1.2.Сурет. Өркениетті елдердегі бағалы қағаздардың түрлері
Бұл суретте автор [21;6.] АҚШ-та жеке фирмалардың облига-цияларының бағалы қағаздар нарығында жоғары үлес салмағы бар екенін көрсетеді. Себебі олар қор биржасынан тыс сатып алу және сатудың әртүрлі әдістерін қолданады.
Айта кететін жәйт, АҚШ - пен салыстырғанда Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Францияда, сондай-ақ Жапонияда мемлекеттік сектордың бағалы қағаздарға қосқан үлесі жоғары, сондықтан оларда әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың облигациялары көптеп шығарылуда. Ал Батыс Еуропа елдерінде шығарылатын кепілдікке мүлік салу облигацияларын және коммуналдық облигацияларын тек ипотекалық банктер эмиссиялайды, сондай-ақ олар қор биржасынан тыс сатылады.
Әлемдік бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың әртүрлі белгілеріне, атап айтқанда, экономикалық, құқықтық, эмитентіне және т.б. негізгі сипатына қарай жіктелуіне де мүмкіндік туғызады (1.3.Сурет).
Суретте автор [21 ;71.] бағалы қағаздардың экономикалық жаратылысына байланысты алғашқы және туынды деп жіктейді. Мы-салы, акциялар мен облигациялар алғашкы жалған капиталға жатады. Себебі олар эмитенттің мүлкінің, ақша қаражатының белгілі бір үлесін құжат формасында білдіреді, ал опциондар мен фьючерстер туынды, екінші ретте шығарылған қаржылық құралдарға жатады. Алайда бағалы қағаздарды бұлай жіктеу бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын білдірмейді.
Ал келесі автор [22; 10.] кез-келген бағалы қағаздарда болатын кейбір белгілерге (уақыт, кеңістік және нарықтық) байланысты жіктейді. (Ол 1 А Суретте өрнектелген).
Достарыңызбен бөлісу: |