Бағалаудың өлшемдік технологиялары курсының нысаны, пәні, зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы


Бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған



бет2/3
Дата06.02.2023
өлшемі24,66 Kb.
#65669
1   2   3

Бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған:

оқушының, жоба білім беру үдерісінің маңызды компоненті болып табылатын өзін өзі бағалауды жүзеге асыруға бағытталған, себебі рефлексия оқушылардың өз қызметінен тәжірибе жинақтауына, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ішкі ресурстарды белсендіруге, өзін өзі жақсы түсінуіне мүмкіндік береді;

ата-аналардың, баланың дамуына және жайлы психологиялық ортада сапалы білім алуына, қабілеттіліктері әртүрлі оқушылардың: дарынды балалармен бірге даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың гимназияда білім алуын жалғастыруына қызығушылық танытушы; оқу үдерісінде ұстаз, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнату, ол оқушылардың өткен материалды меңгеру деңгейін нақты түсіндіреді; білім беру үдерісінің қатысушылары ретінде ата-аналардың қызметін белсендендіру;

ата-аналардың, баланың дамуына және жайлы психологиялық ортада сапалы білім алуына, қабілеттіліктері әртүрлі оқушылардың: дарынды балалармен бірге даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың гимназияда білім алуын жалғастыруына қызығушылық танытушы; оқу үдерісінде ұстаз, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнату, ол оқушылардың өткен материалды меңгеру деңгейін нақты түсіндіреді; білім беру үдерісінің қатысушылары ретінде ата-аналардың қызметін белсендендіру;

ұстаздар, білім беру нәтижелерін бағалаудың баламалы жүйесімен танысу мүмкіндігіне ие; нәтижелерді сыни бағалау саласындағы теоретикалық білім деңгейін көтеруге қызығушылық танытушы; ОӘК, оқу үдерісінде қолданылатын білім беру жүйелеріне сәйкес білім беру нәтижелерін бағалау технологияларын меңгеру машықтарын қалыптастыру; нәтижелерді бағалаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ету.


Негізгі принциптері:
өлшемділік – мазмұнды бақылау және бағалау оқушылармен бірге әзірленген негізде құрылады, критерийлері барынша нақты болуы тиіс;
өзіндік бағалау артықшылығы – оқушының өзіндік бағалауы мұғалімнің бағасының алдында жүзеге асырылуы тиіс, оқушылардың екі өзіндік бағалауын салыстыру қолданылады, олар: болжамалы (алдағы жұмысты бағалау) және ретроспективті (орындалған жұмысты бағалау);
икемділігі және вариативтілігі – мазмұнды бақылау және бағалау оқу нәтижелілігін зерттеудің әртүрлі рәсімдері мен әдістерін қолдануды болжайды; оқу қызметінің жеке, сонымен қатар топтық, ұжымдық нәтижелерін зерттеу;
бақылау және бағалау үдерісінің шынайылығы – оқушылар үшін шынайы, күйзеліс пен жүктемені төмендететін жағдайда өткіщіледі; оқушылардың оқу-танымдық қызметінің сипаттамасына қарапайым жағдайдағы олардың оқу қызметін бақылау нәтижелері енгізіледі.
Бағалау жүйесін жаңарту бағыттары:
бақылау-бағалау механизмдерін мұғалімнен оқушыларға біртіндеп жеткізу;
констатациялаушы бақылаудан бақылаушы, процессуалды бақылауға көшу;
оқушылардың жоспарлы нәтижелерді меңгеруі туралы алынған ақпараттың негізінде білім сапасын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиімді «кері байланысты» қамтамасыз ету.
Ақпарат алуға бағытталған бағалау жүйесі
оқушыларға – өздерінің танымдық мүмкіндіктеріне деген сенімін нығайтуға;
ата-аналарға – өз баласын оқыту және дамыту үдерісі мен нәтижесін қадағалауға;
ұстаздарға – жеке педагогикалық қызметінің сәттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Оқушылар өзін өзі бағалау, өзара бағалау, өзін өзі бақылау машықтары мен әдеттерін меңгере отырып, қалыптастырушы әрі констатациялаушы шығармашылық үдеріске, бағалау өлшемдерін әзірлеу мен орындалған оқу қызметтерінің нәтижелерін рефлексивті талдауға қатысуға тартылады.
Қалыптастырушы бағалау білім, машықтар қалыптастыру үдерісін басқаруға мүмкіндік береді, кемшіліктерін жояды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет