Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Жоспары
Пәннің мақсаты, міндеттері
3
Әлем елдерінің бағалау жүйесі
7
Дәстүрлі бағалауға деген көзқарасым
9
Бағалау - оқушының оқу және танымдық қызметін бағалау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту барысында оқушы жайындағы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Бағалау, Бағалау жүйесі, Бағалау өлшемдері ұғымдарымен таныстыру, өзгерген білім беру тұғырнамасының қалыптасуы, құзыреттілік тәсілге негізделген жаңа білім беру стандартының жасалуы, оқушылардың оқу- танымдық құзыретін қалыптастыруға әсер ететін пәнаралық және жүйелі сипатқа ие оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын іздеуге негіз болып отыр.
•критериалды бағалау технологиясының педагогикалық- ұйымдастыру негіздерін анықтау; •осы технологияның практикалық жүзеге асу моделін жасау; •білім берудің әдіснамалық қағидаларын ескере отырып, оқытудың нәтижесін критериалды бағалаудағы қазақстандық жүйеде бар ғылыми жетістіктер негізінде үйрену; •мектептегі білімнің сапасын көтеру үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын және әр оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін қалыптастыру стратегиясын оқу.
Пәннің міндеттері:
Бағалаудың өлшемдік технологияларының ғылыми негізін ашу;
Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлау;
Білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін жасау;
Тұлғаның функциональдық сауаттылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау және өзін-өзі бағалау механизмін анықтау;
Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын үйрену.