Байланысты: Бағалаудың түрлері мен ұйымдастыру формалары
даму және білімді игеруде жоғары
деңгейге жетуді қамтамасыз етеді.
Бақылаудың негізгі түрлері
Қазіргі бақылау жүйесінде білімді тексеріп бағалаудың (диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады. Уақытша фактор бойынша бақылаудың келесі түрлерін бөліп қарауға болады: алдын ала (кіріспе, қорытынды, алдын ала), ағымдық, кезеңдік (тақырыптық, сатылы, аралық) және қорытынды (емтихандық). Алдын ала бақылау оқу басында оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын,
сондай-ақ даму деңгейін анықтауға
арналған бақылау. Көбінесе оқу басында
немесе жаңа тақырыпты (бөлімді)
оқыту алдында қолданылады.
Сыныпқа жаңадан келген оқушыларға
да қатысты пайдаланылады.
Қорытынды бақылау оқытудың соңғы нәтижелерін анықтауға, бұдан әрі оқуды қамтамасыз ететін даярлықтың қажетті көлемін белгілеуге арналған. Курстың немесе белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, жартыжылдық, семестр, оқу мерзімінің соңы) аяқталған кезде өткізіледі. Оның түрлері – сынақтар, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, ауыспалы немесе бітіру емтихандары.