Ынталандыру фунциясы білім беру фунциясының логикалық жалғасы мен қосымшасы сияқты, бақылау оқушы әрекетінің шырқын бұзбай, керісінше, жаңа мақсаттарға, оқу мен дамудың жоғары деңгейіне жетуде сенімділік ұялатуын қамтамасыз етуі тиіс. Талдау-коррекциялау функциясы мұғалімнің педагогикалық рефлексиясымен, өзін-өзі талдау, жоспарлауды жетілдіру және оқытуды ұйымдастыруымен байланысты. Тәрбиелеуші және дамытушы функция өзін-өзі баламалы бағалауды, жауапкершілікті, ұмтылысты, шығармашылық қатынасты, өзін-өзі ерікті бағыттауды, өз қабілеттерін дамытуға деген ұмтылысты, білім алу кезінде кеткен кемшіліктерді уақытылы анықтау және мінез-құлықтың басқа да әлеуметтік құнды қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастырумен байланысты. Бақылаушы функция жетістік деңгейін белгілеуді, оның нормалар мен стандарттарға сәйкестігін, сондай-ақ