Артықшылықты (немесе преференциалды) акциялар - меншік туралы ерекше сертификат. Олар қоғам түсірген пайданың деңгейіне қарамастан өз иесіне белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференциалды акция дауыс құқығын бермейді. Ол - дауыссыз бағалы қағаз. Осыған байланысты берілетін артықшылыктар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді. Алайда, артықшылықты акция иемденуші – акционерлер қоғамды жабу туралы шешім қабылдайтын болғанда ғана жалпы жиналысқа дауыс беру құқығымен қатыса алады.
Артықшылықты акция иемденушісінің мүддесін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивидендтер басқалардан бұрын төленеді. Сондыктан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екігі бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция бойынша да дивидендтер ағымдагы жылда түскен таза пайданың бір бөлігінен төленеді. Қоғам бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер қоғам артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін - екінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа сери-яларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артыкшылық әртүрлі тәсілдермен: дивиденд төлегенде, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда жүзеге асырылады.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына: қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және куму-лятивтік емес, айырбасталатын және айырбасталмайтын болып бөлінеді. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару қоғамның жарғысында қарастырылады. Акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалану мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Атап айтқанда:
үстеме пайданы бөлуге қатысу;
хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;
• акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |