүмкіндіктері мен қабілеттерін, құндылық бағдарлары субъективті тәжірибесін ескере отырып өздерін танымда, оқу іс-әрекетінде іске асыру мүмкіншілігін береді.
Тұлғаға бағдарланған тәрбие - бұл жалпы адамдық құндылықтар негізінде тұлғалық қасиеттерді дамыту және ӛзін-ӛзі дамыту.
Е.В.Бондаревская «ізгілікті жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиелеу – бұл тұлғаны мәдени сәйкестендіру, әлеуметтік өібейімдеу және шығармашылық өзн-өзі жүзеге асырудың педагогикалық басқарылатын процесі, осы процес барысында білім алушының мәдениетке, қоғам ӛміріне енуі, оның барлық шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерінің дамуы болады» деп есептейді.
Тұлғаға бағдарланған білім беру барлық білім алушылардың мынадай жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға бағдарлауды білдіреді:

  • жасөспірімдік, физиологиялық, психологиялық, зияткерлік;

  • білімге деген қажеттіліктері, білім алушыларға қолжетімді күрделілігі

  • әртүрлі деңгейдегі бағдарламалық материалдарға бағдар жасау;

  • білім алушыларды білім деңгейі, қабілеттіліктері бойынша топтастыру;

  • білім алушыларды қабілеттері, кәсіби бағыттылығы бойынша біртекті

топтарға біріктіру;

  • әрбір оқушыға жеке қарым-қатынас жасау.

Оқытудағы жеке тұлғалық бағдарлау білім алушылардың оқудағы өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастыру құралы болып табылады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру және ақпараттық технологияларды кіріктіру аясында сабақтарда ұйымдастырудың мынадай формаларын қолдануды ұсынуға болады:
- жеке жұмыс;
- топтық жұмыс;
- фронтальды жұмыс;
- дифференциацияланған жұмыс, таңдау бойынша шығармашылық тапсырмалар;
- өзіндік жұмыстар;
- ынтымақтастықта оқыту;
- жобалау әдісі;
- әртүрлі деңгейде оқыту;
- сәттілік жағдаяттарын туғызу.
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады.
Критериалдық бағалау жүйесі - білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет