Сәт Зубайра Қабылқызы
Алматы қаласы
№ 67 жалпы білім беретін мектеп логопед маманы
"Логопед маманының ата-аналармен қарым-қатынасы".
«Ата –ана баланы жетелейтін алып күш иесі»
Логопедтің отбасымен ынтымақтастығы балаға табысты түзете оқыту әсерінің қажетті шарты болып табылады. Ата-аналардың көмегі міндетті және өте құнды. Өйткені, біріншіден, ата-ана пікірі бала үшін беделді, екіншіден, тек ата-аналардың өз баласымен жеке, тікелей қарым-қатынас жасау процесінде қалыптасқан дағдыларды күн сайын бекітуге мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл үдеріске ата-аналардың саналы қатысуы маңызды. Осыған орай, бірлескен жұмыстың мақсаты: ата-аналардың белсенді ұстанымын қалыптастыру, олардың назарын сөйлеу кемістігі бар балалармен түзету-тәрбие жұмысының процесіне тарту.
Міндеттер:
- әр оқушының отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату, қызығушылықтың ортақтығы мен эмоционалдық өзара қолдау атмосферасын құру
-тіл дамыту мәселелерінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, оларға өз баласын тәрбиелеу мен дамытуға қатысуға қызығушылық пен ықыласты ояту
- ата-аналардың баланы бақылау дағдыларын және осы бақылаулардан дұрыс қорытынды жасай білуін қалыптастыру
- ата-аналарға баланың отбасында жайлылық пен қорғанушылық жасау үшін тәрбиелеудің сенімді және тыныш стилін қалыптастыруға көмектесу
- ата-аналарды логопедиялық жұмыстың нақты тәсілдеріне үйрету
- мүмкіндігі шектеулі баланы медициналық сүйемелдеу қажеттілігін дұрыс және нақты түсіндіру.
Логопедиялық ғылымда логопедтің отбасымен ынтымақтастығы мен түзету-педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ең тиімді формалары әзірленді
1.Ұжымдық қарым-қатынас түрлері (ата-аналар жиналысы, кеңестер, семинарлар, шеберлік сыныптары)
2.Отбасымен жұмыстың жеке түрлері (әңгімелесу, жеке жұмыс дәптерлері)
3.Көрнекі-ақпараттық қамтамасыз ету нысандары (сабақтардың бейнефрагменттері, фотосуреттер, стендтер, жылжымалы папкалар)
Ата-аналармен қарым –қатынасты дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың 3 түрін қолдану қажет: күндізгі, сырттай және қашықтықтан.
Достарыңызбен бөлісу: |