5.4. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және өсімқорлық (ростовщиктік) несие түрлерімен тығыз байланысты. Олар вексель және коносамент сияқты қарыз міндеттемелерінің пайда болуына әсер етті. Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байланысты. Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау XIX г. ортасында өрістей бастады. Осы кезде нарыққа қатысушылар да белгілі бола бастады. Алғашқыда бағалы қағаздармен жеке адамдар (трейдер - аторней) және банк қызметкерлері айналысты. Кейіннен бұл іске заңды тұлғалар да кірісті.