Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет24/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

  • Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капита­лын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.

  • Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция депте екіге бөлінеді (2.3.Сурет). Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

  • Атаулы акция - иесі міндетті түрде когамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

  • Ұсынушы акциясы - иесінің аты-жөні қоғам кітабында тір-келмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.














    Атаулы




    Ұсынушы

    Акция















    Басқаға беру тәсілі бойынша




    Басқаруға қатынасу құқығы бойынша


















    Жай




    Артықшылықты


    2.3. Сурет. Акциялардың түрлері
    Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акци­онерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың козғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады.

    Акцияның осы екі түрін айналымға түсіру жолдары да



    • Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды қоғамнан сатып алғанын куәландыратын барлық акция саны толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатканда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған «индос­самент» белгісі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат қоғамға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.

    Ұсынушы акциясын сатқанда оны иемденушілер тікелей, яғни қолма-қол сатып алушыға береді.

    • Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер құқығын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі қоғамнан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін қоғамға жіберіп, өзінің меншік құқығын іске асырады.

    • Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы тым жоғары болмайды, бірақ ол өте көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола береді.

    Қоғамды баскаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай және артықшылықты болып бөлінеді.

    Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу кұқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды басқаруға қатысу құқығы және қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар. құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

    Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд қоғамның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Диви­денд қоғамның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, ди­виденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.

    Жай акцияны иеленушілердің өкілеттіктері:

    1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір қоғамның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.

    Директорлар кеңесі жылдық балансты және таза пайданы бөлу жобасын дайындайды. Табысты бөлу - қоғам меншігін оның акционерлері арасында дивиденд ретінде үлестіру деген ұғым.

    2. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қаржы айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір) төлеуі мүмкін. Дивидендтің бірнеше түрі бар:



    • қолма-қол төленетін дивидендтер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;

    • мүліктік дивидендтер. Бұл табысты бөлудің мүліктік формасы акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Қоғам дивидендтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;

    • акция формасындағы дивидендтер. Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның өзін-өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.

    Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін және қолма-қол акша қаражаты қозғалысы ведомостын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда қоғам жауап беруге міндетті. Дивиденд ак­ционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.

    1. Жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру деген ак­ционер өзінің акциясын я сатып, я сыйға беріп, я өсиетке қалдырып жүзеге асыруы. Сонымен қатар акция банктен несие алғанда кепілдікке де беріледі.

    2. Қоғамдағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру құқығы. Бұған, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, қоғамның активтерінің бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып қоғамның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы және с.с. есептеледі.

    1. Қоғамның қаржылық есебін тексеру құқығы, мысалы, акцио-нерлердің реестерін тексеру.

    1. Шектеулі міндет құқығы. Қоғам банкротқа ұшырағанда ак­ция сатып алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға кепілдік берілмейді.

    2. Қоғам жабылған кезде оның активінің бір бөлігін алу құқығы, яғни жабылу дивидендін алу мүмкіндігінің болуы.

    Қоғамның міндеттерін өтеу тәртібі бойынша, ең алдымен қоғам мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі-бір тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында артықшылықты акция иелерінің және жай акция иелерінің талабын орындайды.

    Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, қоғам акционерлерінің жылма-жыл өтетін жалпы жиналысында сайланады. Дауыс берудің екі әдісі болады. Тікелей дауыс беру - ол жай көп дауыс алу деген ұғым. Ол әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар, дауыс беруде сенімхатты да пайдалануга болады. Акционерлердің жиналысында біреудің акциясы негізінде басқа біреу сенімхатпен дауыс беруіне өкілеттілік алады.

    Әрбір қоғам (егер ол оның жарғысына қарсы болмаса ) «А» және «Б» сериялы жай акцияларды шығара алады. Әлбетте, «А» сериялы акция қоғам құрылтайшыларына, яғни оның жарғысына қол қоюшыларға, ал «Б» сериялы басқа инвесторларға тиесілі. «А» сериялы акцияны иемденушілердің үлкен құқығы және көптеген дивиденд алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік тәуекелдікке берілген төлем тәрізді. «Б» сериялы акция акционерлерге дауыс құқығын бермейді. Көптеген қоғамдар жай акцияның номинал құнын бекітеді. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал құны - ол акцияның эмиссиялық бағасы.

    Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағамын (курсын) сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын сатушының төмендеткен төменгі бағасы мен сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды.

    Акцияның нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады.

    Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Акцияның баланстық бағасы - қаржылық есептің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе «кітаптық» баға деп аталады. Ол активтің таза құнын (қоғам активінен оның пассиві минусталады) орналастырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.

    Қоғам жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағаммен (курспен) сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында қоғамның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Қоғам жабылғанда бұл акциялар ак­ционерлерге активтің белгілі-бір бөлігін (номиналдық күнының емес) алуға кепілдік береді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   219




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет